Жаңадария– ауыл. Қызылорда қаласынан оңтүстікке қарай 10 км жерде.
Жаңатұрмыс – ауыл. Қызылорда қаласынан оңтүстік–шығысқа қарай 22 км жерде. Кеңес дәуірінде қойылған атау.
Иіркөл – ауыл. Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км жерде. Атау Иіркөл көлінің атымен байланысты қойылған. Ауыл тұрғындары 1965 жылдан бері Иіркөл көлінде балықты тоғандап өсіру шаруашылығымен айналысқан. 1997 жылы Сырдария ауданы таратылып, Иіркөл елді мекені Тасбөгет кентіне қосылып, Қызылорда қаласының қарамағына берілген. Қазіргі таңда 24 отбасы бар, халқының саны – 145. Халықтың негізгі күнкөрісі – мал шаруашылығы.
Колос – елді мекен атауы. Қызылорда қаласынан солтүстік–батысқа қарай 10 км жерде, Сырдарияның оң жағасында. Орыс тіліндегі «колос» – «масақ» сөзімен жасалған атау.
Көкжиде – канал. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде, Сырдария алабында. Атау көк және жиде сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атау бұл жерде жасыл желекті қалың жиде ағашы өсетінін меңзей қойылғаны немесе «биік жиде ағашы» деген мәнді білдіруі мүмкін.