4. Адсорбциялық күштердің әсері беткі қабаттын алыстаған сайын азая береді де белгілі бір қашықтыққа жеткенде нөлге теңеседі.
5. Адсорбент бетімен басқа молекулаларды тарту адсорбциялық кеңістікте басқа молекулалардың болуына тәуелді емес, осыған байлансты полимолекулалық қабат түзіледі.
6. Адсорбциялық күштер температураға тәуелді емес, яғни температура өзгерген сайын адсорбциялық күштер өзгермейді.
БЭТ теориясы
БЭТ теориясының қағидалары:
Адсорбент бетінде белгілі бір мөлшерде белсенді орталықтар болады, олар адсорбтив молекуласын ұстап тұру қабілеттілігіне ие болып келеді.
Көршілес адсорбцияланған молекулалалардың әсерін бірінші және келесі қатардағы әсерін қарастырмайды.
Бірінші қабаттың молекулалары екінші қабаттың молекулаларына белсенді орталықтар бола алады, екіншісі үшіншісіне, үшіншісі әрі қарай төртіншісіне белсенді орталықтар бола алады.
Екінші және әрі қарайғы қабаттардағы молекулалардың күйі бірдей болады.