«жерасты суларын іздеу және барлау» пәнінен Практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау Шымкент, 2018



бет25/36
Дата25.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#104893
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
13 прак.сабақ. Артезиан алабындағы жер асты суын барлау жұмыстарының жобасы.
1 . Аудан бойынша шек қойылған құрылымдағы жерасты суы кен орындары.

2. ОҚО жарықшақты тау жыныстарындағы тектоникалық жараламдығы жерасты суы кен орындары.


1. Катпарлы облыстардың артезиан алаптары тау бәктерлері мен тау аралықтарынан орын алады, әдетте шағын аумақтарды камтиды. Бұл өңірлердің артезиан алаптарының ауданы шағын және орташа келеді. Таулы және қатпарлы облыстардың арын-ды сулары тау бөктерлері мен тауаралық аңғарлардың аумақтарында калыптасады.

Таулы жаймаларында (шлейфтерінде) жиылатын құмды киыршыктасты түзілімдердің тау баурайларынан алыстаған сайын нәзік туйірлі сазды шөгінділер кабаттары мен буркелуі осы теңіректердегі арынды сулардың қалыптасуына сесбепші болады. Осындай жағдайларда қалыптасатын артезиан алаптары әдетте шағын және орташа болып, айтарлықтай үлкен алаңдарды ала қоймайды. Осындай артезиан алаптары Кавказ сырты мен Орта Азияның таубөктерлік және тауаралық жазықта-рының аумақтарында тараған. Осы типті сулар елді мекендерді сумен камтамасыз етуге кеңінен пайдаланылады. Мысалы, Баку, Алматы сияқты қалалардың ісу құбырлары осы типтегі су-ларды тартады.

Аудандарды жер асты суының гидрогеологиялық және басқа да көрсеткіштер арқылы жіктегенде Оңтүстік өңірін аймақтар бойынша бөлген дұрыс болады. Тау жыныстарындағы тектоникалық жараламдығы жерасты суы кен орындарының келесі сипаттамалары бойынша ерекшелейді:

- сумен қамтамасыз ету көздерін әдетте елді мекеннен жоғары биіктікте орнатады, ол судың өздігінен ағып келуі, яғги суды тұтынушыларға берудің гравитациялық сызбасын қабылдау керек;

- судың сапасы көп жағдайда СанПиН талаптарына сәйкес болуы керек.

Кесте 3.


ОҚО тау жыныстарындағы тектоникалық жараламдығы жерасты суы кен орындары


Кен орынның атауы

Скважина саны, л/с

Скважина тереңдігі, м

Скважинаның сиымдылығы л/с

Пайдалану қоры, мың.м3

Бересек-Қантаған

7

170-280

107

73,9

Мырғалымай

бұлақтар







192

Туркістан

5

1200

6,8-52,9

0,28

Тассай

2

200

7,5

2,16

Үшбұлақ

1

250

50

15,3

Карстануға біршама қуатты түрде шалынған ізбестас, доломит, гипс, тас тұзы сияқты ерімтал тау жыныстарынан орын алған сулар карст сулары деп аталады. Бірақ карст дамуының ақырғы сатысында карстық жер асты сулары мен жер беті суларының арасындағы айырмашылық жойылып теңесе бастайды. Бұл теңесу, біріншіден, жыныстардың саңылаулары мен жарықтары арқылы өтіп кететін атмосфера жауын-шашынының, екіншіден қуыстар мен жолдарға ашық тұрған жарықтар мен ойыстар арқылы келіп құйылатын сулар есесінен жүреді. Карст каналдарына көбіне жер беті сулары (жылғалар, өзендер) құйылып кетеді. Карста су қозғалысының негізгі екі бағытын ажырату керек. Біріншісі – карст суларын қоректендіретін тік бағыттағы қозғалыс. Екіншісі – карст суларын жер бетіне шығаратын горизонталь бағытталған су қзғалысы. Карст сулары Қырымда, Кавказда, Оралда (Мұғалжар), Маңғыстау, Балтық бойында, Орта Азияда т.б. орындарда тараған.





Сурет 13. Орталық Қазахстандағы өзен аңғарындағы жарықшақты-карсты тау жыныстарындағы су кен орынның гидрогеологиялық кескіні.

1 — құмды саздақтар және тас аралас құмдар; 2 —қиыршық тас аралас ірі түйінді құмдар; 3 — жарықшақты әктас; 4 — статикалық деңгей; 5 — динамикалық деңгей; 6 — су мөлшері көп кездегі сулы горизонттың деңгейі; 7 — өзендегі судың деңгейі.

Тауаралық ойыстағы шөгінділерде карстық сулар да кеңінен тараған.

Карст тайыз және терең болып ажыратылады. Біршама жұқалау келген ізбестастар және карст пайда болуына бейім тау жыныстарында дамитын, карст суларының деңгейі онша терең болмайтын карстарды тайыз карстар деп атайды. Ізбестастардың аса қалың қабатында дамитын, карст суларының деңгейі едәуір тереңдікте кездесетін карсты терең карст деп атайды.

Карстар үлкен және кіші болып ажыратылады. Әуелгісі қатты жыныстарда (әктастар, гипстер), екіншісі борпылдақ жыныстарда (саз, лесс) дамиды. Өз кезегінше үлкен карст жабық және ашық болып бөлінеді. Әуелгісі платформаларға, екіншісі таулы аймақтарға тән келеді. Карстық сулардың жатыс тереңдігі карстанған аймақтың, жергілікті ағынды сулардың деңгейінен алғандағы салыстырмалы биіктік арқылы анықталады.

Карстық сулардың режиміне тәне келетін ерекшеліктер: 1) атмосфералық жауын-шашынмен әсерлі және тығыз байланыс; 2) су деңгейлері мен бұлақтар өнімінің (дебитінің) мүлде құрғап қалғанға дейінгі ауытқуларының зор амплитудасы; 3) оңай ластану мүмкіндігі (әсіресе органикалық заттар есебінен). Режимнің осы ерекшеліктері активті карст зонасында айналымда жүретін суларға тән келеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Аудан бойынша шек қойылған құрылымдағы жарықшақты-карсты тау жыныстарындағы тектоникалық жараламдығы жерасты суы кен орындары қалай қоректенеді?

2. Карст сулары деп қандай суларды аталады?

3. Карст сулары Қазақстанның қандай аймақтарына тараған?

4. Карстық сулардың режиміне тәне келетін қандай ерекшеліктер бар?

5. Аудан бойынша шек қойылған құрылымдағы жарықшақты тау жыныстарындағы тектоникалық жараламдығы жерасты суы кен орындары қандай аймақтарда орналасады?

6. Тау жыныстарындағы тектоникалық жараламдығы жерасты суы кен орындары қандай сипаттамалары бойынша ерекшелейді?

7. ОҚО барланған жарықшақты тау жыныстарындағы тектоникалық жараламдығы жерасты суы кен орындары?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет