Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңызы



бет12/23
Дата21.01.2022
өлшемі467 Kb.
#113043
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Пернеханқызы Балнұр
титул, Қазақша стандарт, Аятул курси суреси, essenzholova (pdf.io), essenzholova (pdf.io), Аятул курси суреси, аллельді емес гендердің әрекеттесуі, ескерту, КЕШЕН, А.Ж. глосарии, А.Ж.сөж, Жырау, СКЖ 111-81 Нурбеков Рауан Жасанды интеллект көмегімен криптографиялық жүйелердің тұрақтылығын талдау, 2
Буын әдісі де, әріп қосу әдісі, сияқты, синтетикалық әдіске жатады. Буын қосу әдісінің ережесі: оқи алу үшін әріптерді тану әріптерден буын құрай білу, буындарды жаттау, содан соң ғана тексті оқуға кірісу. Бұл да римдіктер бастап қолданған көне әдіс. Буын әдісімен оқытқанда, әуелі алфавит тәртібімен бүкіл әріп аттары жатталады. Сонымен қатар жеке әріптерді атай отырып олардан буын құратылады. Буын құрауды үйрету және құрастырған буындарды жаттау процестері бір мезгілде жүреді.

Кейініректе буын құрайтын әріптерді атауды қойып, буынды бірден атап жаттуға көшеді. Бұл тұстарғы оқу бірлігіне буын алынады. Сөз буындарды қосу жолымен оқылады. Міне осы буын оқу мақсатына орай және оқу, сауат, ашу процесін жеңілдету үшін бұрынғы славян сөздерімен аталатын әріп ататарына реформа жасалып, он сегізінші ғасырдың басынан әріп аты да буынмен аталатын болды. Мысалы, -а, -бе, -ве, -ге, -де түрінде аталады.

Әріп атауларының осындай өзгерісі сауат ашу жұмысын, бұрынғы сөзбен атауға қарағанда, біраз жеңілдетеді. Бірақ бұл әдісті де негізгі қиындық сақталып қалады. Сауаттандыру элементі көру қабілеті бойынша механикалық түрде құр жаттығу жолымен жүреді. Оқушыларға буынның дыбыстық құрамы түсіндірілмейді. Ең басты кемістік - әріптер атының күрделілігі балаларға түсініксіз болады.

Жаттығу сөздері мен текстер балалардың психологиялық, жас ерекшеліктері ескерілмей талғаусыз алынды және мұнда ешбір жүйе болмады. Сондықтан да халық ескіше сауат ашу жолын «инемен құдық қазғандай өте қиын жұмыс» деп дұрыс сынға алды. Дегенмен бері келе осы буын жаттау мен сөзді біріктіріп оқу жаттығуларына бұрынғы көру қабілетіне жанамалап есту сезімі және сөйлеу жаттығулары да ішінара ендіріле бастайды.



Дыбыс әдісі. Сөздің дыбыстарын оқып үйрету оқушылардың топтық құрамын оқытуға, тілдің табиғи негізін танытуға бірден-бір қолайлы жол деп танылады. Сондықтан әуелі Батыс Европа елдерінде кейін 19 ғасырдың орта кезінде Россия мектептерінде дыбыс әдісі қолдана бастайды.

Дыбыстық талдау әдісі Россияда өткен ғасырдың 40-жылдарында пайда болады. Оны Золотов әдісі деп те атайды. Бұл әдіс бойынша оқытқанда, оқушылар ауызша жаттығу жолымен сөйлемнен сөздерді, сөзден буындарды, буыннан дыбыстарды айтырып талдаған. Ең соңынан әріптерді ажыратады. Золотов әдісінде көру жаттығулары басым болғандықтан, ол да ұзаққа бара алмайды. Сондықтан оқыту, хат таныту, жазуға үйрету процесін жеңілдететін тиімді әдістер іздестіріле берді, мектеп тәжірибесіне дыбыстық жинақтау әдісі келеді.

Дыбыстық жинақтау әдісі. Осы әдісті Россияда ғасырдың 60-жылдарында Николай Александрович Корф (1834-1883) қолданды. Бұл метод оқу объектісі етіп дыбысты алады. Дыбыс жинақтау әдісімен оқытқанда, сабақ төмендегідей төрт кезеңде ұйымдастырылады.

Алдымен мұғалім оқушыларға әріпті көрсетіп, оның дыбысын атап таныстырады. Оқушылар жаңа дыбысты қосылып та, жекелеп те қайталап айтады.

Екінші кезеңде мұғалім жаңа әріпті оқушыларға бұрыннан таныс буындарға жалғайды. Балалар буындарды оқиды. Мұғалім буынды тақтаға баспа әріппен жазады, оқушылар оларды дәптерлеріне көшіреді.

Үшінші кезеңде мұғалім жаңа әріпті ендіріп сөздер құрап, тақтаға баспа түрде жазады, балалар көшіріп жазады.

Төртінші кезеңде балалар мұғалімнің атаған әріптерін естулері бойынша қатыстырып сөздер құрайды. Оларды жазады.

Дыбыс әдісі синтетикалық әдіске жатады. Балалар көрген әріптің таңбалары арқылы дыбыстың атауларын ұғынып, олардан буын немесе сөз жинақтап құрастырады. Мұғалім көрсеткен жаңа әріптің дыбыстық мәні түсіндіріледі, әріптердің арнаулы дыбыстық атауы болатынын ұғынған бала сол дыбыстарды еш қоспасыз таза дыбыстау жолымен буын не сөз құрамына ендіреді. Мысалы, орысша шар сөзі оның құрамындағы дыбыстарды бір-біріне жалғап айту жолымен оқылады. Содан соң сөз дыбыстарының арасы біріктіріліп бірден оқылады. Бұл процесс мұғалімнің бастауымен орындалады. Ал, дыбыс әдісінде әріптердің аты ескерілмейді. Қайта балалар көрсетілген әріптердің аты деп оның дыбыстық мәнін ұғынады. Сол дыбысты атау жолымен әріптерді таниды. Демек, әрбір заттың тиісті атауы болатынын білетін бала белгілі әріп таңбасының да аты арнаулы дыбыс екен деп түсінеді. Сөйтіп әріптің атымен ісі болмайды.

Әріп қосу әдісі бойынша оқытқанда, балалар әріптердің аттары арқылы оның дыбыстық мәнін жобалап, жорамалдап түсінетін болса, енді дыбыс қосу әдісінде оқушылар әріптің таңбасы бойынша оның қандай дыбыс деп айтылатынын дайын түрде бірден қабылдайды.

Сонымен дыбыстық жинақтау әдісін қолданғанда, алфавит әріптерінің дыбыстық мәні үйретіледі де, әріп аты ескерілмейді, аталмайды. Сөзді оқытқанда, оның құрамындағы әріптерді дыбыстық мәні бойынша қосып сөз құрайды. Яғни оқушы жеке-жеке әріптерді көре тұрып, ол арқылы берілетін дыбыс еш қоспасыз таза айтылады. Мәселен, қазақша мал сөзін оқу үшін, оқушы мұғалімнің бір-бірінен соң тақтаға тізген м-а-л әріптерінің дыбыстық мәнін дауысты соза айту арқылы бірден қосып оқып шығады. Соңынан мал сөзін тұтас күйде тез оқиды. Бірақ осындай дыбыстарда жинақталған сөзге талдау жасатылмайды, демек ол сөздің құрамында қандай-қандай дыбыс бар екені ажыратылмайды, анализ процесі жүрмейді.

Қорыта айтқанда, жазуға үйретудің аналитикалық не синтетикалық әдістері бұл маңызды проблеманы тиімді шеше алмайды. Ізденіс жалғастырыла береді. Дүниеге дыбыстық талдау- жинақтау әдісі келді, осы әдістің Россиядағы авторы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) болады. Ол хат тануда әріп қосу әдісін қарама-қарсы әдіс қолданады, яғни әріп қосу әдісіндегідей әріптен дыбысқа қарай емес, керісінше, дыбыс танытудан әріпке қарай өтеді. Мұнда негізгісі әріп емес, дыбыс.

Ушинский өзінің сауат ашуға үйрету әдісінің негізгі белгілері ретінде төмендегілерді атаған:



  1. Балаларды әріп элементтерін жазуға дағдыландыру.

  2. Балаларды сөз ішіндегі жеке дыбыстарды іздеп табуға үйрету.

  3. Балаларды дыбысты анық айтуға жаттықтыру.

  4. Балалардың назарын сөзге және оны құрайтын дыбыстарға аудару.

  5. Балаларды айтылған, жазылған не баспаша терілген сөздерді ажыратуға я қайтадан құрай білуге үйрету.

Сөйтіп ұлы педагог балаларға тілдің дыбыстық жағын үйрету принципін ендірді. Ол сауат ашуды жекелеген дыбыстарды, олардың сөз ішінде естілуін танытудан бастайды.

Ушинскийдің оқуға үйрету әдісі балалардың өздері жазған сөздерді оқыту жолымен жүзеге асырылған. Соған орай ол өзінің әдісін «жазу-оқу методы» деп атайды. Ушинский жазу қызметін талдау жолында, жазылғанды оқу процесін жинақтау тәсіліне саяды, осыдан келіп дыбыстық талдау-жинақтау әдісі болады. Оқушы жазу үстінде тиісті сөздің қандай дыбыстардан құралып тұрғанын, яғни оның құрамында қандай-қандай дыбыс бар екенін тауып ажырату арқылы талдау процесін жүргізедің, ал, жазылған сөзді оқу барысында ол сөзді құрайтын дыбыстарды танып, оларды бір-біріне ұштастырып жинақтайды, осыдан келіп дыбыс жинақтау процесі жүреді.

Ушинский әдісі бойынша әуелі ауызша талдау жасалады, содан кейін танысқан дыбыстың әрпін немесе жаңа дыбыс қатысқан сөз жазылады, ең соңында жазылған әріп не сөз оқылады. Демек жазуға жетекші роль береді. Константин Дмитриевич балаларды жазуға үйретуді жазба шрифт түрінен басталған, жазғандарын оқып отырған. Ал, он-он бес әріптің жазба таңбасын үйреткеннен кейін әріптердің баспа түрін де қатар жаздырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет