Бекітемін физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Асанова Б. 2021 ж. Жалпы физика курсы модулі механика


Тербелістің өшуі. Өшетін гармоникалық тербелістер



бет57/71
Дата14.12.2021
өлшемі3,02 Mb.
#127114
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71
Байланысты:
УМК Механика 1 курс 2021

Тербелістің өшуі. Өшетін гармоникалық тербелістер.

Логарифмдік өшу декременті

Тербеліс амплитудасының уақытқа тәуелді кемуін өшетін тербелістер дейді.Тербелістің өшуі ауа кедергісінен, тербелмелі жүйенің ішіндегі үйкеліс әсерінен болады. Тербеліс энергиясы бірте-бірте жылуға айналып, тербеліс амплитудасы өше береді. Тербелістің өшуін тудыратын күшті v жылдамдыққа пропор-ционал деп алуға болады



, (87)

мұндағы b-тұрақты сан. Серіппе тербелгенде, оның тарапынан



қайтарғыш күш әсер етеді

F= - kx. (88)

Ньютонның екінші заңын былай жазуға болады

, (89)

бұдан


, , (90)

, (91)

мұндағы - жүйенің меншікті жиілігі, - өшу коэффициенті, b - өшу тұрақтысы. Соңғы теңдеудің шешімі



, (92)

s – физикалық процесті сипаттайтын тербелмелі шама



. (93)

Өшетін тербелістің амплитудасы - ; - үйкеліссіз ортадағы сол жүйенің еркін тербелісінің жиілігі, яғни меншікті жиілік. t=0 болғанда, – бастапқы амплитуданың мәні. Сонымен (92) теңдеуден көрініп тұрғандай, тербеліс амплитудасы кедергіге сызықтық тәуелділікте болатын ортада тербеліс амплитудасы экспоненциал заңы бойынша кемиді



. (94)

Өшетін тербелістің периодын табайық



;

бұдан T>T0.

Бір-бірінен бір период уақытқа қашық тұратын амплитудалардың қатынасын есептейік

, , , (95)

немесе


. (96)

Бұл қатынас (96) өшу декременті деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет