1 жастағы балалардың мінез-құлқының параметрлері
1.
Сезімнің басымдылығы (оң, теріс, ауытқымалы, нашар сезімталдық).
2.
Ұйқысы (тез, жай, тыныш, мазасыз, қосымша әсерлер арқылы ұйықтау), сипаты
(терең, беткей, тыныш, мазасыз, үзік), ұзақтығы (қысқа, ұзақ, жасына сәйкес).
3.
Тәбеті (жақсы, ауытқымалы, нашар, жоғары, тамақты іріктеп ішу).
4.
Ояу кезіңі: сипаты (белсенді, енжар), аз қозғалады, үлкендермен, балалармен қарым-
қатынасы (оң, теріс, араласпайды, белсенді, жауап қайтарғыш).
5.
Теріс қылықтары (шайқалу, саусағын немесе ойыншықтарын сору).
6.
Өзіне тән жеке ерекшеліктері (ұялшақ, өкпелегіш, адаммен араласқыш, тез үйренгіш,
қозғалғыш, салмақты, тітіргенгіш, енжар, тез шаршағыш және т.б.)
278
|