Білім беру бағдарламасы: «6B05102-Биотехнология»



бет16/35
Дата08.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#195523
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
«Фармакогнозия» пәні бойынша
Основными целями прохождения данного вида практики (2), JAVASCRIPT тілінде бағдарламалау, Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан, 137131, гулеке, 15 Банктердің қаржылық есеп беру, Жаратылыс тарихы, кванттық физика, 002243766023-2 (1), Абакирова Ания БТ 211, реферат Ания, Мақала. Абдуллаев Далер. СиС-221., Тест АКТ каз (1), Логистика 20231214 014624 0000
Көкнәр. Көкнәр тұқымдасына жататын шөптектес өсімдік. Ол жылу сүйгіш және жарық сүйгіш өсімдік. Ол жақсы даму үшін ауа райы ашық, жылы, құрғақ болу керек. Оның тұқымынан алынатын майының сапасы жаңғақ пен күнжіт сияқты майлы өсімдіктердің майының сапасымен тең. Майы негізінен тез кеуіп кетеді. Көкнәр тұқымындағы майының құрамы 50-55 %. Түсі ақшыл-сары түсті, иісі мен дәмі жағымды болып келеді. Майы ащы емес, дәмді болып келеді және көпке дейін сақталады. Сондықтан кондитер және консерв өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Бұдан басқа оның майы жоғары сапалы бояу, лак алу үшін, сабын шаруашылығында қолданылады. Көкнәр неізінен 2 түрлі мақсатта өсіріледі. Осыған байланысты мәдени түрге айналдырылған көкнәр дәрілік мақсатта, яғни жоғары сапалы дәрі алу үшін (морфий) алуға және май алу үшін пайдаланылады.
Зығыр. Зығыр тұқымдасына жататын өсімдік. Зығырдың 3 түрі бар. 1) Ұсақтұқымды зығыр (евразиялық); 2) Орташа тұқымды зығыр; 3) Ірі тұқымды зығыр (жерортатеңіздік). Біздің өңірде ұсақтұқымды және орташа тұқымды зығыр таралған. Зығыр тұқымы майға бай келеді. Оны екпе зығырдан алады. Тұқымдағы майдың мөлшері 32-ден 38 %-ке дейін болады. Май линоне қышқылына өте бай болып келеді, сондықтан ол тез кеуіп кетеді. Оның майын тамақ және техникалық мақсатта қолданады. Зығыр майының құрамында 33,5 % ақуыз бар.
Қарасора. ??? Қарасора майы екпе қарасораның тұқымынан алынады. Мәдени түрге айналдырыған қарасораның тұқымында май 30-дан 35%-ке дейін болады, оның түсі ашық немесе сарғыш жасыл түсті болып, өзіне тән иісі мен дәмі болады. Қарасора майы тағам ретінде, сонымен қатар техникалық мақсатта олиф дайындауға және сабын өнеркәсібінде пайдаланылады.
Тунга ағашы. Бұл қаратеңіз жағалауы мен Колхид аймақтарында кездесетін субтропикалық өсімдік. Басқаша Қытай тунгасы немесе май ағашы және Жапон тунгасы дейді. Оның тұқымында 40-тан 43 %-ке дейін май болады. Бірақ оны тамаққа пайдаланбайды, үйткені ол улы. Техникалық мақсатта лактар мен олиф дайындауға және авиацияда, сонымен қатар су өткізбейтін маталар дайындауға пайдаланады. Тунга майынан шыныға жазу үшін сия алады.
Тез кебетін май раушангүлділердің өкілі - шәңгіш тұқымында да бар. Оның мөлшері 15-21 % болады. Крестгүлділердің өкілі – Лозелиев сарбасқурайдың тұқымында 25-28 % май болады.
Жартылай кебетін май беретін өсімдіктер. Бұл өсімдіктерге негізінен тамаққа пайдаланатын өсімдіктер жатады. Демек олардан алынатын майлар тамақ өндірісінде, консерв шаруашылығында, күнделікті тамаққа пайдваланылады. Оларға: күнбағыс, соя, күнжіт, қыша, рапс, арыш, жүгері, мақта т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет