Бекітемін физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Асанова Б. 2021 ж. Жалпы физика курсы модулі механика



бет45/71
Дата14.12.2021
өлшемі3,02 Mb.
#127114
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71
Байланысты:
УМК Механика 1 курс 2021

Салмақсыздық



Инерциялық емес санақ жүйесінде (ИЕСЖ) еркін құлайтын денелердің инерция күші, ауырлық күшін толық компенсациялайды да, инерция күші мен ауырлық күші жоқ жағдайдағыдай қозғалыс болады. Осыны салмақ-сыздық күйі дейді. Жер бетінде салмақсыздық күйін космонавттарды жаттықтыруға пайдаланады. Салмақсыздық күй, самолетті төмен қарай құлдилатқанда, лифтінің қозғалысы кезінде пайда болады, яғни жерге қатысты самолеттің үдеуі, әрбір уақыт мезетінде еркін түсу үдеуіне тең болады.

Гравитациялық және инерттік масса
Дененің инерттік массасы мен гравитациялық массасы бір-біріне тең болғандықтан, ол еркін құлағанда салмақсыздық күйі пайда болады. Инерттік масса дененің инерттілік қасиетін, ал гравитациялық масса Ньютонның 3 заңы бойынша денелердің бір-біріне тартылу күшін көрсетеді. Мг Жердің гравитациялық массасы, гравитациялық массасы mг жер бетіндегі белгілі бір денеге әсер еткендегі күші

F=G , (71)

мұндағы G – гравитациялық тұрақты, R- жердің радиусы. Егер инерттілік массаны- m деп белгілесек, онда (71) формуладағы күштің әсерінен ол үдеу алады

. (72)

Жер бетіндегі барлық денелер үшін g еркін түсу үдеуі бірдей болғандықтан, олардың инерттілік және гравитациялық массаларының қатынасы да бірдей болады, яғни инерттілік және гравитациялық массалар бір-біріне пропорционал. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін сәйкестендіріп таңдау арқылы оларды бір-біріне теңестіруге болады. Дене еркін түскен кезде инерттілік және гравитациялық массалардың бір-біріне теңдігінің нәтижесінде инерциялық күш пен ауырлық күші бірін-бірі компенсациялайды, сондықтан ол күштер қарастырылмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет