Серуен
|
«Кім бірінші» қимылды ойыны
Мақсаты: ойын ережесіне сай жарысу арқылы, жеңімпаз болуға асығу қабілеттерін арттыру
|
Көркем сөз:
«Күзгі жапырақ» тақпақ
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар сезгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей
Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту арқылы, сөздік қорын дамыту.
Ойын: «Аю жүрген орманда».
Мақсаты: Қимыл қозғалысын дамыту
|
«Сақина»
Мақсаты: алақан арасына сақинаны жасыру арқылы шыдамдылыққа үйрету, тапқырлыққа баулу
|
Қоршаған ортамен танысу
Еңбек: Біздің алаң.
Мақсаты: Ауладағы жапырақтарды жинау.Балалардың еңбекке ынтасын арттырып , өздігінен еңбек ете білуге үйрету.
|
Көркем әдебиет
Е.Өтетілеуұлы . «Бағдаршам»
Мақсаты: Бағдаршаммен таныстыру. Жолда жүру ережелерін түсіндіру.
«Бағдаршам»
Сақта көше тәртібін
Бағдаршамның ал «тілін»
Біліп алдым мен де:
Жасыл жанса, демде
Алға кетем лезде.
Сары жанса , сабыр
Сақтай тұрам әзір.
Жанса қызыл шоқтай,
Қаламын кілт тоқтай.
|