Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет702/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   698   699   700   701   702   703   704   705   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ЖРА-ды емдеу.
 
Әдетте, жоғары тыныс жолдарының вирустық аурулары тек қана
белгілеріне сәйкес ем жүргізуді ғана талап етеді:
▪ науқас бала жататын бөлменің температурасы 20
о 
С-ден төмен болмауы керек; 
▪ ұйықтаған кезде температура деңгейін 3-4
о 
С-қа төмендету ықтимал;
▪ баланың қимылы мүмкіндігінше шектеледі;
▪ тәуліктік бойына беріліетін сұйықтық мөлшері, мүкжидек морсы, лимон қосқан шай,
итмұрын тұнбасы, минеральды су (СЛТ-да көмей ісіну қаупі тууы мүмкін болғандықтан
сұйықтықты шектен тыс көп беруге болмайды);
▪ мұрнын аква марс препаратын, теңіз суы ертіндісін, 2% сода ертіндісін, шөп тұнбаларын
(түймедақ, итмұрын) әр мұрынға 2-3 тамшадан күніне 3-4 рет тамызып немесе солармен
жуып тазалайды. Ертінділерді науқасты, ортаңғы және төмен мұрын жолдарын және
мұрынжұтқыншақтың күмбезін шаятындай қылып басын төмен және кейін шалқайтып
жатқызып тамызады. Мұрын қуысын жуғаннан кейін бала қатты сіңбіреді немесе
мұрнынын сұйықтықты сорып алады;
▪ тамыртарылтуышы тамшылар аурудың алғашқы 1-3-ші күнінде тиімді болып келеді;
оларды 3 күннен артық қолдану тахифилаксияға әкелуі (риниттің үдеуі) мүмкін. Ерте
жастағы балалар үшін називин (0,01% және 0,025% ертінділер); 3-4 жастан асқан балала-
рға отривин, галазолин, санорин, назол; барлық жастағы балаларға виброцил қолданады.
▪ ринитті емдеу үшін 5% эпсилонаминокапрон қышықылын (мұрын жолдарына турун-ды
қояды) қолданады.
▪ липоидты пневмония пайда болу қаупі болғандықтан майлы ертінділер қолданылмайды;
▪ емшек жасындағы барлық балаларға кезкелген дәрілерді мұрынына тамызбаған жөн,
себебі рефлекторлы тыныстың тоқтап қалу қаупі тууы мүмкін. Сондықтан, барлық
дәрілік заттарды мұрын қуысына мақтадан жасалған «білте» көмегімен енгізген жөн;
бұл көмекті емізер алдында ерекше ұқыптылықпен жүргізген дұрыс;
▪ ринитті емдеу отиттің алдын алуға немесе жеңілдетуге мүмкіндік береді; жартылай
спиртті немесе сумен жылытқыш қою, есту жолына ауырсынуды басатын тамшыларды
(отипакс) тамызу құлақтағы ауырсынуды басуға көмектеседі;
▪ вирусты этиологиялы фарингитте үйде дайындалған жеңілдеткіш заттарды қолданады:
шөп тұнбаларымен ингаляция, сілтілі ингаляция, жылы сусын ішу;
▪ ларингиттерде тәуелігіне бірнеше рет бумен ингаляция (күйіп қалудың алдын алдуың
толық ережелерін сақтаумен), аяғына, қолына жылы ванналар (температурасын 37
о
С-тан
40
о
С-қа дейін біртіндеп көтереді, сол температурада жалпы ванналар; жылы немесе
жартылай спиртті жылытқыштарды мойнына, балтырына қояды, аз мөлшерден жылы
сусын (жылы сүтпен боржоми суын 1:1 қосып) береді;
435


▪ қилыспалы инфекцияның алдын алу үшін науқуастың асқа аурулармен қатынасын
шектеу керек;
▪ фарингитте және трахеитте азапты (қиын), жабысқақ, азөнімді жөтел байқалуы наркоти-
калық емес орталықтан жөтелге қарсы әсер ететін дәрі (синекод) қолдануға көрсеткіш
бола алады.
Күні бүгін вирустық инфекцияның этиотропты емінің мүмкіндігі айтарлықтай
шектелген. Вирусты респираторлы аурудың (ЖРА) алғашқы күні және қатынаста болған
балаларда алдын алу үшін мұрын жолдарына лейкоцитарлық интерферрон немесе
экзогенді интерферондар (гриппферон, реаферон, интерген, лакферон) тамызады немесе
виферон жағымды майын мұрын қуысына салады, тоқішекке виферонды (1 немесе 2 рет
жасына сәйкес) немесе кипферонды балауыз салады.
Гриппте олармен бірге вирусқа қарсы дәрілер тағайындайды: бір жастан асқан бала-
ларға ремантадин (5 мг/кг 2 рет қабылдауға) немесе альгирем − ремантидиннің сироп
түрінде шығарылатын түрі (1 жастан 10 мл-ден, 4-6 жаста 15 мл-ден; 1-ші күні 3 рет, 2-3-
ші күндері күніне 2 рет, 4-ші күні – 1 рет), «ақ» қызба байқалатын балаларға но-шпа (1
мг/кг әр қабылдауға) қосып, немесе арбидол (балаларға 2 жастан бастап 0,05 г, 5 жастан
0,1г, 12 жастан – 0,2 г күніне 3-4 рет) беріледі. Интерферон индуциялайтын, басқада
респираторлы инфекциялық аруларда әсер ететін, дәрі балалар анаферонымен (6 айдан
бастап: 1-ші тәуелікте әр 30 минут сайын 1 таблеткадан 5 рет, қалған уақытта 3 рет, тәулі-
гіне барлығы 8 рет, одан әрі 5-7 күн бойына күніне 3 рет беріледі) қосарланып беріледі.
Жоғары тыныс жолдарының бактериальды этиологиялы ЖРА-ларында (бактериаль-
ды отит, синусит, тонзиллит) амоксициллин, амоксициллин/клавуланат (тәулігіне
амоксициллин бойынша есептегенде 40-50 мг\кг) .
Аурудың микоплазмалық және хламидийлік этиологиясында ең тиімді болып
макролидтар есептеледі (эритромицин 30-40 мг\кг 2-4 рет, азитромицин – 10 мг\кг 1-ші
күні, қалған 4 күнге 5 мг\кг есебінен тағайындалады). Жоғары тыныс жолдарының
вирусты ауруларында антигистаминді дәрілерді тағайындау негізсіз деп есептелінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   698   699   700   701   702   703   704   705   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет