КӘсіптік білім мамандарының кӘсіби құзіреттілігін қалыптастыру
Сманова А.С. - оқытушы (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Еліміз дамуының барлық саласына, соның ішінде білім беру жүйесіне жаңа инновациялық үдістердің енуі мұғалімнің жаңашылдығын дамытып, кәсіби өсуіне алып келуде. Кәсіп - адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі. Мамандық - берілген кәсіптің бір түрі. Мысалы, кәсіп – мұғалім және тігін, қолөнер шебері, мамандық - технология пәнінің мұғалімі.
Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін мемлекет тарапынан көп шаралар ендіріліп жатыр. Соның ішінде «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» ең маңызды орын алады. Бұл тұжырымдамада жоғары білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын жағдайларда алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл мақсатта алға қойылған міндеттер: студенттердің сапалы білім алуы, мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін ұдайы арттыруы.
Жоғары оқу орнында дайындықтан өткен мамандардың білімі жоғары дәрежеде болуы керек. Өйткені, бұл талап әрбір мамандық бойынша білім беру мазмұнын салыстырмалы түрде біртұтас білім саласы ретінде анықтауы керек. Білім берудің күрделі мазмұнын меңгеруде, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың қазіргі кездегі ұстанымдарын жүзеге асыруда, педагогикалық үрдіс, яғни, оқытушылар мен студенттердің өзара байланысқан және өзара келісілген іс-әрекеті басты міндет атқарады. Сондықтан, қазіргі кездегі жоғары білім беру алдында студенттер мен оқытушылардың жұмыстарының түрлері мен әдістерін жүзеге асыру мәселесі тұр /1/.
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласында бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін маңызды міндеттерді шешуге бағытталған күрделі бетбұрыс жасалуда. Мұғалімнің кәсіби мүмкіндігі оның бойындағы өзін-өзі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Бұл мәселеге әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан келу үшін мұғалімнің субьект ретіндегі алдына қойған міндеттерін орындауға деген әзірлік деңгейіне көз жеткізу қажет. Әрине, оның кәсіби өсуі жеке тұлға ретіндегі ерекшелігіне әбден қатысты. Сондықтан бұл жерде даралық-тұлғалық қалыптасу, іскерлік-әдістемелік жетілдіру, кәсіптік-пәндік білімін толықтыру компоненттерінен өз қажеттілігін тани алу мүмкіндігі туады. Бұл жердегі «өз қажеттіктерін сезіну» - кәсіби қызметтің негізі. Өйткені, ол өзінің әлеуметтік бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген сөз.
Технология пәнінің болашақ мамандарының кәсіби шыңдалуыда үлкен жетістіктер береді. Нағыз маман иесі әрі мұғалім болып, әрі іскер, шебер өнер адамы да болуы тиіс. Міне осы екі дағды мен талап-тілектерді меңгерген ұстаз ғана қазіргі заман ағымының сұранысынан шыға алмақ. Осы мамандар даярлауда теориялық білім мен тәжрибенің қатар дұрыс қалыптасып, дамуының маңызы зор. Кәсіптік білім мамандарының кәсіби құзіреттілігін қалыптастырып, дамытудың мәселелері жайлы қайшылықтар шешіміне ізденудің алғы шарттарын педагогтің қазіргі таңдағы құзіреттілігі немесе қадірі мен беделінің жоғары дәрежеде болуын ескере отырып, құзіреттілік дегеніміз не соны түсініп көрелік.
Қазіргі кезде ғалымдардың да, мұғалімдердің арасында «компотенттілік» (көптеген ғалымдар «құзіреттілік» деп аударып жүр) деген ұғым көп кездеседі.
Құзіреттілік – қызмет атқарушының жеке мүмкіншілігі оның квалификациясы (білімі мен тәжірибесі), шешім кабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы.
Маманның кәсіби кұзіреттілік мәселесі күрделі де көп қырлы. Бұл ғылыми педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім берудің теориясы мен әдістерінде, акмеологияда, гуманитарлық ғылымда әр қырынан қарастырыльш жүр. Мәселе кешенді түрде зерттелуде.
Құзіреттілік - жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын жөне әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.
Кәсіби құзыреттілік термині көне заманнан бері қолданылып, әр кезеңде оның мазмұны толықтырылып отырған.
Кәсіби білімді маманның құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің және ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру /1/.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру тәрбие мен оқытудың үздіксіз үрдісі, ал, оның негізгі мақсаты жоғары деңгейдегі адамгершілік, мәдени даму және қоғам мүшелерінің кәсіби құзырлығы деп атап көрсетілген. Құзіреттіліктің аталған түрлері бір адамның бойынан табыла бермеуі мүмкін. Адам өз мамандығы аясында ғана жетік болуы, бірақ қарым-қатынас жасау жөнін білмеуі, өзін дамыту жолындағы міндетті жүзеге асыра алмауы мүмкін. Адамға кәсібінен тысқары жерде қажетті құзіреттіліктің кейбір жалпы түрлері айқындалған. Бұлар кейбір өзекті кәсіби маңызды сапалар мен кәсіби мінез-құлық типтері, көптеген кәсіп түрлері айқындалған, мәнін жоғалтпайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда әлемдік қауымдастық мойындаған оқыту мерзімін орта жалпы білім беретін мектептің 12-жылдық жүйесіне көшуді қолдап, дамыған елдермен арадағы технологиялық алшақтықты азайтуға мүмкіндік алып, мәдени білімді меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға дайындауға бет бұруы. Халқымыздың ұлттық қолөнері арқылы, дәстүрлі ұлттық киімдеріміздің түрлерін жаңаша үлгіде дамытып, қазіргі заман талабына сай, ұлттық нақышта безендірілген киімдер тігу. Осы мақсатта мектеп оқушыларының технология пәні арқылы ұлттық қолөнерге деген қызығушылығын арттыру және жан-жақты Осы орайда білім беру жүйесіндегі ұлттық мәдениетімізбен, ұлттық қолөнеріміз арқылы мектеп оқушыларының ынта-ықыласын, икемділігін, өзін-өзі тану қабілетін жетілдіру, ұлттық сапасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу басты міндетіміз. Осындай талап-тілектерді ескере отырып, кәсіби құзіреттілікті көтергенге “киім конструкциясы” пәнін негіз етіп алдық. Бұл пәнді негіз етіп алудағы мақсат болашақ мамандардың ептілігі мен беделін көтеру және пәнде пәнаралық байланыстың күрделілігіне қарай. Мұнда, математика, сызу, логика, әдеп, антропалогия пәндері бойынша білімінің жоғары дәрежелі болуының маңызы зор. Үйренуші, жаттығушы студент тек киім конструкциясымен ғана шектелмей басқа да білімін одан әрі жетілдіріп отырады. Дамиды, іскерлік пен дағдысын шеберлігін қатар өсіреді.
Конструкция – мұның өзі әліде ненің құрылымын, оның құрылуын анықтайды. Ұлттық киімді конструкциялау – тігілетін матасының үнемді жұмсалуын, тігу технологиясының қолайлығы мен келешектің талабына сәйкес келуін ескере отырып, ұлттық бешпет үлгісін жасау, үлгі жасағанда киімнің адам тұлғасына жарасымды болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл жұмыс ең алдымен оны қандай мақсатқа киетінін, қандай материалдан тігілетінін анықтаудан басталады. Бұйымның құрылысына, былайша айтқанда, оның дайындалу әдісіне байланысты конструкция пішілетін бұйымға қажетті бөлшектер әзірлеу болып табылады. Модель бойынша конструкциялау – көркемдік және техникалық тапсырмалардың шешімін біріктіретін күрделі шығармашылық үрдіс.
Көркемдік тапсырмаға сәнді пішін мен бұйым пішімін жасау, бөлшектердегі ырғақты анықтау жатады. Ал техникалық тапсырманың мақсаты – есептеу формалары мен конструкциялаудағы графикалық әдістер көмегімен, өндірісте материалдық және еңбек шығынын ұтымды жолмен киюге ыңғайлы және тұлғаға қонымды бұйымды алу. Матаның түрі мен түсі тігілер ұлттық бұйым үлгісіне және пішіміне байланысты таңдалып алынады. Қазіргі таңда үлгіні жақсарту тігін фабрикалары мен сән үлгілерінің зертханаларында, конструкторлық бөлімінде жүргізіледі. Киім үлгілеу деп киімнің үлгісін жасап, матаны сол үлгі бойынша пішіп, тігіп шығаруды айтады. Киім үлгісін жасарда конструктор әдетте оның адам денесіне қонымды болуын, киілетін орны мен тігін өнеркәсібінің ерекшеліктерін ескереді. Ұлттық бешпетті негізгі үлгісі дайындалғаннан кейін, оның бөлшектерінің үлгілері қағаздан жасалады. Оның екі әдісі бар: әуелі техникалық конструкциялау, яғни дене өлшемдерін қағаз бетіне түсіріп, үлгі сызылады: одан кейінгісі – матаны манекенге өлшеп алып, ол өлшемдерді жазық бетке аудару болып табылады. Үлгіні өндіріске енгізуден бұрын ол адам бойына бірнеше рет өлшенуге тиіс. Соның нәтижесінде кемістіктері анықталып түзетіледі. Жаңа үлгі қосымша бөліктерімен дұрыс толықтырылғаннан кейін ғана конструктор шығармашылық еңбегіне баға беруге болады.
Киімнің көркем және тиімді конструкциясын жасау үшін конструктор киімнің қазіргі және болашақ кезеңге сән бағытын, модельді зерттеп, бұйым бөлшектерінің элементтерін, пішімін, сұлбасын қандай конструкциялық тәсілмен шешілгенін анықтайды.
Киімнің жаңаша түрдегі үлгісі сән үйіндегі және кәсіпорындарындағы көркемдік кеңесте конструктор-суретшілер мен сауда ұйымдары өкілдерінің қатысуымен талқыланады. Кемістіктері түзетіліп болған үлгі әр маусым алдында көрмелерде тұтынушыларға көрсетіледі. Міне осындай еңбек нәтижесін дұрыс қалыптастыру арқылы болашақ мамандардың құзіреттілігін және сапасын арттырамыз. Өз кәсібі мен мамандығын дұрыс қалыптастырып, жетілген кәсіби маман иелерінің қазіргі білім беру жүйесінен табылуы да ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайының көтерілуіне қосылған үлкен үлес болып табылады.
Әдебиеттер
Бұлақбаева М.К. Педагог мамандығына кіріспе. А., 2005.
Технология журналы. № 3. 2006.
Түйіндеме
Мақалада кәсіптік білім мамандарының кәсіби құзіреттілігін дамытудың маңызы мен педагогтің беделін көтеру мәселелері қарастырылған.
Резюме
В статье рассмотрены вопросы профессионального образования, компетентности специалистов и повышение их роли в системе образования.
Достарыңызбен бөлісу: |