МұстафаШоқай ескерткіші – монументті өнер туындысы. 1991 жылы Сұлутөбе ауылында (қазіргі М.Шоқай ауылы) Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері М. Шоқайға орнатылды. Ескерткіш гипстен құйылып, сырты мыс қаңылтырмен қапталған. Биіктігі – 2,5 м, тұғырының биіктігі – 2 м.
Мырзабек – құдық. Қаратау жотасының солтүстік-батысында, Сырдария өзенінің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.
Надалы – құдық. Қаратау жотасы мен Дариялық Тақыр жазығы аралығында.
Назар – құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.