«жерасты суларын іздеу және барлау» пәнінен Практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау Шымкент, 2018



бет26/36
Дата25.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#104893
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
14 прак.сабақ. Өзен аңғарындағы қазіргі шөгінділерге жерасты суын пайдалану қорын есептеу
1. Тауарлық ойыстағы шөгінділердегі жерасты су кен орны

2. ОҚО тауарлық шөгінділердегі жерасты су кен орны


1. Жарықшақтық – қабаттық жер асты сулары Маңғыстаудың таулы бөлігіндегі, Мұғалжардағы, Сарыарқадағы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстандағы шағын құрылымдарды құраушы, палеозой мен төменгі мезозойдың әлсіз цеметтелген терригендік және карбонаттық жыныстарының қат – қабаттарында қалыптасады. Жер бетінде бұлақтар түрінде кездеседі, не тайыз ұңғымалармен (су шығымы 5 л/сек дейін) шығарылады. Карстық құбылыс молынан дамығанәктасты қабаттардағы бұлақтардың су шығымы кейде 10-35 л/сек жетеді. Жезқазған – Ұлытау ауданы мен Үлкен Қаратаудағы (Мырғалымсай, Келтемашат т.б.) кен қазбалары мен ұңғымаларға жарықшақтық – қабаттық су көп жиналады. Жарықшақтық және жарықшақтық – қабаттық сулар молаюдың қолайлы жағдайларында едәуір су қорын жинайды. Таулы өңірлердің 860 мың км² аумағына 800м³/с немесе 25 км³/жыл жарықшақтық немесе жарықшақтық – қабаттық сулардың жиналатындығы анықталды. Оның 16 км³ жыл мөлшері Оңтүстік және Шығыс Қазақстан тауларының, 9 км³/жыл мөлшері Сарыарқа мен Батыс Қазақстанның биік жерлерінің үлесіне тиеді. Қабаттық жер асты сулары негізінен жазық аймақтардағы баяу цементтелген және цементтелмеген антропогеннен палеозойға дейінгі терригендік және карбонаттық жыныстардың қат – қабаттарынан орын алған. Қабаттық су жиналатын жыныстардың қалыңдығы өзен аңғарларында бірнеше метрге, биіктеу өңірлерде 0,5-1,5 км-ге, Шу, Сарысу, Арал маңы, Сырдария, Маңғыстау – Үстірт өңірлерінде 3-6 км-ге, Каспий ойпатында 10 – 23 км-ге жетеді. Сулы жыныстардың жоғарғы қабаттарында арынсыз грунт сулары, төменіректе арыны жоғары артезиан сулары қалыптасады. Тұщы және қышқылтым сулар өзен аңғарларында, эолдық құм алқаптарында, суайрықтық құмдық түзілімдерде және сонымен бірге Каспий ойпатының шығыс бөлігіндегі, Солтүстік Арал, Ортаңғы Маңғыстау, Сырдария, Шу – Сарысу, Іле, Ертіс маңы ойпаттарындағы бор шөгінділерінде, пермь – триас, юра, палеоген, неоген шөгінділері жиылған жекелеген телімдерінде бірнеше метр тереңдіктен 500 – 1000м (Іле ойысында 2700 м-ге дейін) тереңдіктерде кездеседі.

Минералдары 50 – 55 г/л тұздықтар Каспий ойпаты, Шу – Сарысу, Теңіз- Қорғалжын ойпатының төменгі горизонтарында, Маңғыстау мен Үстірттің едәуір бөлігінде, Солтүстік Қазақстанда кеңірек тараған. Жалпы қабаттық қоры 570 м³/с немесе 18 км³/жыл. Жылда табиғи жолмен жаңарып (орны қайта толып) отыратын қорларының шамасы 43 км/жылға тең. Осы қорлар негізінде жер асты суларының пайдалануға болатын әлеуеттік (потенциялдық) қоры 53 км/жылға жетеді. Мұның 16 км/жылдайы барланған. Қазақстандағы Алакөл артезиан алабы, Қызылқұм артезиан алабы, Маңғыстау артезиан алабы, Мойынқұм артезиан алабы, Солтүстік Қазақстан артезиан алабы, Сырдария артезиан алабы, Торғай артезиан алабы, Ұлытау артезиан алабы т.б. жер асты суының ірі қорлары саналады.

Тауаралық ойыстағы шөгінділердегі жер асты сулары негізінен жарықшақтық жер асты суларына жатады. Барлық берік тау жыныстары (атпа, метаморфтық, шөгінді) жарықтар жүйесімен тілінген болып келеді. Жарықтардың өлшемі, пішіні, кеңістіктегі орыны алуан түрлі.

Жер қыртысының жоғарғы бөлігінде түпкі берік жыныстардың үгілуі нәтижесінде өлшемдері едәуір келетін үгілу жарықтары пайда болады. Бұл жарықтардың тереңдігі ең пәрменді үгілу зонасының қалыңдығы бойынша анықталады. Әдете бұл шама бірнеше ондаған метрден аспайды. Физика – географиялық және геологиялық жағдайларға берік жыныстардың құрамына байланысты үгілу жарықтарын арынды және арынсыз жер асты сулары толтырады.

Эффузивтік жыныстардың суынуына байланысты дамитын жарықтардың өлшемі айтарлықтай үлкен болады. Осы жарықтарды бойлай грунт суларының қуатты тасқыны орналасады да, бірсыпыра орындарда тұма түрінде жер бетіне шығады. Лава тасқындарын жергілікті эрозиялық тор қуатты және тереңірек мүжіп тілімдеген орындарда осындай тұмаларды сумен қамтамасыз етуге кеңінен пайдаланады.

Жарықшақтық қабатаралық екі су өткізбес жыныс қабаттарының арасында жатқан берік шөгінді жыныстардың (құмтас, әктас) жарықтарынан орын алады. Жарықшақтық – пластық сулар көптеген тас көмір кендерінде, аумақты артезиан алаптарында кеңінен тараған.

Тектоникалық жарықтар едәуір мөлшердегі жер асты суларының тым жиі айналыс жолдары болып табылады. Лықсулардың бойындағы үйкеліс женттастары, жаншылып уатылған жыныстар зоналарының бойымен жер асты сулары еркін айналады. Жер қыртысының тектоникалық жарықтарындағы арынды суларды желілік сулар деп те атайды. Бұл сулар құрамы мен жасы түрліше келетін жыныстарды қуалай терең айналысқа түсетіндігімен сипатталады. Жарықтардағы арынды желілік сулар пластық арынды сулардан өзінің жатыс жағдайлары, ал кейде қысымының табиғаты бойынша ажыратылады. Өзен аңғарларының беткейлерін желілік сулар қиып өткенде қайнар пайда болады.

Арынды су көтерілетін жарықтың терңдігіне байланысты бұлақтардың режимі де түрліше болады. Жарық неғұрлым терең болған сайын, бұлақтың су шығыны соғұрлым тұрақты келеді. Жарық суларының арыны кейде жер қыртысының терең зоналарынан келетін газдың және су буларының қысымына байланысты болады. Соңғы жағдай температурасы 100° С-тан астам ыстық су жер бетіне атылып шыққан жағдайларда орын алады. Камчаткада, Исландияда, Жаңа Зеландияда т.б. жерлерде осындай ыстық су жер бетіне шығып жатады, ол суларды гейзерлер деп атайды.

Жарықтардың желілік сулары өзінің қозғалыс долында пластық – саңылаулық, пластық – жарықшақтық сулардың горизонттарын қиып өтуі мүмкін және олармен әсерлесе отырып, аралас сулардың түзілуіне себепші болады. Егер жарық суларының арыны пласт суларының арынынан жоғары болса, онда жарық сулары пласт суларын қоректендіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет