Білім және ғылым министрінің



бет6/16
Дата26.02.2020
өлшемі277,09 Kb.
#59040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
0904000 ЭНС
0904000 ЭНС , Әдістемелік бірлестік туралы Е Р Е Ж Е, сссссссссссссс, 130 приказ қосымшалары1, 130 приказ қосымшалары1, Кітап қажетті, Жас мамандарға арналған әдістемелік коучинг, Describe people, Оп Каз 30, Doc1, 1-4 сынып stud.kz-64387, Тәжібай Берік мұғалімнің жетістігі
1. Тұрақты және ауыспалы тоқ машиналарының мақсаты, қолданылу салалары, конструкциясы және әрекет ету қағидатына сипаттама береді.
2. Тұрақты тоқ қозғалтқыштарын іске қосу және айналу жиілігін реттеу тәсілдеріне сипаттама береді.
3. Түрлі үлгідегі электр машиналарының негізгі эксплуатациялық көрсеткіштерін түсніеді.
4. Машиналардың ормадарының құрылымын түсінеді.
5. Машиналардың коммутациясын, оны жақсарту тәсілдерін түсінеді.
6. Тұрақты тоқ машиналарының механикалық сипаттамаларын есептеуді жүргізеді.
7. Тұрақты тоқ қозғалтқыштарын іске қосу және айналу жиілігін реттеуді жүргізеді.
8. Электрлік машиналарда ұшқындауды жоя біледі.


Оқытудың нәтижесі: 10) Трансформаторлар мен электрмашиналарының эксплуатациялау ерекшеліктерін ескере отырып, есептеуді жүргізу.

Бағалау өлшемшарттары

1. Трансформаторлар мен электрмашиналарыныңәрекет ету қағидатын түсінеді.
2. Автотрансформаторлар мен үш орамды трансформаторлар конструкциясының ерекшеліктерін және эксплуатациялық қасиетерін түсіндіреді.
3. Электр машиналары конструкциясының ерекшеліктерін және эксплуатациялық қасиетерін түсіндіреді.
4. Түрлі үлгідегі трансформаторлардың негізгі эксплуатациялық көрсеткіштерін түсіндіреді.
5. Электр машиналарының ашып көрсетілген сызбасын есептейді және құрады.
6. Трансформаторлардың параметрлері мен сипаттамаларын есептейді.
7. Параллель қосылған трансформаторлардың арасында жүктемені бөлу жөніндегі есепті жүргізеді.


Оқытудың нәтижесі:11) Өлшенетін шамалармен сәйкестендіре отырып, өлшеуіш аспаптарды таңдау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Өзінің кәсіби қызметінде өлшеуіш аспаптарды, өлшеу тәсілдері мен әдістерін қолданады.
2. Өлшеудің және өлшеуіш аспаптардың кемшіліктерін бағалайды.
3. Өлшеу аспаптарын тексерудіжүзеге асырады.
4. Түрлі жүйелердің өлшеуіш аспаптарының, авометрлердің, гальванометрлердің, осциллографтардың, цифрлық аспаптардың жұмыс қағидатын түсіндіреді.
5. Нақты қажетті өлшеулерді орындау үшін түрлі жүйелердің және үлгілердің өлшеу аспаптарын таңдайды.
6. Элеткрлік тізбектердің, негізгі электр шамаларының, электр және магниттік өрістер сипаттамаларының негізгі параметрлерін өлшеуді орындайды.
7. Электрлік өлшемдер саласындағы арнайы терминологияны пайдаланады.
8. Түрлі өлшеуіш аспаптардың мақсаты және қолданылуы, өлшеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалану мәселелері бойынша заманауи ақпараттық кеңістікті біледі.
9. Техникалық, нормативтік және анықтамалық әдебиетті пайдаланады.


Оқытудың нәтижесі: 12) Электрлік шамаларды өлшеуді орындау.

Бағалау өлшемшарттары

1. Түрлі электрлік тізбектер мен құрылғыларда тоқты, кернеуді, қуатты, электр энергиясын, қуат коэффициентін, жиілікті өлшейді.
2. Түрлі тәсілдермен және әдістермен кіші, орташа, үлкен қарсылықтарды, оқшаулау қарсылықтарын және жерге тұйықтауды өлшейді.
3. Қарқындылықты, өзара қарқындылықты және сыйымдылықты өлшейді.
4. Электр және магниттік өрістер сипаттамаларын өлшейді.


Оқытудың нәтижесі: 13) Арнайы өлшеулерді орындау

Бағалау өлшемшарттары

1. Кәбілдік және әуе желілерінде өлшеулерді орындайды.
2. Әуе және кәбілдік желілердің зақымданған жерлерін айқындайды.
3. Электрлік әдістермен электрлік емес шамаларды өлшейді.
4. Жылуды өлшеу қағидаттарын сақтайды.


Оқытудың нәтижесі: 14) Үлгі электрондық аппаратураның қарапайым сызбаларын түсіну және оқу.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Түрлі жартылай өткізгішті аспаптардың құрылымына, әрекет ету қағидатына, негізгі техникалық параметрлеріне, маркалануына, шартты белгілеулеріне және қолданылу салаларына сипаттама береді.
2. Электрондық тіктендіргіштерге сипаттама береді.
3. Төмен жиіліктегі күшейткіш каскадтарды,қуатты күшейткіштерді, көпкаскадты күшейткіштерді, тұрақты тоқ күшейткіштерін, операциялық күшейткіштерді, генераторларды және импульсті құрылғыларды айырады және олардың әрекет ету қағидатын түсіндіреді, төмен жиіліктегі күшейткіштердің параметрлерін айқындайды.
4. Қайта жасау құрылғыларының және қоректендіру көздерінің құрылу ерекшеліктерін және үлгі сызбаларының жұмыс қағидатын айырады, тіктендіргіштерді есептеуді жүргізеді, логикалық элементтер үшін шынайылық кестесін жасайды.
5. Цифрлық қондырғылардың негізгі үлгілеріне сипаттама береді, логикалық элементтер үшін шынайылық кестесін жасайды.
6. Электрондық аппаратураның қарапайым үлгі сызбаларын оқиды
7. Микроэлектрониканың интегралдық сызбаларына сипаттама береді.


Оқытудың нәтижесі: П) Қолданылу ерекшеліктеріне қарай электрондық аспаптардың типтерін таңдау және эксплуатациялау

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Электр жабдығын басқару үшін электрондық аспаптарды таңдауды жүзеге асырады.
2. Электрондық құрылғылардың қолданылуын бағалайды.
3. Электрондық құрылғыларды эксплуатациялай біледі.


3 КБ. Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну

03 КМ. Өзінің болашақ мамандығының маңыздылығын түсіну

Осы модуль темір жол желісін және көліктің басқа түрлерімен оның өзара іс-қимылына, инновациялық технологиялар жағдайында темір жол көлігінің міндеті және даму перспективалары, темір жол көлігі жұмысыныңнегізгі көрсеткіштері, темір жолдардың негізгі көрсеткіштері туралы түсінік береді.

Оқытудың нәтижесі: 1) Магистралдық темір жол көлігі туралы мағлұматы бар

Темір жолдар негізгі курсы
Оқу-танысу практикасы


Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Темір жол көлігі туралы мағлұматы бар
2. Габариттер туралы мағлұматы бар
3. Поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде габариттердің мәнін есептейді.


Оқытудың нәтижесі: 2) Темір жол қызметерінің мақсатын түсіну.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Жол және жол шаруашылығы саласында білімдерін көрсетеді.
2. Локомотив және вагон шаруашылығы саласында білімдерін көрсетеді.
3. Темір жолдағы автоматика, телемеханика және байланыс саласында білімдерін көрсетеді.
4. Жүк, жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру саласында білімдерін көрсетеді, бөлек пункттер туралы түсінігі бар.
5. Темір жолдарды электрмен жарақтау саласында білімдерін көрсетеді..


Оқытудың нәтижесі: 3) Темір жол қызметтерінің мақсаты және олар шешетін міндеттерді зерделеу.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Қазақстанның электрлендірілген темір жол көлігінің тарихын, оның даму перспективаларын, өнімнің негзігі түрлерін және оның техникалық-экономикалық сипаттамаларын біледі.
2. Электрлендірілген темір жол көлігініңқұрылымына, оны басқаруға, негізгі қызметтердің мақсаты және міндеттеріне, құрылымдық бөлімшелердің функцияларына, темір жолдың басқа бөлімдері мен бөлімшелерінің олармен байланысына сипаттама береді.
3. Темір жол көлігінің кәсіпорындары туралы ақпаратты меңгерген (локомотив, вагон, жол шаруашылығы, қозғалыс қызметі және сигнализация, орталықтандыру және блоктау қызметі).











Оқытудың нәтижесі: 4) Темір жолдарды элеткрмен жарақтау шаруашылығын зерделеу.




Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Желілік ауданның мақсатын түсіндіреді және негізгі объектілерін атайды; темір жол торабын электрмен жарақтау объектілері; ауыспалы тоқпен электрлендірілетін темір жол учаскесін электрмен жарақтау.
2. Құрылымын, қызметінің сипатын түсіндіреді және мыналарға жататын электр қондырғыларын атайды: байланыс желісінің;желілік ауданның ара-қашықтықтары; электрмеханикалық шеберханаларға электрмен жарақтау ара-қашықтығы; ауырлық кіші станцияларына электрмен жарақтау ара-қашықтығы; жөндеу-ревизиялау цехі бар электрлік-өндірістік учаске; орталық электртехникалық зертхана.


4 КБ. Кәсіптік қызметте техникалық механика заңдарын қолдану

04 КМ.Кәсіптік қызметте техникалық механика заңдарын қолдану

Осы модуль детальдардың беріктікке есептеуді орындау үшін қажетті дағдылар мен білімдерді алуға мүмкіндік береді.
Модульді зерделеудің нәтижесінде білім алушылар мыналарды меңгереді:
статиканың, кинематиканың және динамиканың негізгі түсініктерін;
материалдардың қарсылығының негізгі ережелерін;
машиналар детальдарының негізгі ережелері; детальдар мен тораптардың тозу және деформация түрлерін; майлауыш материалдардың түрлері, тораптармен детальдарды майлау үшін қолданылатын майлардың қасиеттеріне талаптар, майлауыш материалдарды сақтау қағидаларын; берілістердің құрылымы, саралануы, әрекет ету қағидаты; механизмдердің түрлері, олардың кинематикалық және динамикалық қасиеттерін.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар: өзекті және білікті жүйелердің реакцияларын айқындауды;
пайдалы әрекеттің жұмысын, қуатын және коэффициентін айқындауды; деформацияның әр түрінің беріктігін есептеулерді орындауды;
жалғағыш және айырғыш қосылыстардың, берілістердің, подшипниктердің және аралықтардың беріктігіне есептеулерді орындауды үйренеді.


Оқытудың нәтижесі: 1) Күштердің жайпақ және кеңістіктік жүйелерінің реакцияларын айқындау.

Техникалық механика негіздері

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Өндірістік міндеттерді шешуде статиканың негізгі түсініктерін пайдаланады.
2. Өзектіжәнеарқалықжүйелердіңреакциясынайқындайды.
3. Жайпақ геометриялық фигуралар мен стандарттық профильдердің ауырлық орталығын айқындайды.


Оқытудың нәтижесі: 2) Пайдалы әрекеттің жұмысын, қуатын және коэффициентін айқындау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Кинематика мен динамиканың негізгі түсініктеріне сипаттама береді.
2. Механикалық қозғалыстың негізгі параметрлерін айқындайды.
3. Кинетостатика әдісін және динамиканың негізгі теоремаларын пайдаланып, инерция күшін айқындайды.


Оқытудың нәтижесі: 3) Деформацияның әр түрінің беріктігін есептеуді орындау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Материалдардың қарсылығының негізгі ережелерін білуін көрсетеді.
2. Жайпақ қималардың геометриялық сипаттамаларын айқындайды.
3. Деформацияның әр түрі кезінде тексеру, жобалау және рұқсат етілетін жүктемені есептеуді орындайды.


Оқытудың нәтижесі: 4) Машиналардың детальдарын беріктікке есептеуді орындау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Машиналар детальдарының негізгі ережелеріне сипаттама береді.
2. Жалғағыш және айырғыш қосылыстардың беріктігіне есептеулерді орындайды.
3. Берілістер мен аралықтардың жобалық есептеулерін орындайды.
4. Берілістердің, подшипниктердің және аралықтардың беріктігін есептеулерді орындайды.
5. Стандарттық және қалыптандырылған муфталарды іріктеуді орындайды.


5 КБ. Байланыс желісінің жабдығына техникалық қызмет көрсетуді, реттеуді және жөндеуді жүзеге асыру

05 КМ. Байланыс желісінің жабдығына техникалық қызмет көрсету

Бұл модуль байланыс желісі жабдығына техникалық қызмет көрсетуді орындауға қажетті білім мен дағды, жұмыс нәтижелілігін сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушы келесі білімді меңгереді:
байланыс аспа конструкциясының негізгі элементтері, байланыс желісі және ауа желілерінің құрылымын;
байланыс аспа негізгі конструктивтік элементтерін ажырата білу, тағайындалуы бойынша байланыс желісінің қолдаушы және салмақ түсетін конструкциялары және байланыс желісі деталдарын пайдалануын (консол, қатты және икем арқалықтары, фиксаторлар);
техникалық қызмет көрсетудің негізгі ережелері және қызмет көрсететін байланыс желісін жөндеуін;
байланыс желісіде жөндеу жұмыстарын орындаған кезде қарапайым құраалдар және құралдармен істеу ережесін;
сымдарды бекіту және түйістіру тәсілдерін; байланыс желісі көлік бұғаттау, толықбергіш, байланыс желісіге ілінген тіректер және жеке тұрған тіректер жоғары вольтты желілерді жөндеу технологиясын;
такелажды құралдар және слесарлық құрал-сайманның тағайындалуы мен құрылымын;
жұмыс тәсілдері және тиеу-арту жұмыстарында операциялардың реті;
қызмет көрсететін участоктың байланыс желісісін қоректендіру және бөлімдеу сызбаларын;
өлшеу, бөлу, слесарлық аспаптарды қолданып деталдар мен тораптарды слесарлық өңдеу технологиясына сақтай отыра, міндеттері шегі бойынша слесарлық жұмыстарды орындауды.
Модульді зерделеген кезде білім алушы келесі білімді үйренеді:
байланыс желісі және ауа желілерін қарап байқауды жүргізуді;
электрмен дәнекерлеу жұмысы технологиясын игеруді;
ағымдағы пайдалану жағдайында байланыс желісіні жөндеу және реттеуді;
қызмет көрсету бойынша қарапайым операцияларды орындауды;
контактілік желі тіректерінде ілініп тұрған ұзақ электр жабдықтау желілерін ұстау және жөндеу бойынша жұмысты орындауды;
КС қолдаушы және салмақ түсіретін конструкциялар, электр жабдықтарын күрделі емес жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді орындауды;
жоспарлы ескерілген жөндеге сай ағымдағы пайдалану тәртібіндегі жұмысты орындауды;
топырақты қазбай тіректің іргетасы, тартылуы және түбі конструкцияларының жағдайын бақылауды;
секциялық ажыратқыш жетектері жұмысын тексеру, анкерлік тіректер тартуын оқшаулауды;
реттеу контактілік аспаны реттеу, қайта қосу жетектерін тексеру және реттеуді;
құралдар мен тетіктерді пайдаланып такелажды жұмысты орындауды;
қазаншұңқыр қазу және машина, тетік және құралдар және қолмен топыраққа тіреу орнату операцияларын орындауды;
іректі жөндеуге қатысу, қарапайым құралдар және құрал-саймандарды қолдана білуді;
міндеттер шеңберінде деталдарды слесарлық және механикалық өңдеуді орындауды.


Оқытудың нәтижесі: 1) Байланыс желісі негізгі қолдаушы және салмақ түсетін конструкциялары және тағайындалуын талдау.

Магистралдық электр көлігінің Байланыс желісі.
 
Электр қондырғыларын монтаждау, баптау,
қызмет көрсету және жөндеу
Өндірістік оқыту
 


Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Электрленген темір жол байланыс желісінің тағайындалуы және негізгі міндеттерін түсінеді.
2. Байланыс аспабы конструкциясының негізгі элементтері, тағайындалуы туралы түсінікті игерді.
3. Түйіспелі торап оқшаулауы, сымдардың тағайындалуы, маркалануы және конструкциялары туралы түсінікті игерді.
4. Түйіспелі торап тіректері және қолдаушы (іргетасы, анкерлер, көлденең шабақ ағаш созулар) конструкциялары туралы түсініктіигерді.
5. Топырақ, топырақта түйіспелі торап тіректерін орнату және бекіту туралы түсінікті игерді.
6. Байланыс аспасының негізгі габариттері, сымдарға мүмкін болатын жүктемелерді атайды.
7. Түйіспелі торап тіректері және қолдаушы (іргетасы, анкерлер, көлденең шабақ ағаш созулар) конструкцияларды тағайындалуы бойынша жіктейді және визуалды айыра алады.
8. Топырақта түйіспелі торап тіректерін орнатады және бекітеді .


Оқытудың нәтижесі: 2) Түйіспелі торап қоректену және секциялау сызбаларын талдау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1.Электрленген темір жол жүйесін анықтайды
2. Қызмет көрсететін участоктың қоректену және бөлінуі туралы түсінік бар.


Оқытудың нәтижесі: 3) Такелаждық жұмыстарды жүргізу.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1.Жүк және жүктерді тиеуді орналастырғанда қарапайым такелаждық құралдарды таңдайды және қолданады.
2. Байланыс желісі тіректеріне уақытша дабыл белгілерін орнатады.
3. Негізгі және қосалқы электр жабдықтарын қолдаушы және салмақ түсіруші негізгі деталдарды сақтау және қаттауды жүргізеді..


Оқытудың нәтижесі: 4) Жинау үрдісінде күрделігі түрлі деталдар мен тораптарды слесарлық өңдеуін орындау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Слесарлық істің негіздері мен қағидаттарын біледі.
2. Деталдар мен тораптарды слесарлық өңдеуін технологиясы түсінігін көрсетеді.
3. Өңделетін материалдың атауы, маркировкасы, қасиеттерін атайды.
4. Міндеттер шеңберінде деталдарды слесарлық және механикалық өңдеуді орындайды.
5. Технологиялық карталарға сәйкес сызба мен сызулар бойынша деталдардан конструкция жинауды жүргізеді .
6. Өңделетін түрлі күрделі деталдар мен тораптардың жұмыс сызбалары мен кинематикалық сызбаларын оқиды.


Оқытудың нәтижесі: 5) Байланыс желісі жабдықтарын техникалық қызмет көрсету және жөндеуді орындау.

Бағалау өлшемшарттары

1. Байланыс желісі қызмет көрсететін құрылымы қалыпты жағдайынан бүліну немесе ауытқулар және оларды жою тәсілдері белгілерін атайды.
2. Ағымдағы пайдалану жағдайында Байланыс желісіге қызмет көрсету, жөндеу және реттеу бойынша қарапайым операцияларды орындау тәртібін сипаттайды (электрмен қамтамасыз ету дистанциясының желілік контактілік аймағы жұмысын орындауға технологиялық картаға сай).
3. Байланыс желісі тіректерінде ілінген ұзақ электржабдықтау желілерін ұстау және жөндеуді түсіндіреді
4. Ток қабылдаушы жұмысының жағдайы, сапалы ток алу көрсеткіштерін түсіндіреді.
5. Сымдарды бекіту және түйістіру тәсілдерін анықтайды .


Оқытудың нәтижесі: 6) Байланыс желісі жабдығын реттеу және сынауды жүзеге асыру.

Электр қондырғыларын монтаждау, баптау,
Электрмонтаждық практикасыӨндірістік оқыту
Пісіру практикасы


Бағалау өлшемшарттары

1. Аралау және айналып өту, штанга, аспаптар, сондай-ақ техникалық диагностикалау құралдарын пайдаланып диагностикалық сынау және өлшеу кезінде Байланыс желісіні сыртай бақылау міндеттерін атайды.
2. Тексеруге жататын түйіспелі торап негізгі тораптары мен габариттерін , (ток жүретін бөлікке дейін оқшаулау қашықтықтары , контактілік сымдарды ілу биіктігі; контактілік сымдардың иректері; арқалықтың еңкеюі; қисық сымдарда контактілік сымдарды шығару; контактілік сымдарда созу.) атайды


Оқытудың нәтижесі: 7) Электр монтаждау жұмыстарын орындауға аспаптар, құралдарды игеру.

Бағалау өлшемшарттары

1. Электр монтаждау жұмысы кезінде құралдың негізгі түрлері мен тағайындауын атайды.
2. Электр монтаждау жұмыстарына жабдық пен материалдарды қолданады.
3. Дәнекерлеу және қалайылау әдістерін атайды.


Оқытудың нәтижесі: 8) Электр монтаждау жұмысы технологияларын игеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет