Бекітемін физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Асанова Б. 2021 ж. Жалпы физика курсы модулі механика


Айналмалы координаталар жүйесіндегі



бет48/71
Дата14.12.2021
өлшемі3,02 Mb.
#127114
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71
Байланысты:
УМК Механика 1 курс 2021

Айналмалы координаталар жүйесіндегі

инерция күштері
Жалпы инерция күші инерциялық емес жүйедегі тасымал үдеуге қарама –қарсы бағытталған

,

екендігін ескерсек





Тасымал үдеумен байланысты инерция күші центрден тепкіш инерция күші деп аталады. Ол айналу осіне радиус векторының бойымен бағытталған



,

Кориолис үдеуімен байланысты инерция күші Кориолис күші делінеді. Ол бұрыштық және салыстырмалы жылдамдықтар векторы жатқан жазықтыққа перпендикуляр орналасқан. Егер бұл векторлардың бағыты сәйкес келсе, Кориолис үдеуі нольге тең.


Инерциялық емес санақ жүйесіндегі сақталу заңдары
Энергияның, импульстің және импульс моментінің механикадағы сақталу заңдары қозғалыс теңдеуінің математи-калық салдары болып табылады.

Инерциялық емес санақ жүйесінде кәдімгі күштермен бірге инерция күштері де әсер етеді. Бұл күштер қарастырып отырған денелерге қатысты сыртқы күштер болып табылады. Сондықтан бұл жүйелерде материалдық денелердің тұйық жүйесі жоқ, ендеше энергияның, импульстің, импульс моментінің сақталу заңдары болмайды.

Импульстің , импульс моментінің өзгерісін қарастырғанда теңдеулерге инерция күші мен оның моментін де енгізу керек. Бұл шамалар сақталуы үшін, инерция күші инерциялық жүйедегі кәдімгі күштер қанағаттандыратын шарттарға бағынуы қажет.


Гидроаэростатика_және_идеал_сұйықтардың_қозғалысы_Механиканың_сұйықтың_қозғалысын_зерттейтін_бөлімі_гидродинамика'>10-дәріс. Гидроаэростатика және идеал сұйықтардың қозғалысы
Механиканың сұйықтың қозғалысын зерттейтін бөлімі гидродинамика, ал ауа қозғалысын зерттейтін бөлімі аэродинамика делінеді.

Гидроаэростатика сұйықтар мен газдардың тепе-теңдігін зерттейтін бөлімі.

Мүлде сығылмайтын, мүлде тұтқыр емес сұйық идеал сұйық, ал тұтқырлық қасиеті бар және ыдыстың қабыр-ғасына жұғатын сұйық реал сұйық деп аталады. Табиғатта идеал сұйық жоқ, бірақ тұтқырлығы аз сұйықтарды (су, ауа) идеал сұйық деп қарастыруға болады.

Қатты денелерден сұйықтар мен газдардың айырмашы-лығы, қандайда бір күштің әсерінен сұйықтар мен газдар көлемдерінің формасын тезарада өзгертеді. Сұйықтар мен газдарды жан-жақтан бірдей күшпен сыққанда, қатты дене-лердегі деформация шамасымен анықталатын серпімді күштер пайда болады.
Архимед заңы

Сұйыққа батырылған денеге, дененің ығыстырып шығарған сұйығының салмағына тең ығыстырушы күш әсер етеді

,

мұндағы – ығыстырушы күш, V — ығыстырған сұйықтың көлемі.

1) Егер ауырлық күшінің модулі Архимед күшінің модулінен артық болса, дене батады .

2) болса, дене кез келген тереңдікте тепе-теңдік жағдайда болады.

3) дене жоғары көтеріліп, жүзіп жүреді.

тереңдіктегі сұйық бағанасының гидростатикалық қысымы , мұндағы - сұйықтың тығыздығы.
Паскаль заңы

Берілген көлемдегі сұйыққа және газға түсірілген қысым көлемнің ішіндегі барлық нүктелерге өзгеріссіз таралады. Бұл заңды француз ғалымы Блез Паскаль (1623-1662) ашқан.

Гидравликалық көтергіште кішігірім жүк, бір пор-шеннің ауданы екінші поршеннің ауданынан үлкен болып жасалғандықтан үлкен күшке айналады. Паскаль заңы бойынша:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет