Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет141/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org
(Қ) өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, (Қ) ортаның магниттік өтімділігі.пара,диа,ферромагниттік заттар, КОМБИНАЦИЯ ПРОФИЛЬНЫХ ПРЕДМЕТОВ, Айтыс өнері ҚМЖ, Абдуллина Оку куралы Мифтик фольклор, СРС-2 ББ
7. Аралас келетін ұйқас
Біз келтірген ұйқастардың бірнешелерінен жиналып кеп жасалған ұйқастар бар. Бір шумақтың бірнеше тармақтары шалыс ұйқастан, бірнеше тармақтары шұбыртпалы ұйқастан, не егіз ұйқас, не басқа ұйқастардан құралады. Сөйтіп, бір шумақтың өзінің ішінде басқа ұйқастың тармақтары қосылып кеп, жаңаша бір ұйқас туғызады. Осы сықылды ұйқастарды аралас келетін ұйқас деп атайды. Мысалы:
Ата-анаға көз қуаныш -
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.
Еркелік кетті,
Ержетті,
Не бітті?
(Абай)
Бұл үзіндінің өзі бір шумақ, 7 тармақтан тұрады. Ұйқас түрлері жоғары біз келтірген 3
Он қазақшаға аудару мәселесімен байланысты әртүрлі ұйқастардың кіруі мүмкін. Ол - заңды нәрсе. Кейде оны ақындар аударып отырған тіліндегі өлең құрылысының ерекшелігін сақтау үшін, кейде онсыз мағынасын толық беруге болмайтындықтан қолданады. Кейбір ұйқастар тұрақталып та келеді. Мысалы, орыс өлеңдерін аударумен байланысты қаусырмалы ұйқас (а -в -в - а) ене бастады. Бірақ бұл айтылған жаңа ұйқастар әлі тұрақталып, қазақ өлеңдерінің байырғы ұйқастарына айналып болмағандықтан, әзірше кітапқа енгізілген жоқ.
Ұйқас мәселесін сөз еткенде, айрықша тоқталуды керек ететін жайттың бірі - ішкі ұйқас (внутренная рифма). Ішкі ұйқасты сөз етудің әрі теориялық, әрі практикалық мәні бар. Орыс тіліндегі әдебиет теориясы кітаптарында, жеке зерттеулерде де бұл ұйқастың өзіне тән ерекшелігі де, өлеңнің көркемдік қасиетін арттыруда қандай мәні барлығы да әлдеқашаннан бері айтылып, белгіленген десек, біздің теориялық кітаптар, әдеби зерттеулерімізде ішкі ұйқас туралы еш сөз болмайды. Ішкі ұйқасты оқырман жұртшылығының көпшілігі мүлде білмеуі де мүмкін. Сондықтан ол жөнінде біраз тоқталу қажет тәрізді. Ұйқастың өлең жолдарының тек аяғында емес, басында да, ортасында да кездесетін жерлері болады. Мұны өлеңнің ішкі ұйқасы деп атайды. Ішкі ұйқас белгілі мөлшерде қолданылса, табиғи дәрежеде болса, өлеңнің музыкалылығын күшейтеді. Әрі оқуға жеңіл, әрі тартымды болады.Мысалы:
Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,
Қоздырып делебені дәсерлетіп.
Шырқатып, шығандатып, шалықтатып,
Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп.
(Әсет)
Батқанда қырдың күні тұмандатқан,
Қатқанда Сырдың суы бұлаң қаққан.
Күл көрпе, қорда төсек, қолға байлап,
Үкілеп қара таспен тұмарлатқан.
(Ілияс)
Келтірілген үзінділердегі жазбаша (курсивпен) жазылғандары жай ұйқастар да,қарамен терілгендері ішкі ұйқасқа жатады.Ішкі ұйқас тек белгілі мөлшерде, орынды қолданса ғана көркемдік рөлін атқарады. Егер мөлшерден асырып алса, мазмұнға тікелей қатысы болмаса, онда ол ұйқас қуалаушылыққа, түршілдікке айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет