Қанықпаған бу.Біз көбінесе газ және бу деген сөздерді пайдаландық. Газ бен бу арасындағы принциптік ешқандай айырмашылық жоқ және бұл сөздер жалпы алғанда бір-біріне барабар. Бірақ егер температура өзгермеген жағдайда кәдімгідей қысу арқылы газды сұйыққа айнналдыратын болсақ, онда оны бу, дәлірек айтқанда қанықпаған бу дейміз. Бу сұйыққа айнала бастаған-ақ, сұйықпен тепе-теңдікте болған бу қаныққан буға айналады
Су жер шары бетінің 70,8%-ін алып жатыр. Тірі организмдер құрамында 50-99,7% су бар. Бейнелеп айтқанда, тірі организмдер бұл жанды су. Атмосферада тамшы, қар кристалдары және су булары түрінде 13-15 мың км су бар. Атмосфералық су буы ауа райы мен Жер климатына әсерін тигізеді.