Ќызылорда облысындаєы


Қызылөзек – ауылдық округ атауы. Қызылорда қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан. 1962 жылы үш елді мекен біріктіріліп, ауылдық округ құрылды. Қубас



бет13/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#34994
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   203
Қызылөзекауылдық округ атауы. Қызылорда қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан. 1962 жылы үш елді мекен біріктіріліп, ауылдық округ құрылды.
Қубас – ауыл. Қызылорда қаласынан солтүстік–батысқа қарай 10 км жерде, Сырдарияның сол жағасында. Кісі есімінен қойылған атау.
Қышқұдық – құдық. Дариялық Тақыр жазығында, Сырдария өзенінің аңғарында. «Қышпен шегенделген құдық» мағынасындағы атау.
Мұхамбет – қыстау. Дариялық Тақыр жазығының оңтүстік-шығысында, Сырдария өзенінің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.
Махамбетов – ауыл, Ақсуат ауылдық округ орталығы. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 километр жерде, Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан. Іргесі 1934 жылы құрылған Жасқайрат, Жаңатұрмыс, Киров, Қызылорақ, Қызылқұм, Қарақожа, Батпаққара ұжымдық шаруашылықтары негізінде 1950жылы ұжымшар болып қайта құрылды. 1972 жылдан ұжымшар көкөніс және сүт өндіреді. 1997 жылдан ауылда бидай, күріш көкөніс өндіретін бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауылға 1994 жылы осы өңірден шыққан Кеңес Одағының батыры Ж. Махамбетовтің есімі берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет