Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу



Pdf көрінісі
бет108/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

134-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің мақсаты үшін акционерлік қоғамдарды, мекемелерді және пәтерлер 
(үй-жайлар) иелері кооперативтерінен басқа тұтыну кооперативтерін қоспағанда, 
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін 
белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметін қоғамдық мүддені көздеп жүзеге асыратын 
және мынадай талаптарға сай келетін: 
1) осындай қызметіне орай табыс алу мақсаты жоқ; 
2) алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым 
коммерциялық емес ұйым деп танылады. 
2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттік әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға 
арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кіру жарналары және 
мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және 
демеушiлiк көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдық 
түріндегі табысы, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шарттар сақталған жағдайда, 
салық салуға жатпайды. 
Осы тармақтың мақсаты үшiн:
ортақ мүлiктi күтiп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға 
бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң мiндеттi төлемдерi; 
тұтастай үйдi қажеттi пайдалануға мiндеттi және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын
үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерiне олардың келісімiмен жүктелген қосымша 
шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң төлемдерi; 
үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi мiндеттi төлемдер мерзiмiн өткiзiп алған 
кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген 
мөлшерде есептелген өсiмпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып 
танылады.
Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшерi және оларды енгізу тәртібі 
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актiсiнде 
белгiленген тәртiппен үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кооперативi мүшелерiнiң 
жалпы жиналысында бекітіледi. 
3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық 
емес ұйымның табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. 
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстар жалпыға бірдей белгіленген 
тәртіппен салық салуға жатады. 
Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған 
табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын 
табыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті. 
5. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған 
кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімдерге жатқызылатын сомасы 
салық төлеушінің таңдауы бойынша барабар немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады. 
6. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасы 
барабар әдісі бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстардың үлес 


салмағы негізге алына отырып, коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы 
сомасында айқындалады. 
7. Салық төлеуші бөлек әдіс бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген 
табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық 
салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргізеді. 
8. Осы баптың ережелері: 
1) осы Кодекстің 135-1-бабына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары; 
2) осы Кодекстің 135-бабына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын 
ұйымдар болып танылатын коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет