Диагнозы мен ажырату диагнозы.
ЛгД-ға диагноз қойғанда ескеретiн жай: түрлi
авторлардың мәлiметi бойынша клиникалық-рентгендiк зерттеу кезiнде, көбiне аурудан
айыққаннан кейiн, сәбилердiн 30-50%-да айырша безiнiң үлкейгенi анықталады. Бұл
физиологиялық жағдай. Оның үстiне, 3-6 жас арасында балалардың көбiнде шеткi
лимфоидтық аппараттын гиперплазиясы байқалады. Мұның себебi белгiсiз. Жиi ауыру,
созылмалы инфекция ошақтары лимфоидтық аппараттың одан әрi ұлғаюына мүмкiндiк
туғызады. Бұл ошақтарды қарқынды әрi тиiмдi емдеудiң арқасында баланың жалпы хал-
жағдайы жақсарып, лимфа түйiндерi едәуiр көлемде үлкейсе (осы жағдайда тұрақтылығы
инфекциядан сау кезiнде де байқалса), ЛгД диагнозын қояды. Лабораториялық зерттеу
көмегiмен бүйрекүстi бездерiнiң функционалдық қаблетiнiң төмендiгiн дәлелдеу қажет.
Тимустың ұлғаюының рентгендегi белгiсiне кардио-тимико-торакалдық индекстiң
жоғарылауы жатады (трахеяның бөлiнiс тұсындағы кардио-тимикалық көлеңкенiң
диафрагма төбесi тұсындағы кеуденiң көлденең диаметрiне қатынасының пайыздық
көрсеткiшi). Тимус үлкейгенде, бұл индекс 6 айға дейiнгiлерде 50%-дан артық, 6-12
ай арасында – 43% -дан аса, жастан асқандарда – 38% -дан жоғары, 3-6 жастарда –35%
-дан аса, 7 және одан жоғары жастағыларда - 27% -тен асады.
Ажырату диагнозында иммунитет кемiстiгiнiң тұқым қуалайтын түрiн, жалпы лимфа
түйiндерiнiң ұлғаюымен бiлiнетiн ауруларды, сонымен бiрге акселерацияны ескеру керек.
Емi.
ЛгД емiнде күн тәртiбiн сақтау, таза ауада жеткiлiктi болу, жоспарлы түрде
шынығу, уқалау (массаж) мен гимнастиканың мәнi зор.
Тамақ құрамында сиыр сүтi мен оңай сiңiрiлетiн көмiрсуларды (ботқа, кисель, қант)
шектеу жөн. Сиыр сүтiн кефирге алмастыру керек. Қосымша тамақ көкөнiс, жемiс түрiнде
болғаны дұрыс.
Тұрақты түрде адаптогендер, организмнiң қорғаныс қызметi мен бүйрекүстi бездерi
қабілетiн көтеретiн заттарды тағайындау орынды: глицирам, дибазол, метацил, пентоксил,
В
5
, В
6
, В
12
, А, Е витаминдерi, алоэ, элеутерококк, жень-шень, калий оротаты курстарын
бiрiнен соң бiрiн жалғастыру тиiмдi. Бұдан басқа, организмдi жеткiлiктi түрде С, В
1
, В
12
витаминдерiмен қамтамасыз етiп, рахит, анемия, қосалқы инфекцияларды дер кезiнде
416
анықтап, дұрыс емдеу қажет. Оқтын-оқтын балаларға кальций дәрiлерiн (глюконат,
глицерофосфат), бифидумбактерин, бификол беру пайдалы.
Респираторлық вирусты аурулар және жиi инфекция ошақтары иммунитеттi
төмендете беретiнiн ескерiп, «Виферон» препаратының курсты емдерiн жүргiзедi.
Аденоидтық өскiндердi сылып алуды, мұрын әбден бiтiп, тыныс ағзаларының
үздiксiз қабыну, редицивi болса ғана жасайды. Диатезбен ауыратын балаларда
аденоидэктомиядан кейiн де аденоидтық өскiндердiң қайта шығуы жиi кездеседi.
Достарыңызбен бөлісу: |