4) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру
ұйымдарына өтеусiз негiзде берiлген мүліктің құнын;
5) ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысы
бойынша ғылыми-зерттеу,
ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық деп танылған
жұмыстарды орындауға тиісті салық кезеңдерінде нақты жұмсалған шығыстардың 50
пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар. Осы тармақша Қазақстан Республикасының
аумағында көрсетілген жұмыстардың нәтижесі енгізілген жағдайда, өнертабысты,
пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган салық төлеушіге берген, осындай жұмыстарды жүзеге
асыру нәтижесінде алынған
өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған қорғау құжаттары болған кезде қолданылады.
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстарға жатқызылатын жұмыстардың тізбесін, Қазақстан Республикасының
аумағында
ғылыми-зерттеу,
ғылыми-техникалық
және
(немесе)
тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау тәртібін, сондай-ақ
қорытындының нысаны мен оны беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді. Бұл ретте салық төлеушінің қорғау құжатын алуға арналған шығыстары ғылыми-
зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды
орындауға арналған шығыстар деп танылмайды.
2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты:
1) негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке
инвестициялардың, биологиялық
активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыны;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есебіне жатқызу күні Қазақстан
Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын
осындай сыйақыны;
3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша
сыйақыны;
3-1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден шеккен залалдарға
азайтылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды
өткізу кезінде құн өсімінен
түсетін табыстарды;
3-2) агенттік облигацияларды өткізуден туындаған залалдарға азайтылған агенттік
облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда
гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құнын;
5)
республикалық
мемлекеттік
кәсіпорын
мемлекеттік
органнан
немесе
республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі
негізінде өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құнын;
6) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізуден
туындаған залалдарға азайтылған, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды,
қатысу үлестерiн өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар.
Осы тармақша бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды
немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе
қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға
қатысушының жер
қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері
құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері
жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар
(жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау
талаптары орындалған кезде қолданылады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер
қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның
мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
7) өткізу күнi Қазақстан Республикасының аумағында
жұмыс iстейтiн қор
биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық
сауда-саттық әдiсiмен өткізуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткізу күнi Қазақстан
Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде
болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткізу
кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға азайтуға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: