Сурет 14. Тау алдындағы конусты ысырынды шөгінділердегі тұщы жерасты су кен орынының сызбасы.
1 — табиғи тау жыныстары; 2 - қиыршық-тасты сулы қалдықтар, 3- саздар, саздақтар; 4 — бастаулар; 5 — ағынның бағыты; 6 — өздігінен төгетін скважина. І—ІП — зоналар: I — қоректену, ІІ — сіңу және бөлшектеп жүктелу , ІІІ — қайта сіңу.
Көп жағдайларда тектоникалық жарықтар арынды жер асты суының пластық – саңылаулық немесе пластық – жарықшақтық сулы горизонттардың бірінен екіншісіне құйылатын жолдары болып табылады. Суының емдік мәні бар көптеген минералды және жылы бұлақтар жер қыртысының терең жарықтарынан шығады. Мұндай бұлақтар жер қыртысының жоғарғы зоналарында айналымда жүрген жер асты суларында кездеспейтін бірсыпыра элементтердің қосылыстарын еріген күйде жер бетіне алып шығады. Ресей аумағында жарықшақтық сулар Балтық және Украина кристалдық қалқандарында, Карпатта, Кавказ сыртында, Орта Азияның таулы бөлігінде кеңінен тараған және сумен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады.
ОҚО барланған жерасты суларының кен орнының көпшілігі, яғни 26 жерасты суы кен орны тау алдындағы конусты ысырынды шөгінділерде, тектоникалық жарықтарда жатады:
Кесте 4.
ОҚО тау алдындағы конусты ысырынды шөгінділерде және тектоникалық жарықтардағы жерасты суы кен орны
Кен орынның атауы
|
Скважина саны, л/с
|
Скважина тереңдігі, м
|
Скважинаның сиымдылығы л/с
|
Пайдалану қоры, мың.м3
|
Аққұм
|
11
|
70
|
1,4-17,3
|
16,4
|
Ванновка
|
3
|
100
|
35
|
15,07
|
Георгиевка
|
2
|
50
|
5-57,8
|
150
|
Георгиевка-Талапты
|
12
|
95-120
|
45
|
46,6
|
Жоңғарлы
|
88
|
240-400
|
37,5
|
802,6
|
Жіңішке
|
бұлақтар
|
|
|
11,8
|
Капал
|
2
|
45-50
|
30
|
19
|
Карашық
|
11
|
35
|
57-75
|
57,3
|
Мечурин
|
30
|
80
|
21,7
|
42,9
|
Түлкібас
|
2
|
150
|
25
|
8,7
|
Бақылау сұрақтары:
1. Тау алдындағы конусты ысырынды шөгінділердегі жерасты су кен орны.
2. Желілік сулар деп қандай суларды атайды және олардың түзілуіне не себепші болады?
3. Жарықшақтық сулар қандай аймақтарда кездеседі?
4. ОҚО барланған тау алдындағы конусты ысырынды шөгінділерде, тектоникалық жарықтарда жататын жерасты суы кен орындарын ата?
5. Тауарлық ойыстағы шөгінділердегі жерасты су кен орны.
6. Тауаралық ойыстағы шөгінділердегі жер асты сулары қандай суларға жатады?
7. Қазақстанда жер асты суының ірі қорлары болып саналатын артезиан алаптарын ата?
Достарыңызбен бөлісу: |