Формирование профессиональных умений и навыков


ӘОК 758.1 ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫНЫҢ ЖАСТАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ



бет24/25
Дата14.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#149478
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
статьялар

ӘОК 758.1
ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫНЫҢ ЖАСТАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ
ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ РОЛІ
Смаханова Ж.Қ. – магистрант (Алматы қ., КазҰПУ)

Адамның табиғатқа деген махабаты әрине шексіз. Қылқалам шеберлері, ақын – сазгерлер, әншілер әрқашанда табиғатқа деген сезімдерін өлең, ән, сурет, мүсін және би арқылы жеткізуге тырысқан. Өнер – өмір, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер адамзат өмірінде, тарихында үлкен роль атқаратын өрісі кең, ұшы-қиыры жоқ, қиын да қызықты жол. Ол шынайы талант, шындықты, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой мен көркемділік, сұлулықты талап етеді. Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіштер мен классикалық шығармалар туындыларын көргенде, біз оның тек әдемілігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып, ұрпаққа қалдырылған рухани байлықты көреміз. Нағыз суретші туған табиғатын жазған сайын, оның Отанға, еліне деген сүйіспеншілігі арта түседі. Адамзат өмірінде «өнер» атауы саналылығымен, көркемдік ойлауымен ерекшеленеді. «Өнер» деген жалпы ұғым болса, ал «көркем өнер» атауы өнерден рухани, эстетикалық көркемдік пен жоғары мәдениетті талап етеді.


Өнер - бұл көне заманнан келе жатыр, ол адамзат қоғамының алғашқы құрылыс дәуірінен басталған. Испаниядағы аты әлемге айналған Альтамира үңгірінде салынған хайуанаттар суреттерінен бастап, қылқалам шебері Пикассо, Сезан туындыларына дейін өнер тарихы күрделі де қиын кезеңдерді артта қалдырған. Келе-келе сурет өнерінің дамуының арқасында сәулет, мүсін, кескіндеме өмірге келді. Адамдар сәулетті сарайлар, қалалар, ірі қорғаныс құралдарын салды, ғажайып мүсіндер тұрғызды. Осы кезеңдерде адам жасаған ұлы өнер туындылары бірінен кейін бірі өмірге келіп жатты.
Фараондар салған Египет пирамидалары, Греция еліндегі әйгілі «Зевс» және «Радос» мүсіндері, Ұлы Қытай қорғаны және Есіл «Алтын адамы» т.б. Бұлардың барлығы – бейнелеу өнерінің құдіретін өмірге тәнті еткен қайталанбас асыл мұралар еді. Біздің заманымыздың мақсаты – адамды жан-жақты тәрбиелеу және үйлесімділігін дамыту. Мұнда бірінші этика-эстетикаға тәрбиелеу басты роль атқарады. Эстетикалық тәрбие, адамның ақыл-ойын дамытуда үлкен роль атқарады және қазіргі кездегі үлкен процесс болып саналады. Эстетикалық тәрбие еңбек, табиғат және көркем шығарма.
Сурет өнері жастардың сана-сезімін қалыптастыруға, шығармашылық бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттырып, өз алдына жеке тұлға болуына көмектеседі. Пейзаж жанры оқушыларға эстетикалық тәрбие береді, өйткені пейзаж адамның туған жеріне, табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады.
Пейзаж Отаныңды сүюге үйретеді. Баланың табиғатты сүюіне міндетті түрде бірінші кезекте ата-ана, сонан-соң мұғалім білім беретінін ескеретін болсақ, ұлттық нақыштардағы суретшілердің иллюстрациясын көрсетіп, жоғарғы деңгейде практика-лық көркем білім берумен бірге, қызықты да тартымды қылып өткізсе, оқушының сабаққа деген ынтасы, сұранымы жоғары болады деп ойлаймыз.
«Пейзаж» - француз сөзі, ол көркем өнер жанрының бір түрі. Пейзаж бірден жанр болып құрылған жоқ. Ол үлкен даму жолынан өтті. Пейзаж фон арқылы кескіндеме, графикада және басқа да жанр түрлерінде бейнеленіп отырды. Табиғатты бейнелеу неолит кезеңінде кездескен Рельеф жазбаларында ескі шығыста кездесті. Египет храмдарында, сосын фрескаларда көрініс тапты. Алғашқы пейзаждар Қытайда пайда болды. Олар кітап сияқты ұзыннан-ұзақ болып жібек маталарда салынды.
XVI ғасырдың басында «пейзажист» деген түсінік пайда болды. Бірінші болып Альберт Дюрер Нидерландық суретші Иоахим Патинурдан үйренді десек болады. Екінші қадамды Дунай мектебін бітірген суретшілер жалғастырды десек артық айтпаймыз. Пукас Кран бірінші болып адамның ойын табиғатқа басқаша көзқараспен қарауға бағыттады. Табиғат көрінісі көрерменге үлкен эмоциональді күшпен әсер етеді, сондықтан да ол әдемілікті, қоршаған ортаны бейнелейді.
Қазақстанның бейнелеу өнері: 20-30 жылдары (20 ғ). Қазақстанның бейнелеу өнерінің кескіндемесі мен графика шеберлігін меңгеру жолында алғашқы қадамдарын жасайды.
1920 жылдарының екінші жартысынан бастап кішігірім көркем сурет галереясы ашылды.
1928 жылы тұңғыш көшпелі көрме Семейде ұйымдастырылды.
1933 жылы Қазақстан суретшілерінің бірлестігінің Ұжымдастығы құрылды.
1940 жылы Қазақстан Суретшілер одағы құрылды. Алғашқы кескіндемешілер ішінен қазақтың кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушыларының бірі – Ә.Қастеев (1904-1967). Орыстың реалистік мектебінен тәрбие алған ол революцияға дейінгі және үкімет тұсындағы түбегейлі өзгерістерді арқау еткен тақырыптық шығармалар жазды. Суретшілердің шығармасында негізінен тарихи тақырыптағы шығармалар, жанрлық туындылар, портреттер, пейзаждар басты орын алды. Қазақ жерінің сұлу табиғатының, революция қаһармандарын зор сүйіспеншілікпен шабыттана жырлады.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі пейзаждың алатын орнына келсек, ең бірінші ұлттық колориттің айырмашылығын айта кету керек. Жалпы біздің ұлттық өнердің қайталанбас, өзіндік сипаты бар. Пейзажда, жанрлы жұмыстарда да суретшілер әр уақытта табиғатымыздың байлағы мен ерекшелігін бере білді. Олар әсіресе М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Қ.Телжанов, Н.Нұрмұхамедов, К.Шаяхметов, Ә.Ысмайлов.
М.Кенбаевтың шығармашылығында табиғатқа деген шынайы халықтық, шат-шадымен қуаныш сезімі, дүниедегі бар құбылысты ақындық шабытпен қабылдауға назар аударды. «Бұғалық тастау» (1957), «Шопан әні» (1956), «Сыр шерту» (1957), атты шығармаларында ұланғайыр қазақ даласының асқақ жыршысына айналды.
Қ.Телжанов қазақ халқының өмірі мен тұрмысы жайында және тарихи тақырыптағы шығармалар жазған. «Атамекен» (1958), «Көкпар» (1960), «Тыныштық» (1964) атты поэтикалық көріністер мен монументті еңбектері кең танымды әр қилы бояулы жұмыстар. Суретші шығармашылығы қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бетбұрыс алып келді.
С.Мәмбеев шығармаларының негізгі тақырыбы – замандастар өмірі, өскелең ауыл тұрмысы, жастар бейнесі, туған жер табиғатының сұлу көріністері. Ол өмір шындығын бояулар дүниесі арқылы бейнеледі.
Ә.Ысмайлов өзінің «Бурабай», «Екібастұз», «Хан тәңірі төңірегіндегі жайлау» атты жұмыстарында туған жер, Қазақстан табиғатының сұлу көрінісі бейнеленген. Суретші жұмыстарында табиғатты шынайы қалпында көрсетуге тырысқан.
Сүйікті суретшілеріміздің бірі Жанатай Шарденов «Қапшағай теңізі», «Ақ қайнар», «Алатау етегінде», «Талас даласында» т.б. атты суреттерінде суретші шығармашылығына психологиялық тереңдік, жазу мәнерінің ұтымдылығы мен бояу қанықтығы тән. Ж.Шарденовтың пейзаждарында табиғат сұлулығы адамның кіршіксіз сезімдерімен ұласып, бояу арқылы табиғи болмыстың терең мәнін айқындап, әрі оның нақтылы көркін бейнеледі.
Қазақстан табиғаты қандай ерекше болса, еліміздің суретшілерінің пейзаждары да ерекше. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, бейнелеу өнерінде де белгілі бағыттарда шығармашылық ізденістер жасаған суретшілеріміз жаңа шығармашылық табыстарға қол жеткізе бастады.
Қазақстан бейнелеу өнерінде үш бағыт айқындалды. Олар – символикалық тәсіл, концептуалды тәсіл және жаңа реализм. Егеменді елдің өнері қайта қалыптасу барысында жандана бастады. Суретшілер қалыптасқан категориялардан арылып, шығармашылық ізденуде еркіндік пен бостандыққа қол жеткізді. Жаңа ғасыр суретшілері өзіндік ой-сезімдерін көркем шығармалар арқылы жария етті.
Қазіргі кезде бейнелеу өнері кескіндеме мен мүсін өнерінің бейнелі стильдік бағыттарымен дами бастады. Әсіресе реалистік бағытта тарихи тұлғалардың образын жасауда еңбек сіңірген суретші Ағымсалы Дүзелхановтың (1951 жылы туған) туындыларын ерекше атауға болады. Қазақстанның көркем тарихын қалыптастыру жолында сомдалған туындылары: «Томирис», «Сақтар», «Оғыз хан», «Абылай хан», «Әбілқайыр», «Төле, Қазбек, Әйтеке билер» сериялық шығармалары – ұлттық мұралық қорымызды байытуға қосқан зор үлесі. А.Дүзелханов шығармашылығы егеменді еліміздің өнерін өрбітуде өзіндік сипат алуда. Ол - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгені көркемдеген авторлардың көшбасшысы. Оның еңбектері этнодизайынның қалыптасуына елеулі үлес қосып, өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді. Суретшінің қазақ ертегілері мен төл оқулықтарды безендірудегі жетістіктерімен әрбір оқушы таныс. Оның қылқаламынан туған ұлттық мазмұндағы көркем туындылар халық жүрегіне жақын. Әсіресе портрет жазудың хас шебері А.Дүзелханов хандар мен билер образын, басты кейіпкердің ішкі жан дүниесіне үңіліп, келбеттік пішінін шынайы шеберлігімен сомдалады. Елінің мақтанышына айналған А.Дүзелханов бейнелеу өнерінің беделін көтріп, Америкада 150 елдің қылқалам шеберлері қатынасқан іріктеуде «Дүние жүзі суретшісі» деген мәртебелі атаққа ие болған 33 суретшінің бірі.
Жаңа буын суретшілер аға буын идеяларын дамыта отырып, жеке танымдық көзқарастарын қалыптастыруда. Еркін ойлау, түйсіну, сезіну арқылы өзіндік көркем туындыларын жасауда. Атап айтсақ, Д.Әлиевтің «Ана мейірімі», Ғ.Мағановтың «Үздіксіз шұғыла», Қ.Хайруллиннің «Жел ызыңы», А.Батишевтің «Төрт пайғамбар», А.Қызығұловтың «Дала модоннасы» сияқты көркем туындылары суретшілердің тақырыпты түсінуі, сезінуі арқылы суреттелген.
Қазақстанның қазіргі бейнелеу өнерінде ұлттық сипаттағы символикалық дәстүр жаңаша көзқарасқа ие болды. Бейнелеу өнеріндегі символизм мен концептуализм кейбір суретшілер шығармаларында таңба немесе сызықтар арқылы визуалды – көркем түпнұсқаға айналды. Әбдрашит Сыдыхановтың таңбамен салынған суреттері Қазақстанның кескіндемелік өнерін символизм мен концептуализмге бағыттайды. Қазақтың рулық таңбаларының графикалық символдарының семантикасы мен эстетикасын зерделеген көркем шығармасында Ә.Сыдыханов өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді. Суретшінің «Кескіндемелік таңба» атты көрме ұйымдастыруы оның өнерге деген ерекше ықыласын білдіреді. Ә.Сыдыхановтың ашқан жаңалығы – ұлттық сана-сезім негізінде таңба арқылы дүние таныту. Суретші өз еңбектерінде ежелгі түркі белгісі – таңбаны жетік пайдаланады /1, 96-99б./. Ал, суретші Амандос Ақанаевтың көркем туындылары күрделі композиция-лық, трагедиялық, психологизмге толы. Суретші А.Ақанаевтің ішкі жандүниесінен туындаған еңбектері бейбітшілікті аңсаған халықтың арманымен ұштасып жатты. А.Ақанаевтың кейінгі кезде фактуралық тәсіл мен орындаған авангардтық көркем шығармалары «Көш» – ұлттық нақышта бай, терең философиялық мазмұны бар туындылар.
Қазіргі бейнелеу өнері еркін ойлауға жол ашты, тарих бетінің талай жасырын ақтаңдақтары көркем шығарма ретінде дүниеге келеді. Манат Қаспақтың «Ақтабан шұбырынды» және Бақыт Мырзахметовтың «Кәмпескелеу» туындылары қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдерін бейнелейді. Тоқырау заманындағы тосқауылдар мен кедергілердің шынайы келбеті көркем шығармада толық ашылады. Өнерді бүгінгі күнгі өмірге батыл енгізуде суретшілердің шығармашылық еркіндігі, бірегейлігі, көркем ойды жеткізе білуі айрықша маңызды роль атқарады. Қазақстан суретшілерінің қол жеткізген табыстары бүкіләлемдік мәдени кеңістіктен көрінуде. Жаңа ғасыр суретшілері бейнелеу өнерінің беделін арттыра беретіні анық.
Әдебиеттер

  1. Қазақстан өнері: Есімдер достастығы. А., 2005. - 360 б.

  2. Есмаханов А. А. Қазақстанның қазіргі бейнелеу өнері. А., 1998. - 520 б.

Түйіндеме
Мақалада жастарға пейзаж жанры арқылы эстетикалық тәрбие беру және Қазақстан бейнелеу өнерінің пейзаж жанрларының теориялық аспектілері қарастырылған.
Резюме
В статье рассматриваются вопросы эстетического воспитания молодежи посредством пейзажного жанра, а также теоретические аспекты пейзажного жанра, занимающего важное место в казахстанском изобразительном искусстве.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет