бойынша жүргізіледі.
Педагогтің мектепке дейінгі ұйымның қызметін жоспарлау және өзгеріс енгізуді
негіздейтін рефлексиясы бірінші аудиториялық кезеңге негізделеді, ал «Мектепке дейінгі
ұйымдағы тәжірибе» кезеңінде педагогтер бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде әзірлеген
жоспарларын
қолданысқа енгізіп, апробациядан өткізеді, жоспарлары мен
циклограммаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.
Мектепке дейінгі ұйымда өткізуге арналған тапсырмаларды кез келген реттілікпен
орындауға болады:
- олардың бірқатары белгілі бір танымдық оқиға аясында жүзеге асырылады;
- енді бір тапсырмалар перспективалы жоспарлауға түзетулер
мен толықтырулар
енгізу барысында орындалады;
- тапсырмалардың бірқатары циклограмманы апробациядан өткізу барысында іске
асырылады;
- кейбір тапсырмалар іс-әрекет нәтижелерін бақылау және рефлексия барысында
жүзеге асырылады.
Тапсырмалар бойынша түсініктемелер ұйымдастырылған оқу қызметіне
педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін ойын, құрылымдалған ойын және еркін ойынды
енгізуді негіздеу және тәрбиелеу мен оқыту тәжірибесіне өзгеріс
енгізудің тиімділігін
көрсету бойынша рефлексиялық есепті дайындауда көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: