12-дәріс. Тербелмелі қозғалыс
Тербелістерге мысал: серіппенің бір ұшына бекітілген дене, камертон, гитара ішектері т.б. Телевизорлар мен радиоқабыл-дағыштарда электр тербелістері өтіп жатады. Қатты денелерде атомдар өздерінің тордағы тепе-теңдік қалыптарының төңірек-терінде тербелісте болады.
Гармониялық тербелістер
Қайтарғыш күші қарсы таңбамен алынған ығысуға тура пропорционал болатын кез-келген тербелмелі жүйе гармони-калық тербелістер жасайды. Мұндай жүйенің өзін гармоника-лық осциллятор деп атайды.
Қайтарғыш күш F серіппені қандайда бір х-ке созғандағы немесе сыққандағы ұзындыққа тура пропорционал болады
F= -kx, (74)
мұндағы k- серіппенің қатаңдығы .
Жүктің берілген уақыт мезетінде тепе-теңдік қалпынан тұрған орнына дейінгі қашықтығы амплитуда А деп аталады.
Қайсыбір бастапқы нүктеден басталатын қозғалыс және осы нүктеге қайтып оралса, оны толық тербеліс, ал толық бір тербеліс жасауға кеткен уақыт Т-период деп аталынады.
Жиілік пен периодтың арасындағы байланыс
, . (75)
Достарыңызбен бөлісу: |