АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
2001 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Конституциялық заңды Республика Конституциясына сәйкестiгi мәнiнде қарауды сұраған өтiнiшi келiп түстi.
Премьер-Министрдiң өтiнiшiн қарап шығып, Конституциялық Кеңес, бұл Конституциялық заң мазмұндық және процессуалдық сипаттағы бiрқатар ережелерi бойынша Республика Конституциясына сәйкес емес деген ұйғарымға келдi.
Мәселен, бұл заңдық кесiм қазiр қолданылып жүрген "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына бiрқатар толықтырулар енгiзiп, оларды күшiне енгiзу мемлекеттiк шығысты көбейтудi қажет етедi:
- 25-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылған: "3. Парламент депутатының штаттағы көмекшiлерi және қоғамдық негiзде жұмыс iстейтiн көмекшiлерi болуы мүмкiн.";
- 29-бап Республика Парламентiнiң жанынан ғылыми-консультациялық кеңес пен баспа органы құрылуы мүмкiндiгiн белгiлейтiн 3-тармақпен толықтырылған;
- 30-бап мынадай мазмұндағы 3-1-нормамен толықтырылған: "3-1. Сайлау округтерiнде депутаттық өкiлеттiктi жүзеге асыру үшiн iссапар кезеңiне жергiлiктi атқарушы орган депутатқа қызметтiк үй-жай және автомобиль көлiгiн бередi.".
Бұл аталған нормаларды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қорытындысы бойынша, республикалық бюджеттiң де, жергiлiктi бюджеттердiң де шығысын көбейтудi қажет етедi.
Сонымен бiрге Республика Конституциясының 61-бабы
6-тармағына сай, мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заңдардың жобалары Республика Үкiметiнiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Депутаттар тобы қаралып отырған заңның жобасын Парламент Мәжiлiсiне енгiзер кезде оған Үкiмет 2000 жылғы
21 қыркүйекте N 13-4/8021 терiс қорытынды берген.
Жоғарыда баяндалғанды ескерiп, Конституциялық Кеңес, бұл аталған толықтырулар Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 6-тармағының талаптарын бұза отырып қабылданған
деп есептейдi.
Конституциялық Кеңес сондай-ақ Парламент қабылдаған Заңда өзiнiң мазмұны жағынан Конституцияға қайшы келетiн нормаларды тауып отыр.
Мәселен, қаралып отырған Заңның, Парламент депутатының штаттағы көмекшiлерi болуы мүмкiн деген нормасы (10-тармақтың 2) тармақшасы) Республика Конституциясының 44-бабы
9) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 9) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы 12 қарашадағы N 14/2 қаулысына қайшы келедi. Атап айтқанда, бұл қаулымен, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын тиiстi органдар қызметкерлерiнiң жұмысын ақшалай қамтамасыз етудiң көлемi мен шарттары жөнiндегi түпкiлiктi шешiмдi, бұл органдардың жалпы штат санын анықтау, мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмдерiн және санаттарының тiзбелерiн белгiлеу негiзiнде, Республика Президентi қабылдайды деп түсiндiрiлген.
Одан тыс, осы Заңның 2-бабында "8-баптың 3-тармағындағы "өздерiнiң құзыретiне" деген сөздер, "осы тұлғалардың құзыретiне" деген сөздермен ауыстырылсын." деп көзделген. Бұл нормадан келiп шығатыны, мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының лауазымды тұлғалары, олардың сессияға қатысу қажеттiгi туралы Парламенттiң немесе оның Палаталарының шешiмi қабылданса, Парламентке келiп өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi түсiнiктер беруге мiндеттi.
Алайда, Конституцияның 3-бабының 4-тармағына сай Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас және де ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну принципiне сәйкес жүзеге асырылады. Бұдан келiп шығатыны, билiк тармақтарының әр бiрiне белгiлi бiр өкiлеттiк берiлген. Республика Конституциясы Парламенттiң, оның Палаталары өкiлеттiгiнiң толық тiзбесiн белгiлейдi және Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жолынан басқа, оларды кеңейтуге рұқсат бермейдi. Бұл норма "Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiгiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57-баптарын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы
15 қазандағы N 17/2 қаулысында баяндалған. Демек, өзiнiң конституциялық өкiлеттiгiнен келiп шығып, Парламент мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының лауазымды тұлғаларын оның (Парламенттiң) құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ғана қажеттi түсiнiктер беруге мiндеттеуге хақылы.
Қабылданған заң кесiмiнiң 8-тармағы арқылы қолданыстағы Конституциялық заңның 19-бабының 3-тармағы "Республика Президентi Парламент қабылдаған заңның Конституцияға сәйкестiгi туралы Конституциялық Кеңеске жүгiнетiн жағдайларды қоспағанда." деген сөздермен толықтырылды. Бұл ереже Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына кереғар, өйткенi оған сай Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн тек Республика Президентiнiң өтiнiшi бойынша ғана емес, Сенат пен Мәжiлiс Төрағаларының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiштерi бойынша да қарайды, ол да сондай-ақ заңға қол қою мерзiмiнiң тоқтата тұрылуына әкеп соқтырады.
Осылайша, қаралып отырған Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi және Конституцияның 74-бабының 1-тармағына сай оған қол қойылмайды және күшiне енгiзiлмейдi.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
Достарыңызбен бөлісу: |