Дәріс №1 Тақырыбы


ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек



Pdf көрінісі
бет3/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек: 
Педагогикалық басылымдардың бірінен ХХІ ғасыр мұғалімінің моделін 
былай бейнеленген: 

ізденімпаз ғалым; 

нəзік психолог; 

жан-жақты шебер; 

тынымсыз еңбеккер; 

сұлулықпен сусындаған эстет; 

терең қазыналы білімпаз; 

кез-келген ортаның ұйытқысы; 

рухани бай, гуманист; 

адамгершілік пен патриотизм жаршысы; 

идеал адам мүсіншісі. 
Осыған орай ХХІ ғасыр мұғалімінің жоғарыда бейнеленген əр қасиетіне 
өзімізше талдау жасаймыз. 
Оқушылардың дүниетанымын ғылыми түрде ұйымдастыруда, ғылыми-
техникалық алаптарға сай білім беру мен таным белсенділігін арттыруда 
мұғалімдердің ғылыми-теориялық дайындығының маңызы зор. Бұл орайда 
мұғалімдердің ізденімпаздығы басты рөл атқарады, яғни мұндай мұғалімдер – 
ізденімпаз мұғалім бола алады.
Қоршаған ортаның өмір шындығын сезе, түсіне, қабылдай білуге, 
халқымыздың ұлттық өнерін қастерлеуге, əсемдігін тани білуге, мектепте, үйде 
əсемдеп жинай білуге, əсемдік қалыптастыруға, музыкаға, əнге, бейнелеу өнерін 
баулу оқушылардың көркемдік біліктілігін шыңдап, эстетикалық талғамын 
арттырады. 
Тəрбиелі адамның үлгі-өнегесін жоғары бағалап халқымыз: «Адам болар 
баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар», деген екен. 
Отанға деген сүйіспеншілік – адам бойындағы күш-қуатын, білімін, өмір 
тəжірибесін, кір жуып, кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббатын, кісілігін 
танытатын асқақ сезім. Біздің бабаларымыз Алтайдан Атырауға дейін, Еділ мен 
Жайыққа дейін ұлан-ғайыр жерді талай ғасыр бойы басқыншы жаулардан 
қорғап, тəуелсіздік жолында жандарын пида еткен. Елбасының сөзімен айтқанда 
«Қазақстан – біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны». Өз 
Отанын, өзінің туған жерін жан-тəнімен сүйетін жəне оны көзінің 
қарашығындай сақтайтын патриоттар тəрбиелеу – ұстаздар алдындағы үлкен 
жауапкершілік. 
Отан қорғау – қасиетті борыш екенін оқушылардың санасына жеткізу – 
патриотизм жаршысы ұстаздардың басты мақсаты. Осындай қасиеттерді бойына 
жинаған ХХІ ғасыр мұғалімі ғана идеал ұрпақ тəрбиелеп шығарады. 
ХХІ ғасыр мұғалімінің моделіне сай болу – жоғарыда келтірілген 
қасиеттерді игеру. Сондықтан ХХІ ғасыр мұғаліміне мынадай өлең жолдарын 
арнаймыз: 
Білімпаз ұстаз моделі. 
Жан-жақты шебер, гуманист 
Еңбекте артқан беделі 
Жан-жүйені танып біл
Шыншылдық пен адамдық –
Білімпаз ұстаз үлгісі. 
Патриотизм жаршысы 
Келешектің маманы. 


Психолог – нəзік жан. 
Жан қуатын айтып тіл,
Еш шығарма жадыңнан. 
Жеткізе біл шəкіртке 
Сұлулықтың сырларын. 
Үйрете біл, дəріпте 
Табиғаттың жырларын 
Ізгілік пен адалдық –
Жақсы қасиет белгісі. 
Идеал адам – барша ісі, 
Талап қояр заманы. 
Жаңа ұстаз моделін
Басшылыққа алыңыз. 
Еңбектеніп тынымсыз 
Идеал боп қалыңыз!
жадында ұзақ сақтай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет