4.3. Табиғаттың сауықтыру күштері Табиғаттың сауықтыру күштері физикалық жаттығулармен
айналысушыларға елеулі ықпал етеді. Метеорологиялық
жағдайлардың ӛзгеруі (күн сәулесі,ауа және су температурасының әсері, теңіз деңгейінде және биікте атмосфералық қысымның ӛзгеруі, ауаның қозғалысы және иондануы және т.б.) адамның денсаулық жағдайын және жұмысқа қабілеттілігін ӛзгертуге әкеліп соғатын ағзада белгілі биохимиялық ӛзгерістер туғызады.
Физикалық тәрбие процесінде табиғаттың сауықтыру күштерін екі бағыт бойынша қолданады:
ағзаны сауықтыру және шынықтырудың салыстырмалы дербес құралдары болып табылады (күн,ауа ванналары және су процедуралары).
44
Үйлесімді әсерде олар белсенді демалыс түрі болады және қалпына келу әсерін жоғарылатады.
Табиғаттың сауықтыру күштерін қолдануға қойылатын басты талаптардың бірі – оларды физикалық жаттығулармен үйлестіре, жүйелі және кешенді түрде қолдану болып табылады.