12 прак.сабақ. Жер асты суларын ластанудан қорғау гидрогеологиялық есептер жүргізу
1 . Артезиан алабтарындағы жерасты суының кен орындары.
2. Оңтүстік Қазақстандағы артезиан алабтарындағы жер асты су кен орындары
1. Екі су өткізбес қабаттың арасында орналасқан сулы горизонттарды (қабаттарды) пластаралық сулар деп атайды. Жатыс жағдайларына байланысты бұл сулардың беті еркін (ашық) немесе арынды (бүркеулі) болып ажыратылады. Сулы горизонттың төменгі және жоғарғы беттері су өткізбес жыныстармен шектелген, едәуір тереңдікте орналасқан және гидростатикалық қысымы бар суларды пластаралық арынды немесе артезиан сулары деп атайды. Бұл сулардың аты Францияның Артуа аймағының атынан шыққан. Осы аймақтың аты XII ғасырда алғашқы рет сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылған.
Артезиан сулардың жатыс жағдайлары түрліше болады. Сулы қабаттың синклинальдық жатыс пішіні жиі кездеседі. Артезиандық сулы горизонттарды сыйыстырушы геологиялық құрылымдарды артезиан алаптары деп атайды.Артезиан алаптарының таралу алаңдары бірнеше ондаған, мыңдаған, жүздеген квадрат километр жерді қамтиды.
Артезиан суларының қоректену аймағы мен таралу аймағы бір-біріне сәйкес келмейді. Арынды сулардың жер бетіне шығатын, аймақтары сулы горизонттың кәріздену немесе арылу аймағы деп аталады. Арынды сулы гороизонтқа жеткізіле бұрғыланған скважинадан көтерілген судың келіп жетіп тоқтаған деңгейі пьезометрлік деңгей деп аталады. Сулы горизонт бетінен пьезометрлік деңгейге дейінгі тік (вертикаль) бағыттағы аралық арын едп аталады.Жер бетінің биіктігіне байланысты пьезометрлік деңгей жер бетінен жоғары не төмен болуы мүмкін Пьезометрлік деңгей жер бетінен жоғары болғанда су скважинадан фонтан түрінде атқылайды. Сонымен бірге артезиандық сулы горизонттың кейбір скважиналарынан су өздігінен ағады, ал осы горизонттың өзге скважиналарынан су өздігінен құйылмауы мүмкін.
Скважинадан (құдықтан) суды тарта бастағанға дейінгі деңгей статикалық, ал скважинаны пайдалану барысындағы деңгей динамикалық деңгей деп аталады.Динамикалық деңгей алынатын судың шамасына байланысты. Неғұрлым скважинадан су молырақ алынса, ондағы судың деңгейі соғұрлым төменірек болады. Деңгей 1 м төмендегенде артезиан құдығы суының мөлшері меншікті дебит деп аталады.Әр скважинаның меншікті дебиті түрліше келеді. Артезиан құдығындағы меншікті дебит мыналарға байланысты болуы мүмкін:
Сулы пластың қалыңдығы;
Сулы пластағы судың қозғалу жағдайлары;
Артезиандық сулы горизонттың қоректену аймағының су алынып жатқан орыннан жатыс биіктігі;
Артезиан алабы көбіне бір-бірінің қабат тәріздене орналасқан сулы пластардың серияларынан құралады. Сулы горизонттың әрқайсысы бір-бірінен су өткізбес қабатпен бөлінеді. Сулы горизонттар арыдарының өзара қатынасы алуан түрлі болады. Қоректену және арылу аймақтарындағы артезиан сулары грунт суларымен гидравликалық байланыста болуы мүмкін. Жер асты суларының осы екі типі деңгейлерінің өзара қатынасына байланысты артезиан сулары қорының шығыны, кейде толысуы байқалады. Егер артезиан суларының пьезометрлік деңгейі грунт суларының шарасынан жоғары орналасса, артезиан сулары грунт суларын, ал деңгейлердің арақатынасы керісінше болғанда, артезиан суларын грунт сулары қоректендіреді.
Артезиан сулары жердің батпақтануына себепші болады. Сулы пластығы арынының күшімен қозғалған су беткі су өткізбес жұқа жабыннан өтіп жоғары көтеріліп іркіледі де өсімдік тамыр жайған топырақ қабатын мол ылғалдандырады.
Сурет 12. Жерасты суларының балансының қалыптасу шарттарын бойынша алаптарды аймақтарға бөлу сызбасы.:
1 - өзендер; 2 - бұлақтар; 3 – су қабылдағыштар; 4 – елді мекендер; 5 – таулы аймақтар; 6 - Жерасты суларының қоректенуінің әртүрлі қалыптасу шарттарын бойынша аймақтар; 7 – кескін сызығы.
Арынды сулар беткі жабын жыныстардағы жыныстар арқылы еркін көтеріліп өсімдіктер тамыр жайған топырақ қабатына сіңгенде немесе тікелей жер бетіне шығып жайылған жағдайларда жердің батпақтануы анағұрлым жиі болады. Артезиан суларының химиялық құрамы сулы горизонттың жатыс тереңдігіне және оның қоректену аймағына байланысты. Қоректену аймағына таяу орындарда және жоғарғы таяз сулы горизонттардан әдетте тұщы, көбіне гидрокарбонатты, кальцийлі сулар орын алады.Төменгі пластарда су минералдылығы арта түседі, көбіне температурасы едәуір жоғары келеді.
Артезиан суларының халық шаруашылығындағы маңызы зор. Гигиенаның барлық аталптарына сай келетіндіктен, олар ауыз сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.
ОҚО барланған жерасты су кен орындарының көпшілігі, яғни - 43 жерасты су кен орыны артезиан алаптарына қарасты болады.
Кесте 2.
ОҚО артезиан алаптарына қарасты жерасты су кен орындары
Кен орынның атауы
|
Скважина саны, л/с
|
Скважина тереңдігі, м
|
Скважинаның сиымдылығы л/с
|
Пайдалану қоры, мың.м3
|
Бөген
|
155
|
200
|
55,1-65,2
|
302,4
|
Караспан
|
10
|
300
|
27,8
|
24
|
Солжалаулық
|
36
|
200-260
|
3,33
|
159
|
Манкент
|
10
|
200
|
2,5-5,8
|
216
|
Сарыагаш
|
45
|
800
|
5-20
|
1,464
|
Созақ
|
290
|
200-800
|
10-40
|
260,5
|
Суынбұлак- Ынтымақ
|
26
|
600
|
36,4
|
33,3
|
Талап
|
7
|
550
|
17,5
|
10,58
|
Тассай –Аксу
|
25
|
60-80
|
65,147
|
13,5-25,8
|
Шымкент
(Тамерлан)
|
15
|
50
|
10,1-13,9
|
864
|
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстандағы зерттелген артезианды жерасты суы кен орындары қанша және немен қоректенеді?
2. Жерасты суларының балансының қалыптасу шарттарын бойынша алаптарды аймақтарға қалай бөлінеді?
3. ОҚО барланған артезиан алаптарына қарасты жерасты су кен орындары?
4. Артезиан алабтарындағы жерасты суының кен орындары
5. Сулы горизонттың кәріздену немесе арылу аймағы деп нені айтады?
6. Су деңгейінің статикалық және динамикалық деңгей деген не?
Достарыңызбен бөлісу: |