Білім беру саласы: Коммуникация Білім бөлімі: Көркем әдебиет



бет43/97
Дата07.02.2022
өлшемі215,5 Kb.
#90034
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97
Сөздік жұмыс: Астана, бәйтерек,
Керекті құралдар:Қазақстан Республикасының рәміздері мен Астана қаласының суреттері



Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті



Мотивациялық
қозғаушы

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
– Балалар, айналамызға назар аударайықшы, бүгін біздің тобымыз күндегіден ерекше безендірілген, Ендеше шаттық шеңберін құрып, амандасайық.

-Жарайсыңдар балалар, енді орындарымызға отырайық.



Балалар топтың әсем безендірілгенін көріп, шаттық шеңберін құрады, келген қонақтармен амандасады.
Арайлап таң атты.
Алтын сауле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз
Сәлеметсіз бе, апайлар!

Ұйымдастырушы
ізденуші

Тәрбиеші:
–Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
–Қыс мезгілінде неше ай бар?
–Қыс мезгілінің ай аттарын кім атап береді?
–Қыс мезгілінде ауа–райы қандай болады?
–Өте жақсы, сендер қыс мезгілі туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Балалар мен сендерге өлең жолдарын оқып берейін, сендер мені мұқият тыңдап отырып, өлең жолдары не туралы екенін айтыңдар.
Отанымның төрінде
Сарыарқаның өрінде,
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам – бас қалам!
–Балалар өлең жолдарында қай қала туралы айтылған?
–Дұрыс Астана қаласы туралы айтылған екен, олай болса бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: «Астана – бас қала» деп аталады.
–Балалар біздің ұлтымыз қазақ, ал Отанымыз Қазақстан деп аталады.
Қане балалар, «Қазақстан» деп айтайықшы.
–Біздің еліміз ешкімге тәуелсіз ел, еліміздіғ елтаңбасы, әнұраны және туы бар.
–Балалар қараңдаршы, міне мынау біздің еліміздің туы. Қане балалар «ту» деп айтайықшы.
–Тудың түсі көгілдір, ортасында күн мен қыранның бейнесі бейнеленген, бір шетінде халқымыздың ою – өрнегі бар екен.
–Балалар ал мынау біздің еліміздің елтаңбасы.
–Ал мынау балалар, біздің әнұранымыз. Әнұран орындалған кезде барлығымыз орнымыздан тұрып, қолымызды кеудемізге қоюымыз керек.
–Балалар біздің елімізді басқарып отырған елбасымыз бар. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Міне балалар – біздің елбасымыздың суреті. Ол елімізді бірлікте, ауызбіршілікте басқарып отыр.
–Қане балалар, бұл кім екен?

–Балалар біздің еліміз тәуелсіз мемлекет болғандықтан біздің елордамыз, бас қаламыз бар. Ол Астана қаласы. Қане балалар, «Астана» деп айтайықшы. Астана қаласы өте әдемі, жас қала. Астана қаласында әсем ғимараттар бар. Солардың бірі «Астана – Бәйтерек» монументі. Міне мынау біздің бәйтерегіміз. Қане балалар, «бәйтерек» деп айтайықшы.


–Өте жақсы балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, қане орнымыздан тұрып, сергіп алайық.

Балалар:
–Қыс мезгілі,
–Қыс мезгілінде 3 ай бар,
–Желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары
Қыста күн суық, адамдар қалың киінеді

Балалар өлең жолдарын тыңдады:


–Астана қаласы, – туралы деп жауап береді.
Балалар жаңа тақырыппен танысты.
–Қазақстан, – деп айтады.

Балалар еліміздің елтаңбасын, туын, әнұранын көрді.


–Ту,– деп айтады.
Балалар туды көреді, ту туралы түсінік алады.
Балалар еліміздің елтаңбасы мен әнұранын көрді, түсінік алды.

–Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, – деп жауап береді.


–Астана қаласы, – деп айтады.
Балалар Астана қаласының әсем ғимараттарының суреттерін көреді,
–Бәйтерек,–деп айтады.

Балалар сергіту жаттығуын жасайды.


.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет