«Сақинаны кигізу» үстел-үсті ойыны
Мақсаты: сақиналарды тұғырға кигізу арқылы саусақ қимылын, көзбен бағдарлай алуын дамыту.
|
Сөйлеуді дамыту «Қуыршақ Әйгерім мен Динара балаларда қонақта»
Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай білуге, оларды сипаттап айтуға үйрету, (ы-і) дыбысын қайталату, дұрыс айтылуын жаттықтыру.
|
Сурет салу
«Сылдырмақ»
Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту. Сылдырмақ жайында әңгімелету, тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
|
Сенсорика, құрастыру
«Құлыншақтың жолы»
Мақсаты: Балаларға құлыншақтың жолын жасау үшін, берілген 4 түстен: қызыл, көк түсті тауып алуға үйрету.
Үстел үсті ойыны «Текшелер»
Мақсаты: өз ойын текшелер арқылы бейнелей алуға үйрету
|
Көркем әдебиет
«Көліктер»
Мақсаты: затты көркем тілмен суреттей алуға үйрету.
Балалардың еркін әрекеттері
|
Таңертенгі жаттығу
|
Картотека № 9
«Орындықта доппен жаттығу»
Б.қ. орындықта отырып, допты тізе үстіне қою;
1-2 допты жоғары көтеру, иілу;
3-4 б.қ. келу;
Б.қ. қолды созып , допты алға ұстау;
1-2 оңға, солға бұрылу;3-4 б.қ.
Б.қ. 1-2 алға енкейіп ,допты еденге тигізу;
3-4 б.қ.
Б.қ. доп тізе үстінде;
1-4 аяқты көтеріп , допты тізе үстімен домалату;
5-6 б.қ.Доппен секіру.
|
Таңғы ас
|
Таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау.
Көркем сөз
Қолымызды жуамыз,
Асханаға барамыз
Асханаға барған соң
Тамақ ішіп аламыз.
|
Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту және орамалды орнына ілу,
|
Достарыңызбен бөлісу: |