Қазақстан республикасының орта



бет57/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

7-сынып

8-сынып

Тыңдалым және айтылым

әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырып- тарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалар дан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау

әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау

Оқылым

публицистикалық және ресми стиль
ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

публицистикалық және ғылыми стиль
ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

Жазылым

жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме
құрастырып жазу

жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, тезис
құрастырып жазу



«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде)
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады.
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 5-9-сыныптардағы оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.


Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.


«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып, жүзеге асыру көзделеді.



Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға бөлінген апталық оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (28-сурет).




  1. кесте. Оқу жүктемесінің көлемі

Сынып


Оқу пәнінің атауы



Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары
(жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

5

Қазақ әдебиеті

2

68

2

68

6

Қазақ әдебиеті

2

68

2

68

7

Қазақ әдебиеті

2

68

2

68

8

Қазақ әдебиеті

3

102

2

68

9

Қазақ әдебиеті

3

102

2

68


«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығымен 9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында К.Гамсунның «Аштық» романының орнына Қажығали Мұхамбетқалиевтің «Тар кезең» романы енгізілген.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:

  1. түсіну және жауап беру;

  2. анализ және интерпретация;

  3. бағалау және салыстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет