Хабиева алмагүл алтайқызы



бет23/36
Дата06.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#33426
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
2.2.1 Эпитет – бұл белгілі бір заттың сын-сипатын ғана танытатын құрал емес. Ол көркем мәтін ішінде, әсіресе, поэзия тілінде кеңінен қолдана келе, көркемдеуіш, бейне тудырушы және коммуникативті-прагматикалық қызметтерімен де ерекшеленетін көркем мәтін компоненті болып табылады. Эпитеттер поэзия тілінде көркем бейне сомдай келе, автордың дүниетанымын, эстетикасын, белгілі бір затқа немесе құбылысқа деген субъективті көзқарасын, идиостилін танытатын көркем дүниелер болып есептеледі. Сондықтан да болса керек эпитеттер Махамбет шығармаларында кеңінен қолданыс табады: егеулі найза, қозы жауырын оқ, балдағы алтын құрыш болат, қарқыны күшті көк семсер, қоңыраулы найза, орма мылтық, жалаулы найза, шал жебе, толғамалы ақ мылтық, көн садақ, қималы найза, ақ семсер, қанды көбе, ақ сұңқар, аймақ көл, қоғалы көлдер, алалы жылқы, мұнар күн, жалған дүние, ана Еділ т.б. Бұлар мәтін ішінде көркемдік қызмет атқара келе, әсем де әсерлі бейне сомдау үшін қолданылады. Жұмыста «еңіреген ер», «алтын ер», «буыршын мұзға тайған күн», «бура атанға шөккен күн», «кілегей қатқан Еділ», «қом сулар» деген тіркестерге кеңінен назар аударылады.
2.2.2 Теңеу. Махамбет тіліндегі келесі өнімді бейнелеу тәсілдерінің бірі – теңеу. Теңеу - интеллектуалды қызметтің ең бір көне түрі ретінде таныла келе (Э.Сепир), ұлттық сана-сезіммен, халықтың мәдениетімен, адамдардың өмірлік тәжірибесімен астасып жататын лингвомәдени бірлік болып табылады.
Махамбет шығармаларында кеңінен орын алған теңеулердің бір түрі - бұл халық ауыз әдебиетінде, жыраулар туындыларында жиі қолданылып, тұрақтанған дәстүрлі поэтикалық теңеулер. Олар ақын поэзиясының ұлттық нақышын, экспрессивті-эмоционалды бояуын, көркемдік қуатын арта түсіретін дүниелер болып табылады. Мысалы: «Маңыраған қойдай шулайды», «Ақ бөкендей ойнайды», «Аш күзендей белін бүгілтіп», «Күшіктей даусын қыңсытып», «Арыстандай ақырған», «Жолбарысша жорыттым», «Қабыландай қайранға соғып», «Үдей соққан дауылдай», «Мылтығын қардай боратып», «Оқ жаңбырдай жауған күн», «Сапырып судай шашқан күн» т.б. Бұл – теңеулер көнелігінің, көркемдік дәстүр жалғастығының, Махамбет поэзиясының ата-бабалар ойлау-пайымдауы мен қаһармандық жырлардың әсері негізінде туындағандығының көрсеткіші.
Сонымен қатар, Махамбеттің өзіндік қолтаңбасын танытатын соны теңеу-суреттер де аз емес. Мысалы: «Қызғыштай болған есіл ер», «Еркек қойдай бөлініп, // Қырқарланып өткен ер», «Жау бір өрттей қайнайды», «Қайраңнан алған шабақтай // Қия бір соғып ас етсем», «Құландай ащы дауыстым!», «Қырмызыдай ажарлым!», «Хиуадай базарлым», «Теңіздей терең ақылдым!», «Мен келелі қара бұлтпын», «Шортаны қара бақандай», «Бақасы сары атандай», «Сонасы қоңыр үйректей» т.б.
Махамбет өлеңдерінің тақырыбына орай ақын тіліндегі «шамырқансам, шатынап сынар болатпын», «суаруы қанық көк сүңгі ем», «қылыштай қиғыр алмас ем» деп келетін метафоралы теңеулер іспеттес жануарға, өсімдікке, құсқа, табиғат құбылысына баланып жасалған теңеулердің негізінде де қас батыр, ел қамы үшін күрескен азамат бейнесі сомдалады: «Атадан туған аруақты ер, // Жауды көрсе, жапырар // Үдей соққан дауылдай», «Арыстандай ақырған // Айбатыма шыдамай, // Хан баласы жылады-ай», «Бұрала біткен емендей // Қисық туған сорлы ағаң», «Палуан жолбарыс секілді // Алысқанды алып ұрған білегім», «Атқанын қардай боратқан, // Көк шыбығын қанды ауыздан жалатқан» т.б..

Каталог: userdata -> users -> user 21
user 21 -> Егемен Қазақстанның
user 21 -> Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы
user 21 -> Қай заманда қазақ үшін ән өнердің ұшар басында тұрды. Көшпелілердің сахнасын өлеңмен ашу ата дәстүрі болса, сол рухани азығымыздың өрісі өрлеп, өркендей түсті
user 21 -> Төлеген Айбергенов
user 21 -> Ұлт ұстаздары Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсынұлы мектеп оқушыларына кезінде Ленинді дәріптегеннен артық ұлықталуы тиіс
user 21 -> «Мұражай тәрбие өзегі» Ақселеу Сейдімбековтің
user 21 -> Әож 37. 013: 908:[574+008] Қолжазба құқығында Шаушекова Баян Кырыкбаевна
user 21 -> 1.Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын
user 21 -> Балам, мынаны сындырып көрші?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет