БАСЫҚАРА ДАТҚА МЕН МӨҢКЕ БАЛА
Басықара деген ақты көз датқа әр нәрсеңі сылтау ғып, қазаққа зорлық қыла берсе керек. Бір жолы Арқа қазағының кісінеген айғырының дауысынан Сырдағы елдің әйелі бала тастады дбген сылтаумен барымта алады. Сол малдың артынан үш-төрт қуғыншы шығады. Жолаушылар бір ауылға келсе, қой шетінде ақсақ бала тұр екен.
Бұл кімнің ауылы?— дейді жолаушылар.
Мезгілбайдың ауылы,— дейді бала.
Бұл ауыл қонған қонаққа не тамақ береді?
Еті бар үйге кездессең етін береді, еті жоқ үйге кездессең, бары мен ниетін береді,— дейді бала.
Мұнан әрі ел бар ма?
Әттегененің ауылы бар.
Онан әрі кім бар? ,
Түнқатардың ауылы бар.
Онан әрі ше?
Таңатардың ауылы бар.
Жолаушылар жүріп кетті. Өкінді. Түнғатты. Таң атты. Ертең ашуланып қайтып кеп, баладан айып сұрап биге жүгінді. Бала да, жолаушылар да жоғарғы сөзді айтты. Би жолаушыларға баланың сөзіне түсінбегенін айтып, баланы жолбасшы ғып береді. Бұл бала Мөңке еді. Мөңке Басықара датқаның еліне жүрерде бір түйе, екі кебеже, бір теке ала шықты.
Датқаның ауылына таянғаннан бастап алдынан үріп шыққан итті атып тастай берді. Датқаның екі қара тазысын да атты. Датқа ашуланып:
Қайдан келесіңдер?— дейді.
Арқаның елшісімін,— дейді бала.
Еліңнің кең қарын кемеңгері, үлкен ақсақалы қайда?— дейді Датқа.
— Ақсақ аяқты қиылтқалы келдім.
Ақты көзді сылытқалы келдім.
Арадағы жел сөзді құрытқалы келдім,— дейді бала.
— Иттерді неғе аттың?— дейді датқа ілік іздеп.
Тақсыр, осы елдің итінің үргенінен біздің елдің қойы үркіп далаға шығып кетіп, қасқыр қырып жүр,— дейді бала.
Сенің еліңе біздің елдің итінің дауысы қайдан же-
теді?— дейді датқа.
Тақсыр, біздің елдің айғырының даусы сіздің елге қалай жетті?— дейді Мөңке бала сонда.
Датқа жеңіліп, жолаушыларды бітім беріп қайтарған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |