Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Әңгіме мен новелла жанрына түсініктеме беріңіз



бет137/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org
(Қ) өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, (Қ) ортаның магниттік өтімділігі.пара,диа,ферромагниттік заттар, КОМБИНАЦИЯ ПРОФИЛЬНЫХ ПРЕДМЕТОВ, Айтыс өнері ҚМЖ, Абдуллина Оку куралы Мифтик фольклор, СРС-2 ББ
39.Әңгіме мен новелла жанрына түсініктеме беріңіз
Әңгіме жанры – прозаның шағын түрі. Онда оқиға, кейіпкердің іс-әрекеті қысқа болып, уақыт жағынан да аз мерзімді қамтиды.Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар.
Ұзақ поэманың қасындағы бір нақтылы пьеса тәрізді, әңгіме де романнан тез жазылып, шапшаң тарайды. Мысалы Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты әңгімесіне тоқталсақ, аса шебер жазылған бұл әңгіме арқылы Майлин белгілі бір дәуірдің кезеңді, кесек шындығын алдымызға жайып, ескілік құрбаны болған қазақ қызының бедерлі бейнесін жасады. Міне, Ыбырай Алтынсариннен басталатын әңгіме жанрын Майлин жетілдіріп, 20-30ж Әуезов пен Мүсірепов жасаған классиалық үлгілерге ұштастырды. Қазақ әдебиетінде көркем әңгіменің небір керемет үлгілері бар. Солардың бірі «Қорғансыздың күні» Әңгіме аса әсерлі табиғат суретіенен басталады. Бұл әңгіме Октябрь революциясынан бұрынғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыртереңімен қопарып әкеліп, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі азап пен ауыртпалықты шыншылдықпен әсерлі жаяды. Және де бұл саладағы Ғ.Мүсірепов туындыларына соқпай өте алмаймыз. «Талпақ танау» колхоз тақырыбына арналған әңгіме. Негізінен баяндау тәсілімен жазылатын бұл жанрда ылғи суреттеу бола бермейді. Ана циклнде жазған Мүсіреповтың әңгімелері көркем. Әңгіме белгілі бір шындықты таныту үшін жазылады. Онда ой және сөз кедейлігі болмауы тиіс, алайда оқиға желісі қысқа болады.
Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған
Новелла – шағын көлемді прозалық шығарма. Әңгімеден қиялға негізделген оқиға, әдеттен тыс сюжет пен композиция құрылымы арқылы ерекшеленеді.Онда егжей-тегжейлі баяндау кездеспейді. Новеллада оқиға желісі жинақы өріліп, шұғыл өзгереді, ойламаған жерден аяқталады. Батыс әдебиетінде Дж.Боккаччо, Дж.Чосер, М.Наварская, М.Сервантес, П.Мериме, Г.Мопассан, Э.Хемингуэй, А.Моравие, ал орыс әдебиетінде Н.В. Гоголь, А.П. Чехов Новелланың озық үлгілерін қалдырды. Қазақ әдебиетінде Новелла жазу дәстүрі С.Ерубаевтан басталды, Ғ.Мүсіреповтың ана туралы Новелалары үздік үлгі саналды.
Новеллалар әдеби жанр ретіндегі итальяндық әдебиетте дами бастады Ренессанс, негізінен Джованни Боккаччо, авторы Декамерон (1353). Декамерон он ер адам (жеті әйел және үш ер адам) қашып кеткен 100 ертегі (аталған новеллалар) ұсынылды. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында ғана жазушылар новелланы өсиеттер мен ережелер бойынша құрылған әдеби жанрға айналдырды.
[Новелла] - бұл әдебиеттің ең бай және пайдалы түрінің бірі ... ол қысқаша әңгімеге қарағанда тақырып пен сипаттың кеңейтілген дамуына мүмкіндік береді, толық көлемді кітаптың құрылымдық талаптарын қоймайды. Осылайша, ол өз тақырыбын қарқынды, егжей-тегжейлі зерделеуді қамтамасыз етеді, белгілі бір деңгейде қысқаша әңгіменің шоғырланған фокусын да, романның кең ауқымын да қамтамасыз етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет