Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Драма жанрының табиғаты туралы айтыңыз



бет135/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

37.Драма жанрының табиғаты туралы айтыңыз
Драма (гр. dramo — әрекет) 1) әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі (Әдебиеттің тегі мен түрі). Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты. Классикалық драманың алғашқы үлгілері ежелгі Грекияда пайда болып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедиялары мен Аристофанның комедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді. Драма орта ғасырда аллегориялық бағыттағы мистерия, миракль, моралите түрінде дамыды. Еуропада драма Қайта өрлеу дәуірінде Англия (К.Марло, У.Шекспир) мен Испанияда (Лопе де Вега, П.Кальдерон) дамудың шырқау биігіне жетті. 17 ғасырда Батыс Еуропада классицизмдік драматургия үстем болды. 19 — 20 ғасырларда драма табиғатында лирикалық (Дж. Байрон, А.Блок, Ғ.Мүсірепов, т.б. лирикалық драмалары), “деректі” (Дж.Килти, М.Шатров, М.Әуезов, т.б.) көркемдік элементтердің көрініс табуы арқылы арнасы кеңейді.
Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка немесе ремарка деп атайды. Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөзі, яғни репликалар, көбінесе, диалог, кейде монолог түрінде болады. Драмада оқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады.
Драма жанры қазірде де елеулі өзгерістерге ұшыраған. Қазірде қазақ әдебиетінде драма жанрында жазылған шығармалар өте көп.Драмалык жанр трагедия, драма, комедия болып үшке бөлінеді.
• Комедия: Жеңіл, комедиялар көрермендерді күлдіруге және әдетте бақытты аяқталуға арналған. Комедиялар ерекше кейіпкерлерді ерекше жағдайларға орналастырады, оларды қызық сөздер айтуға мәжбүр етеді. Сондай-ақ, комедия табиғатты ашуландырады, маңызды тақырыптарды көңілді өткізеді. Сондай-ақ, комедияның бірнеше қосалқы жанрлары бар, оның ішінде романтикалық комедия, сентиментальды комедия, әдептілік комедиясы және қайғылы комедия-пьесалар бар, кейіпкерлер қиын жағдайларды бақытты аяқтау үшін трагедияға баурайды.
• Трагедия(грекие – (траго – ескі, <ди – ән, жыр.). Трагедия сахнаға арналып жазылады.Мүндағы көрсетілімдегі күрестің өзгешелігі автордың пікірінше, кездесетін қиыншылықты жеңіп болмайтын тәрізді.Трагедияның көпшілігі-ақ каһарманның өлімімен аяқталады.Адамның жолындағы «жеңуге болмайтын» ең қоркынышты, ең маңызды күштер қайсы, – ол жазушының дүниетанымына,таптық көзқарасына байланысты. Әр таптың жазушысы «жеңуге болмайтын» қиыншылықтарды өзінше түсінеді. Ескі гректердің трагедияларында (мысалы, Эсхилдын трагедиясында) жазмышпен, тағдырмен күресте қаһармандары өлім табады.
Әдебиетіміздің көп жылдар бойы жиналған фактілеріне, көркемдік процеске сүйене отырып, қазақ драмасын мынандай салаларға жіктеуге болады: а) қаһармандық драма; ә) саяси-әлеуметтік драма; б) тарихи-ғұмырнамалық драма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет