БАҒдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы 5В010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы



бет13/15
Дата24.04.2017
өлшемі4,41 Mb.
#15076
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Шәкәрім Құдайбердиев

 

Абайдың жолын қуған және одан үлгі алған, ойшыл- философ, ғалым-тарихшы, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы 1958 жылы 11 шілдеде Семей уездінің Шыңғыс волостындағы Кең-бұлақта Құнанбай басқарған Тобықты руында дүниеге келген. Әкесі Құдайберді Абайдың үлкен ағасы. Шәкәрімнің анасы – Төлебике Қаракесек руынан Алдабергеннің қызы. Шәкәрімнің шығармалары оның өмір жолы және творчестволық қызметі туралы мәліметтер мен нақтыларды сақтайды.

 Әкесі Құдайберді Шәкәрімді 5 жастан бастап ауыл молласына оқуға береді, молладан араб және персі сауаттылығын тез үйренеді. 7 жасында жетім қалғанына қарамастан билік құрған Құнанбай атасының қорғауында Шәкәрімнің жас бала, бала, боз бала кездері қамсыз өтті. «Марқұм атам мені жетім деп есіркейтін, сондықтан оқытам деп көп қиналған жоқ, содан болар кейбір деңгейде оқуға деген ынтам да болған жоқ, ойыма келгенін жасайтын едім, оқу мен тәрбиеге қатысты қатаңдық көргенім жоқ,» - деп еске алатын Шәкәрім.

 Шәкәрім шамамен 1898 жылдан бастап, қырықтан асқан кезінде творчествоға бүтіндей бет бұрды. Белгілі бір жүйеде батыс және шығыс әдебиеттерін үйрене бастады. Сол кезде ол Шығыстың Хафиз, Физули, Навой сияқты ақын және ойшылдарының мұраларымен, сондай-ақ Байронның, Пушкиннің, Толстойдың шығармаларымен танысты. Әдебиет, тарих, философия, саз, риторика, жаратылыс ғылымдары, география, осының бәрі оны қызықтыратын.

 ХХ ғасырдың басы Шәкәрімнің творчестволық қызметінің атағы шыққан уақыт. 1906 жылы ол Меккеге, Мысырға, Стамбулға барып, сатып алған кітаптарын Семейге пошта арқылы жібере жүріп, кітапханаларда жұмыс істеген. Оның өмірінің соңғы кездері 1905-1907 жж. революциямен, столыпин әсерімен, бірінші дүниежүзілік соғыспен, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыспен, февраль және октябрь революциясымен, азаматтық соғыспен, кеңес үкіметінің орнауымен, коллективизациямен тұстас келеді.

 Шәкәрім Ресей мен Қазақстан арасында болған көптеген елеулі жағдайлар мен өзгерістердің куәсі болған. Ол «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы, 1920-1921 және 1930-1931 жылдарғы аштық, 1928 жылғы жаппай конфискациялау – осының бәрі ақынның дүниеге көзқарасына үлкен әсер етті.

 Шәкәрім 1912-1922 жылдары өзін бүтіндей ғылым мен творчествоға арнап Кеңқонысорнында тұрған. 1931 жылғы 2 қазанда Шәкәрім кінәсіз сотталады және құпия түрде атылады. Ұлы талант иесі, үлкен ғалым көп жылдар бойы ұмытылып қалды.

 Құдайбердіұлының тірі кезінде оның «Қазақтар айнасы» кітабы, «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» поэмалары басылып шықты. 1913-1924 жылдары «Абай», «Айқап», «Шолпан» журналдарында, «Қазақ» газетінде бөлек өлеңдері, мақалалары мен эсселері жарияланды. «Абай» және «Шолпан» журналдарында Хафизден аударған аудармалар мен Физулидің «Лейлі мен Мәжнүн» поэмасының аудармасын басып шығарды. 1936 жылы Алматыда «Әдебиет майданы» журналына Пушкиннің «Дубровский» мен «Метель» поэтикалық аудармалары жарияланды.

 Бұрынғы ССРО-ның прокуратурасының 1958 жылғы 29 желтоқсандағы Шәкәрімді қылмыстық жасамағаны үшін ақталғаны туралы шешіміне қарамастан, ақынның творчествосына тыйым салу тоқтамады. Бірақ халық ақынның шығармаларын есінде сақтады. Қазақ интеллигенциясы Құдайбердиевтің шығармаларын ресми түрде қайта қарауды талап етті. Тек 1986 жылдан кейін ғана Шәкәрімнің поэзиясын халыққа қайтаруға мүмкіндік туды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы
 

Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық дүниетанымын, оның тарихи санасының қалыптасуы мен шығармашылық жолын зерттеу барысында, жан–жақты талдау қажет ететін бірнеше мәселелерді кездестіреміз. Солардың бірі рухани жолда өзіне ұстаз тұтқан орыс халқының ұлы ойшылы Л.Н. Толстой мен Шәкәрімнің арасындағы рухани жақындық туралы мәселе.

Сөз жоқ егер біз бұл ойшылдардың арасындағы рухани жақындық туралы ой қозғасақ ең алдымен оларға ортақ рухани жол, ілім ислам дінінің болғандығы шындық. Л.Н.Толстой мен Шәкәрімнің де адамгершілік қағидаларына ислам дінінің гуманистік идеялары ерекше әсерін тигізген. Оны ойшылдардың өздері талай айтып, жазып та кеткен.

Дегенмен мәселенің екінші жағы бар. Бұл жерде әлем ойшылдарының арасында ислам дінін мойындап, оған ерекше құрметпен қараған ойшылдарды шығыс халықтарының арасынан іздемегеннің өзінде, батыста Гете, орыс халқында Пушкиннің ислам мәдениетіне деген көзқарасы қаншалықты болғаны белгілі. Бірақ Шәкәрім сияқты ойшыл дәл осылардың ішінде неге Толстойды өзіне ұстаз тұтып, оның көзқарастарын жоғары бағалады деген заңды сұрақ туындайды.

Жалпы Толстой өз заманында қазақ ойшылдарына біршама әсер етіп, оның әңгімелерін Әлихан Бөкейханов («Бір уыс бидай»), т.б. жазушылар да аударып, ХХ ғасырдың басында “Қазақ” және басқада газеттерде жариялаған болатын.

Бірақ Толстойға өлең арнап, оған жақтас болып, оны ерекше бағалап ұстаз тұтқан Шәкәрім болды. Неге?

Мәселеге бірден кіріспей тұрып ойшылдың Л.Н. Толстоймен хат алысқаны туралы дерекке көз жүгіртсек, бұл жайында Шәкәрімұлы Ахат және басқа да зерттеушілер талай рет жазған болатын.

Шәкәрімнің ұлы жазушы Толстоймен рухани байланыста болған. Ол Толстойға хат жазып үш түрлі сұрақ қояды. Бұл хаттың өзі сақталмағанымен, Шәкәрімнің ұлы Ахатқа айтқан естелігі арқылы біздің заманымызға жетіп отыр [1].

“Адамның арына ең ауыр тиетін не нәрсе? Ірі шығармалар жазуға бет алдым, бұған қандай кеңес бересіз? Жазушы өз шығармасының қатесін қандай әдіспен көріп, сынап түзеуге болады”– деген сұрақтарды Толстойға хат арқылы жіберген Шәкәрім, оларға жауап та алған.

Толстой: “Адам көпшілікке, жалпы қоғамға зиян келтіретін ақиқат істі біліп, соны үш нәрседен қорғанып, айтпай қалса, сол арға ауыр тиеді. Бірінші, сен өте бай болып, сол ақиқатты айтсаң байлығыңа зиян келсе, екінші, сен мансап иесі болып, сол ақиқатты айтсаң мансабыңнан айрылатын болсаң, үшінші сол ақиқатты айтсаң басың жазаланатын болса. Міне осы үш түрлі зардаптан қорғанып, көпке зиян келетін ақиқаты біле тұра айтпай қалсаң, арға ең ауыр тиетін осы”– деп жауап қайырады.

Екінші сұраққа, “Сенің жазған шығармаларың өзің сол оқиғаға қатысқандай шынайы болуы қажет”. Үшінші сұраққа, “Жазушының артық қасиеті – өз қатесін көріп, соны түзей алуы. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді...

“...Егер адам өз істеген ісін, жазған сөзін ақ жүрегіне сыната білсе, ақ жүректің нәзік сезімі ашып бере алады. Ақыл толғауынан өткен қортындыны жүрек елегінен өткізу керек. Жүрек ықпалына беріліп дағдыланған адам өз мінін де, басқаның мінін де көре алады. Сондықтан әділ сыншы – ақ жүрегің”– дейді [2].

Толстойдан философиялық мәні терең осындай тағылым алған Шәкәрім, өз шығармашылығында бұл қағидаларды берік ұстана білді. Оны игілікті ар жолында іске асырды. Үнемі терең тағылымнан қуат алып отырды. Шәкәрімді Толстойға жақындастыра түскен себептің бірі осы рухани қуат еді.

Шәкәрімнің философиялық көзқарастарының ерекшелігі сонда, ол адамның ішкі рухани дүниесіне ерекше көңіл бөліп, қоғамдық процестерді адамдандыруға тырысты. Қоғамдық қатынастардан адамды іздеуге тырысты.

Шәкәрім әрбір қоғамдық қатынастардан адамды, оның мәнін іздеді. Адамның адамдық мәніне сәйкес келмегенде оларды сынға алып отырады. Бірақ Шәкәрім өз заманындағы қоғамдық процестерден адамды тапқан жоқ. Қоғамдағы саяси әлеуметтік жағдай, қоғамдық ортаны адамдандыруға мүмкіндік туғыза алмады. Бұл ойшылдың қалыптасқан қоғамдық қатынастарды жатсынуына себеп болды. Қоғамдық қатынастар адамнан жоғары тұрған кезде жатсыну басталған еді.

Шәкәрім мен Толстойдың арасындағы рухани жақындық осы жатсыну процесі барысында нығая түсті. Толстой Ресей жеріндегі саяси–әлеуметтік қатынастарды жатсынса, Шәкәрім қазақ топырағындағы әлеуметтік қатынастарды жатсынды.-саяси

ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен жиырмасыншы ғасырдың басында, қазақ қоғамындағы әлеуметтік жағдай Ресей империясындағы саяси–әлеуметтік жағдаймен тікелей байланысты болды деп толықтай айта аламыз. Патша үкіметінің озбыр саясатына шыдай алмаған оның қол астындағы барлық халықтардың тағдыры, ортақ қиындықты бастан кешірді. Сол кезде Ресей жерінде де, қазақ топырағында да көзі ашық, көкірегі ояу адамдар бұл жағдайдан шығудың жолын іздеп, халықтың ауыр хал күйін жан тәнімен түйсінді. Әсіресе, Ресей жерінде Л.Н. Толстой өзінің бүкіл шығармашылығын сол замандағы халықтың тағдырына арнап жазып, өз шығармаларында бүтіндей бір дәуірдің бейнесін, хал күйін суреттеп кеткен еді. Ол патшаға бірнеше рет хат жазып халықтың мұң мұқтажын жеткізген болатын. Сол кезде, қазақ қоғамында, Л.Н. Толстойдың шығармалары, қазақ тіліне аударылып, ұлы ойшыл халық көсемі ретінде ерекше құрметке ие бола бастады. Қазақ топырағынан Л.Н. Толстойдың адамгершілік қағидалары мен халыққа деген ілтипатын ерекше жоғары бағалаған ойшылдардың бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы еді.

Л.Н. Толстойдың көптеген шығармалары патша үкіметінің халыққа жасаған қанаушылық әрекетін сынауға бағытталды. Толстой өзінің “Не істеу керек?” деген шығармасында ресей қалаларындағы қайыршы шаруалардың аянышты хал күйін, олардың қаңғыбастық өмірі, қаналушылығын ерекше суреттеген болатын.

Патша өкіметінің салықты күшейту арқылы қарапайым халықты қанауы, Қазақстан жерінде де өз күшінде іске асты. Патша үкіметінің бұндай саясаты адамдардың еркіндігін аяққа басып, олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырды. Қоғамдық ортада қалыптасқан бұндай жағдай, көп ұзамай, 1905–1907 жылдардағы төңкеріске әкеліп соққан еді.

Л.Н. Толстой өзінің шығармалары арқылы, халқының құқықтық санасының оянуына, ала түсініп, патшаны-ерекше ықпал жасады. Ол төңкерістің болатынын алдын халықтың мүддесін ойлауға шақырды.

Ол 1902 жылы Николай патшаға хат жазады.

Патшаға жазған хатында “...Әскер күннен күнге күшейуде. Түрмелер саяси қуғын көргендерге толы. Енді олардың қатары жұмысшылармен толығуда...

...Діни қудалаулар дәл бүгінгідей қатал және жиі болған емес, олардың күн өткен сайын озбырлығы асқынуда. Барлық қалалар мен фабрикалық орталықтарда халыққа қарсы қаруланған әскер орналастырылған. Көптеген жерлерде қантөгістер де болды, әлі де бұндай қантөгістер бола бермек...”– деп ескертеді [3].

Толстой патшаға халықтың арасындағы қайыршылықтың күнделікті жағдайға айналғанын ашына жазды.

Шіркеулер патша үкіметінің саясатын қолдап, саяси құралға айналған дәуірді халық басынан кешірген болатын. Толстой өз хатында Синодтың патшаға берген есебінің жалған екенін, православиені қолдамайтын адамдардың еркіндігін аяққа басқан шіркеуліктердің әрекетін, сынға алды. Тіптен ол христиан дінінің адамның еркіндігін шектеп отырған әрекетінен мүлдем бас тартып, ислам дінінің адамгершілік қағидаларын, адамсүйгіштік идеяларын қолдап, ислам дінін өзіне ең жақын дін деп санады.

Толстой патшалық державаның тозығы жеткен билеудің формасы екенін айта келе, санасы оянып келе жатқан орыс халқы үшін гуманистік қоғам құруды ұсынды. Патшалық державалық және сонымен байланысты православиелік билікті қолдау Толстой үшін, қоғамдағы қанаушылықты қорғаумен бірдей еді.

Сонымен қатар Толстой Николай патшаға жазған осы хатында, жерді ірі жер иеленушілерден, қарапайым халыққа беруді талап етеді.

“Күштеу арқылы халықты аздыруға болады, бірақ басқаруға болмайды. Біздің уақытымызда халықты басқарудың ең негізгі құралы, халықты зұлымдықтан махаббатқа, түнектен жарыққа бастай отырып, осы жолдан нәтижие шығару.

Ал бұны жасайтындай жағдайға жету үшін, ең алдымен халыққа өзінің мұң мұқтажын айта алатындай мүмкіндік беріп және соған құлақ асып, солардың ішіндегі барлық халықтың талабына сай дегендерін орындау қажет”– деп жазды [4 ].

Толстойдың ойынша егер халықтың мұң мұқтажына құлақ түрсек, халық мынадай талаптар қояр еді;

“Алдымен жұмысшы халық азаматтардың құқықтарын қанағаттандыра алмайтын заңдардан құтқаруды сұрайды. Содан кейін дамуға, алға басуға деген еркіндікті талап етеді. Халықтың рухани қажеттілігіне сай сенімді қабылдау және оқуға деген еркіндік. Сонымен қатар жүз миллиондаған халық бір ауыздан жерді пайдалану бостандығын, жерге деген жеке меншікті жоюды талап етер еді” [4].

Толстой өзінің барлық күш қайратын осы тілектердің іске асуына жұмсады.

Толстойдың бұндай қайраткерлігі шіркеуліктердің тарапынан сынға ұшырап, кейін синод жарияланып, қуғын көрді. Осы кезде Толстойдың бұл арман тілегін жан тәнімен бағалай білген, оның көзқарастарының халық үшін, жеке адам үшін маңыздылығын жан тәнімен түсінген Шәкәрім;

“...Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың,

Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың.

Жанымен сүйді әділет ардың жолын,

Сондықтан ол иессі терең ойдың.

Толстой кәпір емес, кәпір өзің,

Дін емес, бәрі алдау айтқан сөзің.

Көңілің соқыр, надансың, бейлің қара,

Нұр жарығын қалайша көрсін көзің ?!

Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа,

Сопының бара қойман құрбанына.

Ақиқат сырымды айтсам – Толстойдың

Мың сопыны алмаймын тырнағына...” –

деп, адамның ішкі рухани еркіндігін жоғары қойған Толстойдың көзқарасын өте жоғары бағалап, өзі осы жолда Толстойды ұстаз тұтқан еді [5].

Л.Н. Толстой өз заманында халықты санасын оятқан, рухани көшбасшысы болды. Ақыры санасында еркіндік идеясы пісіп жетілген халық, 1905 жылы патша үкіметіне қарсы төңкеріс жасаған еді. Кейін комунистік партичның көсемдері “Толстой орыс революциясының айнасы” деп бағалаған болатын. Бірақ олар Толстойдың патша үкіметіне қарсы күресін өз саясаттарына ыңғайластыра пайдаланып, оның шығыс мәдениетіне деген ерекше ілтипатын сынға алды.

Шынымен Л.Н. Толстойдың барлық шығармашылығы адамның ішкі рухани еркіндігі жолындағы күреске арналған еді. Бұл жолда оның “Арылу” атты шығармасы өз заманындағы діни қағидалардың адамның рухани бостандығы жолындағы қарама–қайшылығын ашып берген туынды болды. Онда ол христиан дінінің адамның рухани бостандығына қарсы әрекетін ерекше сынға алды. Толстойдың ойынша адамның рухани еркіндігін шектеген дін ол зұлымдықты тудырады.

Толстой өзінің “Соғыс және бейбітшілік” атты шығармасында зұлымдыққа қарсы күреспеу идеясын ұсынды. Зұлымдыққа қарсы күресу үшін адам одан өткен зұлымдық жасауы қажет. Ендеше зұлымдыққа қарсы күреспеу дұрысырақ.

Батыстағы мемлекеттерде адамды жазалау, қоғамдық дамудың қажетті құбылыстары ретінде қабылданған жолды Толстой қолдамады.

“Адамзаттың алға қарай өрлеуінің ортақ заңы деген жоқ”– деп мәлімдейді Толстой. Мұны бізге қимылсыз жатқан шығыс халықтары дәлелдеп беріп отыр [6].

“Мен Еуропада болдым, ондағы адамның басын кесу арқылы жазалауды өз көзіммен көргенде, адамзаттық даму дегенге сенуден қалдым”– деп Толстой толғана жазған болатын. Сондықтанда ол шығыстың адамның ішкі жан дүниесіне, оны жетілдіруге бағытталған ілімін қолдаймын деген еді.

Батыс адамы дүниемен, табиғатпен, өзі сияқты басқалармен күресуде. Шығыс адамындағы күрес пафосы – керісінше: ол өзімен–өзі, өзіндегі толымсызбен күреседі.

Шығыстың адамгершілікке негізделген мәдениеті Толстой үшін, нағыз адамға махаббатпен қарайтын жол болып саналды.

Кейін кеңес өкіметінің көзқарасы бойынша, Толстойдың революциялық көзқарасы бағаланғанымен, оның шығысқа бетбұрушылығын кеңес өкіметі онша жақтыра қойған жоқ.

Толстой адамның ішкі рухани бостандығын шын өмір деп бағалайды. Дәл осы қағида кейін Шәкәрімнің барлық шығармаларында жетекші идея болғанын аңғаруға болады.

Толстойдың адамның рухани еркіндігі туралы идеясы, оның қоғамдық ортадағы ықпалы Шәкәрім үшін ең айтулы қағидаға айналды.

Бұл жерде Руссо ұлы Француз төңкерісі үшін қандай рухани көсем болса, кейін Ресей жеріндегі буржуазиялық төңкеріске (1905–1907) халықтың санасын тәрбиелеген, өзінің бүкіл шығармашылығымен ықпал жасаған Л.Н. Толстойдың дәл сондай қайраткерлік танытқанын айта кету керек. Шәкәрімде Толстойдың патша үкіметіне қарысы идеяларын қолдап, мәселенің мәнін жақсы түсінген еді.

Патша үкіметінің озбыр саясаты, қазақ жерінде де ресейдегі жағдайды тудырды. 1905 жылғы төңкеріс кезінде, Қазақстанның түпкір–түпкірінен, патша саясатына қарсы петициялар жарияланып жатты.

1906 жылы алтыншы қаңтарда Ақмола, Семей облыстарында әскери жағдайды нығайту жөніндегі патшаның нұсқауы қабылданды. Астына Николай патшаның қолы қойылған бұл нұсқауда;

“Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, далалық генерал–губернаторлығында тәртіп бұзушылықты тоқтату үшін қажет деп табылды:

1. Ақмола және Семипалатинск облысында елді мекендер жайындағы қабылданған ережелер сақталсын...

2. Әскери жағдайдағы елді мекендерде қоғамдық тыныштық пен тәртіп күшейтілсін...”– деп жазылған (қысқартылып алынды) [7].

Жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын баяндайтын петициялардың мазмұнынан төңкеріс кезіндегі қазақ халқының саяси–әлеуметтік жағдайын аңғаруға болады.

Мәселен, “Қояндыда қабылданған Қарқаралы петициясы ІІ тармақтан тұрса, онда қамтылған талап тілектерді үлкен үш топқа бөлуге болады:

1. Оқу ағартудың жолға қойылуы.

2. Қазақтың өз жерін өзінің меншігі деп табылуын талап етуі.

3. Қазақ елін басқару жөніндегі “Далалық Ереженің” бүгінгі қазақ өміріне сай қайта өзгертілуін талап етеді.

Саяси сауаттылықпен жазылған петиция патшалық Россияның отаршылдық саясатының бар болмысын, әдіс–айласын, қат–қабат қырларын мейлінше терең ашуға ұмтылған алғашқы айбынды үн еді...” [8].

Петицияның мазмұнындағы талап тілектер ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының, соның ішінде Шәкәрімнің де арман тілегімен үндесіп жатты.

Қоғамдағы қарама–қайшылыққа толы кезеңде Шәкәрім іштей халықпен бірге болды. Ол халықтың рухани еркіндігін аңсады.

Патша үкіметі Қазақстанның кең даласындағы ен байлықты өзінің шикізат қоймасына, елді өндіріс тауарларын сататын сауда аймағына айналдырғанын. Патша әкімшілік органдар бастықтары мырзалық жасап, қазақтың шұрайлы жерлерінің әр десятинасын он тиыннан оңды–солды сатты.

Отарлау саясаты қазақтардың тек материалдық жағдайын ғана емес, сонымен бірге рухани адамгершілік мүддесін де қысымға салғанын зеррттеушілер талай жазған болатын.

Шәкәрім ендігі жерде қазаққа өз мәдениетін сақтап қалу үшін халықтың санасын оятуды қажет деп білді.

Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы.

Қазақ қайтіп ел болар, қарағым–ау?

Бұл ұзамай құриды, сөздің расы.

Николайдың иісі осы елде тұр,

Оңдырмайды сәулесіз өңкей масы [5].

Шәкәрімнің ойынша сол кездегі қоғамдық ортаны түзету үшін алдымен адамды түзету қажет. Ақ патша үкіметі ұстанған саясат, Шәкәрімнің ойынша ондай мүмкіндікті қанағаттандырмайды. Ендігі мақсат рухани еркіндікке жету. Ол үшін адамның еркіндігін көксеген қоғам орнату қажет. Патша үкіметін құлатқан соң орнаған кеңес үкіметінің де адамға деген көзқарасы түзелудің орынына тіптен сорақыланды. Шәкәрімнің кеңес үкіметі кезеңіндегі шығармашылығы мен оған деген көзқарасы туралы мәселе өз алдына бөлек тақырып.

Қоғамдық өмірде Шәкәрім үнемі адамды ең басты орынға қойып, оның бақыты мен болмысын әрқашанда негізгі мәселе ретінде қарастырады. Алдыңғы қатарлы деп саналып келген демократиялық орыс мәдениеті, империяның отаршылдық саясаты, Еуропа мен шығыстың рухани мұралары, мұсылмандық пен христиан мәдениеті, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындығы рухани өмірге тікелей ықпалын тигізген негізгі қайнар көздер болды. Міне, осы ғасырлар тоғысындағы адамның рухани дамуы, ойлау еркіндігі, қаншалықты дамуда, қай жолмен жүрген дұрыс деген сұрақтар Шәкәрімді толғандырмай қоймады.

Христиан дінінің ендігі жердегі шынайы адамшылықтан алшақ кеткенін Шәкәрімдей қазақ ойшылы Толстой арқылы түсінді. Бұл жолда қоғамдық ортадағы адамның еркіндігі, бақыты туралы мәселе Толстойды да, Шәкәрімді де толғандырған сұрақтар болды. Адамның ішкі жан (ар–ұждан) дүниесіндегі рухани дамуы туралы мәселеде екі ойшылды біріктіріп тұрған шығыс мәдениеті еді. Сондықтан бұл жолға олардың қоғам және адам өміріндегі қарама–қайшылық арқылы келгенін ұмытпасақ, ойшылдардың арасындағы рухани байланысты түсінуге деген ғылыми, нақтылы көзқарас пайда болары сөзсіз.

Сонымен Толстой мен Шәкәрімнің жақындығының негізінде патша үкіметінің халықты отарлау (қанаушылық) саясатына деген қарсы күрес жатқандығын да ұмытпаған жөн.

Педагогика тарихынан семинарлар мен практикалық сабақтардың қысқаша сипаттамасы
1 семинар тақырыбы:

Педагогика тарихы пәні, оның әдіснамалық негіздері.

Талқыланатын сұрақтар:


  1. Педагогика тарихы ғылым ретінде.

  2. Педагогика тарихы пәні және міндеттері.

  3. Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері.

Семинарда талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар.

    1. Қоғамның даму дәрежесімен педагогикалық іс әрекеттегі тәрбие жұмысының рөлі жоғарлайтынына келісесіз бе? Неге?

    2. Педагогика тарихының әдіснамалық негіздерін ашып көрсетіңіз?

    3. Қазіргі әлемде білім берудің дамуындағы негізгі тәрбиенің алатын орнын сипаттаңыз.

1-тапсырма.

Қазіргі отандық және шетелдік педагогика ғылымының теориясы мен тәжірибесіне негізделген байланыстарды педвгогикалық әдебиеттерден алып, мысал келтіріңіз?



2- тапсырма.

Шығармашылық қабілеттерді дамытуға арналған тапсырмаларды орындау: «Педагогикалық жағдаят», «Қысқа әңгіме» және т.б.

2семинар тақырыбы:

Ежелгі дәуірдегі мектеп пен тәрбие

Талқыланатын сұрақтар:


  1. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқыту.

  2. Месопотамиядағы мектеп және тәрбие процесі.

  3. Ежелгі Египет мектебі.

  4. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы.

Семинарда талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар.

  • Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелерінің қалыптасуы мен алғашқы педагогикалық теориялардың дүниеге келуі жайлы сипаттама беріңіз.

    1. Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер туралы деректерге байланысты өз пікіріңіз.

    2. Ертедегі Индияда шәкірттерді тәрбиелеу және оқыту мазмұны мен жолдарының үлгілері ұсынылған ерекше қасеитті оқу кітабі болып табылатын “Бхагавадгита” (б.э.д. 1-мыңжылдықта) туралы ерекше атауға болады.

1-тапсырма.

Демокриттің,Сократтың, Платонның педагогикалық теорияларына баяндама жасау.



2- тапсырма.

Аристотельдің педагогикалық теориясы туралы, алғаш рет балаларды жас кезеңдерге бөліп қарастырғаның талқылау.


3 семинар тақырыбы:



Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы

Талқыланатын сұрақтар:

  1. Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.

  2. Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы туралы.

  3. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.

  4. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.

  5. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы.

  6. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы

Семинарда талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар.

1) Я.А.Коменскийдің педагогика төңірегіндегі идеяларының өзектілік пен болжамдық маңыздылығын "қорғау";

2) . Я.А.Коменскийдің тәрбиенің мақсаттары туралы, оқытудың мазмұны туралы мәселелерде ортағасырлық діни көзқарасқа бой ұруы жөніндегі идеяларына «айыптау» .

3) Осы сауалдарды "қорғау" және «айыптау» формасында талқылау, пікірталас жүргізу, дәлелдеме ретінде автор еңбектері мен цитаталарын, оның педагогикалық қызметіне талдау жасау;

4) Студенттер Я.А. Коменскийдің педагогикалық терминдерімен сөздік жұмыс жүргізу:


  1. Автолексия – сөйлеуде өз ойын жеткізе білуі.

  2. Автопраксия – дербестік іс әрекет.

  3. Автопсия - өзіндік сезіну.

  4. Автофтезия – сезіну, түйсіну.

  5. Автохресия – білім өздігінен қолдану. және т.б,


1-тапсырма.

Кроссворд шешу



2- тапсырма.

Өз білімдерін тексеруге арналған тестік тапсырмаларды құрастыру және оны орындау.

4семинар тақырыбы:

Джон Локктың педагогикалық көзқарасы және Ж.Ж.Руссоның педагогикалық теориясы.

Талқыланатын сұрақтар:


  1. Джон Локктың педагогикалық теориясының негізгі ерекшеліктері.

  2. «Тәрбие жөніндегі ойлар» еңбегінің негізгі идеялары.

  3. Ағылшын-философ – педагогының дене және адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен құралдары.

  4. Ж.Ж. Руссоның педагогикалық теориясы.

  5. Ж.Ж. Руссо бойынша жас кезеңдері олардың әрқайсысындағы тәрбиенің ерекшеліктері.


Семинарда талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар.

  1. Джон Локктың педагогикалық теориясының негізгі ерекшеліктерін кесте түрінде көрсету.

  2. Ж.Ж. Руссоның «Эмиль және оның тәрбиесі» еңбегінің педагогикалық мағыздылығы неде? Дәлелдемемен сипатта.

1-тапсырма.

Джон Локктың педагогикалық теориясының мәнін ашатын сұрақтар тізімінен құралған кроссворд құрастыру



2- тапсырма.

Ж.Ж. Руссоның табиғи және еркін тәрбие теориясының мәнін кесте арқылы көрсету.

5семинар тақырыбы:

Француз философ материалистері К.А.Гельвеций және Д.Дидроның педагогикалық ойлар.

Талқыланатын сұрақтар:


  1. К.А. Гельвеций мен Д.Дидроның адам тұлғасы және тәрбиесінің мәніне көзқарастары.

  2. К.А. Гельвецийдің негізгі педагогикалық идеялары.

  3. Д.Дидроның педагогикалық көзқарастарына сипаттама.

  4. Француз материалистерінің ағартушылық идеяларының маңызы.

Семинарда талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар.

    • Дидро Гельвецийдің тәрбиенің құдіретті күші туралы және адамдарда дара табиғи ерекшеліктердің болмайтындығы туралы тұжырымдарына көзқарасы қандай болды?

    • Дидро баланың табиғи ерекшеліктері мен қабілеттерін мойындаудың себебі неде?

    • Гельвеций “Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылуы және үстем тап өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырау салдары.


1-тапсырма.

Француз материалистері мен ағартушыларының педагогикалық көзқарастары туралы салыстырмалы кесте құру.


2- тапсырма.

Тақырыпқа негізделген тестік тапсырмаларды орындау. «Тест жинағындағы»

6семинар тақырыбы:

Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой пікірлердің дамуы.

Талқыланатын сұрақтар:


  1. Киев және Москва мемлекеттеріндегі балаларды тәрбиелеу мен оқыту.

  2. Украина мен Беллоруссиядағы туысқандық мектептер.

  3. ХҮІІ ғасырдағы Ресейде ағарту ісінің дамуы.

Семинарда талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар.

    • ХІІ ғасырдың басында тамаша әдеби-педагогикалық ескерткіш болып табылатын “Владимир Монамахтың балаларына өсиеті”.

    • Украина мен Белоруссиядағы туысқандық мектептердегі оқу жұмысы қалай ұйымдастырылды, басты құралы не болып табылады.

    • Москва славян-грек-латын академиясының оқу жұмысы.


1-тапсырма.

ХҮІІ ғ.жартысында Епифаний Славинецкий “Балалар тәртібінің ережелері” атты белгілі педагогикалық кітапты құрастырған болатын-ды. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Ережелер туралы толық сипаттама жасаңыз.



2- тапсырма.

Тақырыпқа негізделген тестік тапсырмаларды орындау. «Тест жинағындағы»


7 семинар тақырыбы:

ХҮІІІ ғасырлардағы Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика.

Талқыланатын сұрақтар:

  1. ХҮІІІ ғасырлардағы Ресейдегі мектеп пен педагогикалық ой пікір.

  2. М.В.Ломоносовтың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық ой пікірдің дамуындағы ролі.

  3. Радищевтің педагогикалық көзқарастары.

Семинарда талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар.

  • 1701 жылы Москвада бірінші математикалық және навигациялық ғылымдардың ашылған мектебі туралы толық сипаттау.

  • Москва университеті және оның мектеп пен педагогикалық ой-аікірдің дамуына ықпалы қандай, кесте арқылы көрсету.

1-тапсырма.

М.В.Ломоносов пен Радищевтің педагогикалық көзқарастарын салыстырмалы схема түрінде жазу.



2- тапсырма.

Тақырыпқа негізделген тестік тапсырмаларды орындау. «Тест жинағындағы»

8семинар тақырыбы:

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі білім беру және тәрбиелеу.

Талқыланатын сұрақтар:


  1. Ресейде білім берудің мемлекеттік жүйесінің құрылуы.

  2. Декабристердің Ресейде педагогикалық ой пікір мен мектептің дамуына әсері.


Семинарда талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар.

    • В.Г.Белинский мен А.И.Герценнің педагогикалық теориясы.

    • А.И.Герценнің педагогикалық көзқарастары.

    • К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оныңбасқа халықтардың алдыңғы қатарлы педагогтарына әсері.

    • Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарасы.

.

Семинар сабағының тапсырмасы:

  1. К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, В.А.Сухомлинский, Н.И.Пирогов, А.С.Макаренко еңбектері негізінде ғылыми баяндама дайындаңыздар.

1. Өмірбаяны туралы анықтама;

2. Автор кезеңіне сипаттама беріңіз;

3. Негізгі педагогикалық ойларын сипаттаңыз;

4. Автордың педагогикалық ойларын анықтап, еңбектерінің тізімін құрастырыңыз.



2. Тақырыпқа негізделген тестік тапсырмаларды орындау. «Тест жинағындағы»

9 семинар тақырыбы:



1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы.

Талқыланатын сұрақтар:

  1. Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары.

  2. Мектептегі білім беру жүйесінің дамуы.

  3. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру.

  4. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру.

  5. Мектеп туралы қаулылар.

  6. Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы.


Семинарда талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар.

    • Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге және оқушыларға үндеуі туралы сипаттау.

    • Мектептегі білім беру жүйесінің дамуын кесте арқылы көрсету.

    • 1930 жылы 25 шілдеде “Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы”, «Мектеп туралы» қабылданған қаулылар туралы деректерді толық конспектілеу.

1-тапсырма.

А.С.Макаренконың ұжымдық тәрбие теориясының сол замандағы үлесі туралы өзіндік көзқарасынды ділелде.



2- тапсырма.

Тақырыпқа негізделген тестік тапсырмаларды орындау. «Тест жинағындағы»


10семинар тақырыбы:

1941-1970 жж. кеңес мектебі мен педагогикасы.

Талқыланатын сұрақтар:

  1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп және педагогика.

  2. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп және педагогика (1946-1958 ж.ж)

  3. Жалпыға бірдей орта білім беруді жүзеге асыру.

  4. Білім беру мазмұнын жетілдіру мен оқытудың белсенді әдістерінің дамуы.

  5. Отандық ғалымдардың ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары.


Семинарда талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар.

    • Соғыстың алғашқы айларында мектеп мұғалімдері мен оқушыларының әрекеттері жөнінде толық сипаттау.

    • Краснодондық “Жас гвардия” жасырын жастар ұйымдарының ерлігі туралы баяндау

    • Тақырыпқа негізделген тестік тапсырмаларды орындау. «Тест жинағындағы»

11 семинар тақырыбы: Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы.

Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі.

Талқыланатын сұрақтар:

  1. Ы.Алтынсариннің негізгі педагогикалық идеялары.

  2. Оқытудың дидактикалық негіздері.

  3. Ы.Алтынсарин мұғалім және оның дайындығы туралы.

  4. Қазақ халқының ұлы педагогының педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесі.

Семинарда талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар.

  1. Ежелгі уақыттан Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ойлардың даму тарихы (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б.).

  2. 1917 – 1990 жылдарда Қазақстандағы педагогикалық ғылым мен ұлттық білім берудің дамуы (Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулати, Т.Тәжібаев, Қ.Бержанов, Р.Г.Лемберг, А.Сыдықов және т.б.).

  3. Ұлттық мектептердің құрылу тарихы.

Семинар сабағының тапсырмасы:

Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулати, еңбектері негізінде ғылыми мақала дайындаңыздар.

1. Өмірбаяны туралы анықтама;

2. Автор кезеңіне сипаттама беріңіз;

3. Негізгі педагогикалық ойларын сипаттаңыз;

4. Автордың педагогикалық ойларын анықтап, еңбектерінің тізімін құрастырыңыз.

5. ХІХ ғасырда Қазақстандағы педагогика тарихының классиктері Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулати, еңбектері негізінде сызба құрастырып, қысқаша шығарма жазыңдар.

Автор


Философиялық нысанасы

Моделдік Тұжырымдамалық деңгейі

Нақты мақсаттылық деңгейі

Пәндік деңгейі

Ш.Уалиханов













Ы.Алтынсарин













А.Құнанбаев














Педагогика тарихынан СОӨЖ тақырыптары
1.Тақырып: Кіріспе. Педагогика тарихы пәні және міндеттері.

Жоспар:


  1. Педагогика тарихы ғылым ретінде.

  2. Педагогика тарихының әдіснамалық негізі.

  3. Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысы.

  4. Педагогика тарихындағы тарихи педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері және педагогика тарихына қатысты деректі көздер.


2.Тақырып: Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы.

Жоспар:

  1. Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы.

  2. Тәрбие әрекетінің ерекше түрі ретінде пайда болуы.

  3. Жанұяның пайда болуы. Жаұядағы бала тәрбиесі.

  4. Тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы.



3. Тақарап: Ежелгі мектеп пен тәрбие. Ежелгі Египет мектебі. Үндістандағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы. Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие.Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие.

Жоспар:

  1. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқыту.

  2. Ежелгі Египет мектебі.

  3. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие.

  4. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы.

  5. Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие.

  6. Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие.


4.Тақырып: Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойдар.

Жоспар:



  1. Византиядағы мектеп пен тәрбие.

  2. Тәрбие мен білім беру жүйесі. Византиядағы педагогикалық ойлар.

  3. Ортағасырлық Шығыстағы тәрбие мен мектеп.

  4. Ортағасырлық Үнді және Қытайдағы тәрбиелеу мен оқыту.



5. Тақырып: Көне грек ойшылдарының тәлім тәрбиелік ой пікірлері / Аристотель, Демокрит, Платонның оқу тәрбие тәлімі/

Жоспар:

  1. Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие және оқыту.

  2. Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.

  3. Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.

  4. Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы.



6. Тақырып: Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой пікірлерінің пайда болуы мен қалыптасуы

Жоспар:

  1. Әл Фараби дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы және еңбек тәрбиесі.

  2. Махмуд Қашқари ілімінің тарихи мағызы.

  3. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастанының тәрбиелік маңызы мен мәні.

  4. Қ.А. Иассауидің әлеуметтік және ағартушылық ой пікірлері.

  5. М.Хайдар Дулатидың тарихи тәлімдік тағылымдары.



7. Тақырып: Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие. / ХҮІІ ғасырдың ортасы ХҮІІІ ғасырдың аяғы/.

Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы

Жоспар:

  1. Орта ғасырдағы діни мектептердің пайда болуы.

  2. Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика және мектеп.

  3. Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.

  4. Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.

  5. Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы туралы.

  6. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.

  7. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.

  8. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы.

Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы

8. Тақырып: Батыс Европа елдеріндегі ХІХ -ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие

Жоспар:

  1. Философиядағы педагогикалық ойлар. Мектептердің дамуының негізгі бағыттары.

  2. И.Г.Песталоццидің педагогикалық теориясы.

  3. Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет