Бекітемін физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Асанова Б. 2021 ж. Жалпы физика курсы модулі механика



бет52/71
Дата14.12.2021
өлшемі3,02 Mb.
#127114
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71
Байланысты:
УМК Механика 1 курс 2021

1. сұйықтың тұтқырлығы,

2. құйындардың түзілуі.

Тұтқыр сұйық симметриясыз денені орай аққанда, денеге ағын тарапынан әсер етуші күштерді екі құраушыға жіктеуге болады. Ағын бойымен бағытталған маңдайлық кедергі күші



Ағынға перпендикуляр бағытталған көтеру күші –



.

Мұндағы және маңдайлық кедергі мен көтеру күшінің өлшемсіз коэффициенттері



,

К-коэффициенті қанаттың сапалылығы деп аталады. Бұл атаулар шартты түрде қабылданған. Егер денені орай ағатын ағын мен симметрия жазықтығы доғал бұрыш жасаса, онда көтеру күші төмен қарай бағытталады, ал маңдайлық кедергі әрқашанда ағынның бойымен бағытталады. Маңдайлық кедергі мен көтеру күштері дененің өлшеміне, формасына, ағынның жылдамдығына және осы ағынға қатысты орна-ласуына тәуелді болады. Мысалы, ағынмен бағыттас немесе оған перпендикуляр орналасқан жазық пластинаға әрі маңдайлық кедергі, әрі көтеру күші әсер етеді.

Егер цилиндрді орай аққан ағыннан басқа, циркуля-циялық ағын пайда болса, онда мұндай ағынды циркуля-циялық ағын немесе циркуляция дейді. Циркуляцияның болуы, цилиндрдің жоғарғы және төменгі жағында қысым-дар айырымын тудырады, яғни көтеру күші пайда болады. Циркуляцияның “Г” пайда болуы тұтқырлық күшінің әсеріне байланысты.

Самолет қанатының көтеру күшінің теориясын алғаш Жуковский ойлап тапты. В.И.Ленин Н.Е. Жуковскийді (1847-1921) «Орыс авиациясының атасы», - деп атаған.



,

көлденең бағытта әсер етуші көтеру күші сұйықтың тығыздығы , ағынның жылдамдығы және циркуля-цияның “Г” көбейтіндісіне тең. Жоғарғы формула Жуковский теоремасының дербес түрі (дөңгелек цилиндрдің циркуля-циялық ағысы).

Айналып тұрған цилиндрді орай аққан кезде көтеру күшінің пайда болуы Магнус эффектісі делінеді. Бұл құбылысты қағаздан жасалған цилиндр көлбеу тақтайдан құлаған кезде байқауға болады. Тақтайдан жерге қарай домалаған цилиндрді жоғары қарай бағытталған ауа ағыны орай аққанда, цилиндрді артқа қарай бұратын горизонталь бағытталған көтеру күші әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет