Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет34/44
Дата11.04.2022
өлшемі1,15 Mb.
#138810
түріДиплом
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Байланысты:
Ғымынбек Ғ дипломдық жұмыс (1)

сөйлеу 
тілі 
әдеби тіл 


46 
намысына тіл тигізу, қалыптасқан моральдық-этикалық және құқықтық
нормаларды өрескел бұзғандығы үшін айыпкерден алынады. Біреуді орынсыз 
балағаттау, жеке басына немесе бүкіл ру-қауымның намысына тиетін сөз 
айту, ақсүйектерге қалыптасқан дағды бойынша сәлем беру нормасына 
қайшы әрекет жасау, дәстүрлі этикетті сақтамау сияқты жағдайларда 
айыптың жеңіл түріне саналған аталған ат-шапан айып салынады. Алайда 
айыпталушының әлеуметтік жағдайы ескерілген. Ақсүйектер мен билердің 
және басқа да билік иелерінің жеке басына нұқсан келтірген жағдайда ат -
шапан айып қалыпты нормадан анағұрлым жоғары белгіленген. Яғни 
кінәлыны екі-үш ат-шапан айыпқа бұйырған кездері де болған. Әлеуметтік 
мәртебесі тең дәрежедегі адамдар бірін-бірі балағаттаса, алдымен кінәлы жақ 
жұрт алдында кешірім сұрауы тиіс. Егер жәбірленуші кешірім бергісі 
келмесе, ат-шапан айыбын алуына болады. 
18-жаттығу

Төменде берілген тіркестерді алғыс, тілек және қарғыс 
мәнді сөздерге жіктеп топтастыр.
 
1.
Берілген тіркестерді коммуникативтік жағдаятқа сай орынды 
қолдан. 
2.
Берілген көркемдегіш құралдардың түрлерін ажырат. 
3.
Жанрлық ерекшелігіне сәйкес құттықтау сөз немесе бата 
құрастыр. 
«Тілегіңді берсін», «Өркенің өссін», «Шаңырағың биік болсын»,
«Өзегің талмасын», «Өмірің ұзақ болсын», «Несібелі бол», «Қызыл тілің 
қырқылсын», «Тіліңе теріскен шықсын», «Тіліңе шоқ түссін», «Тілің 
кесілгір», «Бастай бақ, шаштай дәулет берсін», «Тарыдай тасып, бидайдай 
бөк», «Қаздай қалқы, қудай жүз», «Қаймағы бұзылмасын», «Қабыл болсын!», 
«Құдай жарылқасын», «Той тойға ұлассын», «Жаныңа жамандық бермесін», 
«Қоныс жайлы болсын», «Көңіліңді кір шалмасын», «Күлкіден айырмасын», 
«Адалынан берсін», «Көш-көлікті болсын», «Ауызбіршілік болсын», 
«Торқалы той болсын», «Алла абырой берсін», «Талабың өссін», «Сапарың 
сәтті болсын», «Алла нәсіп етсін», «Көп жаса», «Ғұмырлы бол», «Бала-
шағаңның рақатын көр», «Игілігіңе ки». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет