ЭКД-ге тән терiлiк өзгерiстер бұл конституция
ауытқулары бар балаларда да
кездеседi. Олара респираторлық аллергоздар тен болғанмен, терiдегi өзгерiстер онша
айқын көрiнбейдi.
Екiншiлiк иммундық дефициттi иммунопатия ЛгД-i бар балада жоғары инфекциялы
индекспен
анықталып, олар «жиi ауыратын балалар» тобына кiредi. Васкулит, артрит,
миокардиттер сияқты иммундыкомплекстi ауруларға бейiмдiлiк болады.
Бұл балаларда жоғары тыныс жолдары оңай қабынып, ауыр әрi ұзаққа созылады, осы
кезде жиi нейротоксикоз дамып, микроциркуляция бұзылады. Кейде жүрегi кiшкентай,
тамшы тәрiздес, кейде оның көлемi үлкейiп кетедi, жүрек
ұшында акцидентальдық
систолалық шу естiледi. Кейбiр жағдайларда қолқа доғасының гипоплазиясы, жүректiң
iштен бiткен ақаулары табылады.
Шеткерi қан сынағында лимфоцитоз, моноцитоз анықталады, құрамында Fс-рецеп-
торлары бар лимфоциттер саны көбейедi. Басқа лабораториялық зерттеулерде: қанда
глюкоза мен 17-ОКС төмен, холестерин және фосфолипидемия; дисиммуноглобулинемия
(IgА, IgG), төмен), Т және В-лимфоциттер саны аз, гормондар диссоциациясы болады.
ЛгД-i бар балаларда туберкулез баяу ағымды строфулюс түрiнде бiлiнедi:
фликтенулездiк конъюктивит, айқын түйiндерi мен жаралары (фликтендер) бар кератит –
бала жарыққа қарай алмай, көзiнен жас ағып, блефаритке қоса тұракты ринит, iрiндi отит
пен мастоидит дамиды, құлақ төңiрегi, мойын, жақасты бездерi мен оларға қатысты лимфа
түйiндерi үлкейедi.
Кейде ЛгД-бен ЭД бар балалардағы субфебрилитетте инфекция ошақтары табыл-
майды, бұл жағдайда оның шығу тегi орталық (нейроэндокриндiк) деп есептеледi. ЛгД-дiң
айкын көрінісi, әдетте, 3-6 жастарында байқалады. Кейiннен ол бiрте-бiрте көмескiленiп,
тiптi жоғалады, бiрақ, бұл балаларда жыныс дамуының кешеуiлдеуi ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: