Іздену- ұйымдастыру
|
Жалпы дамыту жаттығулары
1. «Таспалар қайда?» Б.қ., аяқ сәл алшақ,қол таспамен артта. Таспамен қолды алға созып, «міне» деп, қолды қайта артқа тығу.
2. «Таспалар желбірейді». Б.қ.:аяқ сәл алшақ, қол таспамен төмен. Қолды шетке созып, жоғары көтеру, таспаларды ырғалту, қолды шетке созу арқылы төмен түсіру.
3. «Бұрылу». Б.қ.:тізерлеп тұру, қол таспамен төмен. Таспамен қолды оңға бұру, бұрылу, таспаға қарау; бастапқы қалыпқа оралу; таспамен қолды солға бұру, бұрылу, таспаға қарау. Бастапқы қалыпқа оралу;
4. «Таспамен бұлға». Б.қ.: тізерлеп тұру, қол таспамен артта. Оңға бұрылу, оң қолдағы таспамен бұрылу, бастапқы қалыпқа оралу; солға бұрылу, сол қолдағы таспамен бұлғау, бастапқы қалыпқа оралу..
5. «Еңкею». Б.қ.,: аяқ иық деңгейінде алшақ, қол таспамен төмен. Қолды шетке созып, алға қарай еңкею; бастапқы қалыпқа оралу.
6. «Жел таспамен ойнайды» еркін қимыл. «Жел ақырын ақырын соғады» (таспаға ақырын үрлеу), «Жел қатты», «Жел одан да қатты- қатты соғады»
|
Достарыңызбен бөлісу: |