Инерция күштері. Инерциялық координаталар жүйе-лерінде дененің үдемелі қозғалысының жалғыз ғана себебі, басқа денелер тарапынан әсер ететін күштер болып табылады. Күш әрқашанда материалдық денелердің өзара әсерінің нәтижесі.
Инерциялық емес жүйелерде, инерциялық жүйедегі сияқты үдеу тек қана күш арқылы тудырылады, бірақ кәдімгі өзара әсер күштерінен басқа, табиғаты ерекше күштер, яғни инерция күштері болады. Инерция күштерінің болуы инерциялық емес жүйенің, инерциялық жүйеге қатысты үдемелі қозғалыста екендігін көрсетеді. Ньютонның екінші заңының инерциялық емес жүйедегі түрі
, (61)
а/-инерциялық емес санақ жүйесіндегі үдеу, Ғ- «кәдімгі» өзара әсер нәтижесінде пайда болатын күш, Ғин – инерция күші.
Инерция күшін табайық. Белгілі бір дененің қозғалыс теңдеуін инерциялық емес және инерциялық координаталар жүйесінде жазайық
, (62)
ma=F (63)
F- екі координаталар жүйесіне бірдей -«кәдімгі» өзара әсер күштері, а/ және а инерциал емес және инерциал координаталар жүйелеріне сәйкес үдеулер. (62) және (63) өрнектерден инерция күшін табайық
, (64)
а – инерциялық санақ жүйесіне қатысты абсолютті үдеу, а’- инерциялық емес санақ жүйесіне қатысты салыстырмалы үдеу.
Инерция күші дегеніміз, (64) формуладан көрініп тұрғандай салыстырмалық және абсолют үдеулердің айырмасын білдіреді. Инерция күші, инерциялық емес координаталар жүйесінде ғана болады.
Достарыңызбен бөлісу: |