Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан.
Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты
жалпы республикалық ашық сабақтардың
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
2019 жылдың 1 желтоқсанында елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасының Парламенті Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке деп белгілеген Заң қабылдады.
1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Нұрсұлтан Назарбаев егемен Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан қазақстандық мемлекеттіліктің бастауында тұрған аса көрнекті тұлға. 20 жыл бойы Елбасы Н. Назарбаевтың дана саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Бірыңғай сабақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған және білім беру ұйымдары білім алушыларының назарын Ұлт Көшбасшысының ерен еңбектеріне аударуға, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін бекітуге, сондай-ақ өздерінің тұлғалық өсуіне қажетті дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған.
Тақырыбы: Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары
Достарыңызбен бөлісу: |