Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет25/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Дәріс №12
 
Тақырыбы: 
Биологиялық білім беру дамуының осы заманғы жалпы білім 
беретін мектеп пен арнаулы орта оқу орнындағы үрдістері.
 
Дәріс жоспары
1.
Биологиялық білім берудің зерттеулерінде əдіснамалық тəсілдерді қолдану.
2.
Биологиялық білім беру педагогикалық жүйе.
3.
Мектеп оқушыларына арналған биологиялық білім беру жүйесінің 
құрылымы: жүйе компоненттері- мақсат, ынталандыру, жобалау, мазмұн, іс-
əрекет, басқару, нəтиже мен бағалау. 
Дәріс мазмұны
Қазіргі кезеңде биология ғылымы медицинаның, халық шаруашылығының 
ойдағыдай дамуы, табиғи ресурстарда тиімді пайдалану, техниканың өте 
маңызды проблемаларын шешу, космос кеңістігін игеру қоғамның əрбір 
мүшесінен биологиянық заңдылықтарды игеріп, оны практикада қолдана білуін 
талап етеді.
Ғылыми мағлұматтар көлемінің қарқындап өсуі мектеп оқушыларының 
танымдық мүмкіндіктерінің даму шапшаңдығын арттыру оқушылардың 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға барлық мүмкіндіктер жасау мақсатын 
алға қойып отыр.
Биология пəні тіршілік заңдарын, оның құрылыс дəрежесін білуге, 
биологиялық процестер мен құбылыстардың механизмін, ондағы жаңалықтар 
жəне адамның биосферадағы орнын көрсетеді жəне оның жағдайына 
жауапкершілікпен қарауға үйретеді.
Тіршіліктану курсы интегралдаушы роль атқарады, өйткені мұнда бұрын 
оқылған фактілерді тарихи көзқарас тұрғысынан қарастырып бір күйге келтіреді. 
Ол материалдар органикалық дүниенің негізгі заңдарына айналады, оны қорғау 
жəне қалпына келтіру іске асырылады. Курстың мазмұны оқушыларды 
философиялық мəселелерге жетелейді жəне олардың дүниеге көзқарасын 
қалыптастырады .
Биологияны оқытуды дұрыс ұймыдастыру барлық ұғымдар тобын 
шоғырландырып, солардың негізінде дүниеге ғылыми көзқарасын дамытуға 
мүмкіндік туғызады.
Биология пəнінде ұғымдардың негізгі тобы ғылыми информацияның тарихи 
мен методының алынуын, ғылыми танымның дамуын, ғылыми идеялар мен 
концепциялардың тарихи себептілігін, əдістер мен таным нəтижелері 
арасындағы байланыстын тіршілік туралы ғылымның даму перспективаларын 
ашатын ұғымдардан тұрады. Сондықтан ғылыми əдістер туралы ұғымдар таным 
əдістері арқылы мектеп оқушыларының зерттеулер мақсаты, əдісі жəне нəтижесі 
арасындағы үйлестік туралы танымдық міндеттерді ұсынып, шешуге мүмкіндік 
береді. Мысалы “Органикалық дүниенің дамуы” тақырыбын өткен кезде жер 
тарихының деректері мен құбылыстары туралы мағлұматқа дəлелді сипат беріп, 
мектеп оқушыларын бірқатар мəселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік 
береді. Органикалық дүние системасындағы əлдебір қазба топтарын жəне 


бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілердің арасындағы филогендік 
байланыстарды қандай əдістермен дəлелдеуге болатынын, ғалымдар қандай-
əдістердің жəрдемімен қазба кесірткелердің кейпін қалпына келтіріп, олардың 
қоректену көзі, мекен ортасы, құрып біту себептерін анықтауға мүмкіндік алды. 
Зерттеу əдістері туралы ұғым цитология негіздерін оқып-үйренген кезде ол 
клеткадағы–физикалық, 
химиялық 
жəне 
биологиялық 
процестердің 
арақатынасын ашуға мүмкіндік береді. Бұл ұғымдар сонымен бірге 
проблемалардың қойылуы мен шешілуіне де пайдаланылады. Мəселен, 
оқуышалардың радиоавтография əдісі туралы алдын ала білуі олардың 
фотосинтездің қараңғылық реакциясының химизмі, ақуыздың диссимиляциясы 
мен биосинтезін жəне т.б. əдістермен оқып үйренуге туралы сұрақтарға жауап 
қайтаруына мүмкіндік береді .
Әдістің “шешуші күші” мен зерттеу нəтижелері арасындағы байланыс 
генетиканы оқып-үйрену кезінде анық көрінеді. Өте өсімтал дрозофила, 
микроағзалар сияқты объектілерді пайдалану тұқым қуалаушылықтың нəзік 
механизмдерін анықтауға мүмкіндік берді. Мектеп оқушылары зертханалық 
жұмыстар мен топсеруен негізінде ғылыми əдістерде қолданылатын 
практикалық дағды мен іскерлікке ие болады.
Биология тірі табиғат туралы тұтастыратын ғылымның құрамды негізгі 
болғандықтан физика, математика, химия, кибернетика т.б. ғылымдардың 
зерттеу əдістерін пайдаланып коймай, өзінің маңызы жөнінен олардың 
көпшілігімен, аса басымырақ ірі жаңалықтар ашуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ 
биология философиямен–табиғат, қоғам жəне сана дамуының ең ортақ заңдары 
турасын ғылыммен тығыз байланысты. Философия зерттеу жолдарын ғана 
түсіндіріп 
қоймайды, 
сондай-ақ 
ғалымдардың 
фактілерді 
ұғынуына, 
қорытындылар мен талдап қорытуларды тұжырымдауға, гипотезалар мен 
теорияларды жасауға да жəрдемдеседі. Олай болса, биология пəнін оқыту оқушы 
танымының сатылары: тірі табиғаттың табиғи объектілерін, кеппешөп 
материалдарын, колДəрісларды кең қолдана отырып, нақтылы
түсінік 
айқындалады, себеп-салдар болмысы анықталады.
Танымдық ізденімпаздық жеке тұлғаның интегральды қасиеті болып 
табылса, биология пəнінен сабақ беруде таным, ерік жəне сезім процестерінің 
нəтижесі, танымдық іс-əрекеттің жүзеге асуы байқалады.
Биология пəнінен сабақ беруде оқытудың негізгі бірлігі, білімділік, 
дамытушылық, тəрбиелік функциялары жүзеге асады. Білімділік мəнінде 
биологиялық теория, ұғым, түсінік, заңдар т,б меңгерсе, дамытушылық 
функциясында оқушының танымдық əрекеттері ( байқағыштық, есте сақтау, ой 
қорыту, ойды түйіндеу, жинақтау) дамиды. Зерттеу нəтижелері дəлелдегеніндей 
ақыл-ойдың дамуы эмперикалық білімнен гөрі теориялық түсінік негіздерін
жəне ғылыми заңдылықтарды логикалық анализ əдістерін меңгеру арқылы 
тез алға жылжиды. Сондықтан биология пəнінің танымның дамуына əсері зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет