Білім берудегі менеджмент



бет42/60
Дата11.06.2023
өлшемі309,25 Kb.
#178621
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60
Байланысты:
әдістемелік құрал Менеджмент

Жағдаяттық тәсілде (1960-шы жж. басы) көшбасшылық тиімді болу үшін, шешуші рольді жағдаяттық факторлар алатынын белгіледі, сонымен бірге тұлғалық және мінез-құлықтық сипаттардың маңызы да терістелмеді. Жағдаяттық модельдердің көпшілігінің негізіне басқару жағдаятының табиғатын және оның негізгі факторларын анықтап талдау нәтижесінде анықталатын басқару стилін таңдау жатады. Жағдаяттық тәсілдің алғашқы теорияларының бірі Ф. Фидлердің басшылық моделі болды, онда жағдайға назар шоғырландырылды және басшының мінез-құлқына ықпал ететін үш фактор бөлінді:

  • басшы мен қарамағындағылардың өзара қатынасы (сенім мен құрметтің деңгейі);

  • міндеттер құрылымы (еңбек регламенті);

  • басшының билігі (қызметтік тапсырманың көлемі).

  • Фидлердің теориясы тиімді басшылықты қамтамасыз етуге байланысты екі маңызды фактіні жасады:

  • жағымды және жағымсыз жағдайда топтың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін міндеттерді орындауға бағдарланған басшы. Аралық жағдайда топтың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін қатынасқа бағдарланған басшы;

  • басшының жұмыс тиімділігі жағдайдың жағымдылық деңгейіне, көшбасшылықтың стиліне байланысты.

Басқару стилі мен жағдаятқа жұмыс жасап отырған ұжымның сәйкестігі шешуші фактор болып табылады.
 Гендер - бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.  "Gender" сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді.
"Гендер" термині әлеуметтік процестерді түсінуге арналған талдау құралы болып табылады.
Гендерлік саясат - қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
Гендерлік теңдік - әлеуметтік функцияларды орындау кезінде жыныстық тегіне қарамастан әйелдер мен ерлердің ресурстар мен игіліктерге тең дәрежеде қол жеткізуі.
Гендерлік тең құқықтылық - әйелдер мен ерлердің заң алдындағы тең құқықтығы гендерлік теңдікке жету жолдарының бірі болып табылады.
Қазақстанда соңғы он жылдықта әйелдер мен ер адамдардың қоғамда құқығы мен мүмкіндіктерінің тең болуы үшін жасалған шаралар легі артып келеді. Құқықтық және институттық негіздердің жеткілікті болуы осының дәлелі, сондай-ақ еліміздегі гендерлік теңдікті жетілдірудің статистикалық мәліметтері мен көрсеткіштері анғұрлым жақсы. Қазіргі таңда Қазақстан адам құқықтары бойынша 60 халықаралық келісімшартқа қол қойған. «Ерлер мен әйелдердің теңдей құқығы мен бірдей мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілі мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» және басқа да заңдар қабылданды. ҚР Президенті жанындағы Іскер әйелдер мен отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының қатысуымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының бірлесуі арқасында Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы жасалды.
Қоғамда әйелдердің саясаттағы мүмкіндігі артып келеді. Парламент Мәжілісінің сайлау қорытындысы бойынша әйел депутаттардың осы палатадағы үлесі 27,1 пайыз. Ал Сенаттағы әйелдердің үлесі 20,8 пайызды құрады.
Мемлекеттік сектордағы әйел қызметкерлердің саны – 56,6 пайыз, олардың 29 пайызы – басшылық қызметтерде.
Десек те, бұл саладағы жақсы көрсеткіштермен қатар «гендерлік вертикаль» мәселесі де бар. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметтегі және ұжымдық секторда жауапты қызметте отырған әйелдер орташа және төмен деңгейлі қызметтерде жұмыс істейді, сәйкесінше шешім қабылдайтын жоғары лауазымды әйелдер қатары некен-саяқ. Экономикалық қауымдастық және даму ұйымының мәліметтеріне жүгінсек, 13,3 пайыз әйелдер министрлер қатарында, ал 9,8 пайызы ірі корпорациялардың басшылық қызметінде істейді. Ең бастысы, Қазақстандағы әйелдердің білім деңгейі мен біліктілігі жоғары екенін айта кеткен жөн. Мәселен, магистратурада оқитын әйелдердің саны 64 пайызды құрап отыр, ал докторлық дәрежені қорғау үшін оқитын қыздарымыздың үлесі – 58 пайыз. Еліміздегі әйел адамдардың 99,3 пайызы орта және жоғары білім алған. Осы мәліметті біле тұра, әйел адамдардың лауазымды қызметке көтерілуіне әлі де шектеулер бар.
Еліміздегі аналардың көпшілігі айлық еңбекақысы төмен жұмыстарда істейді, нақтырақ айтсақ, білім және денсаулық сақтау саласы, сонымен қатар тамақтану, қаржы және сақтандыру секторында қызмет етеді.
Дегенмен экономикалық сферада әйелдер жұмыссыздығы азайып келеді. Әйелдердің кәсіпкерлікті дамытуы өз алдына, отандық кәсіптің 50 пайызы әйелдердің қолында, 10 жыл бұрын көрсеткіш 38 пайыз болатын. Шағын және орта кәсіпкерлікті басқаратын әйелдердің үлесі – 42 пайыз, олар 30 пайыздай жұмыс орнын ашып отыр. Сонымен қатар, экономиканың ірі салалары – көмір, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласында да әйелдердің үлесі аз емес.
Еліміздегі жұмысшылардың 67 пайызы – нәзік жандылар. Олардың көпшілігінің отбасы бар, өз басының шаруасы көп болғандықтан, еңбек етуге жайлы жағдай мен тиісті әлеуметтік жәрдемақыны талап ете алмайды.
Қазақстанда гендерлік саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары бірлесе жұмыс жасау керек, үкіметтік емес ұйымдар, әсіресе әйел құқықтары жөніндегі ҮЕҰ белсене араласуы керек. Әйелдер істері жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар әйелдерге әлеуметтік салада көмек көрсетеді, кәсіпкерлікті дамытуға көмек қолын созды, әйелдердің көшбасшылығын арттырып, отбасы құндылықтарын арттыру мен гендерлік білімін жоғарылату, халықтың өсіп-өну денсаулығын сақтау, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты азайтуда бірқатар шаралар атқарды. Мысалы, әйелдердің шешім қабылдаушы лауазым деңгейіне жету үшін 64 ҮЕҰ-дары енген Әйел көшбасшылығы мектебі ашылды. Барлық аймақтарда «Саясаткер әйел клубы» ашылды, ол өз кезегінде қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде әйел көшбасшылығын дамытуға жәрдем береді.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы әйелдер үлесі нақты саннан 55,4%-ды құрады. Бұл ретте басшылық лауазымындағы әйелдердің үлесі – 39,8%. 
ҚР МҚІА-ның (Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің) баспасөз қызметі хабарлағандай, әйелдердің басшылық лауазымдарында өкілдік етуі келесідей: аймақтар әкімдерінің орынбасарлары – 10,7% әйелдер, қалалар мен аудандар әкімдері – 1,5%, комитеттер төрағаларының орынбасарлары мен орталық мемлекеттік органдар департаменттерінің директорлары – 30,4%, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары – 14,2%, облыстық басқармалар басшылары – 17,6%, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары – 15,4%.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет