«жерасты суларын іздеу және барлау» пәнінен Практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау Шымкент, 2018



бет23/36
Дата25.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#104893
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
11 прак.сабақ. Жер асты суларын ластанудан қорғау гидрогеологиялық есептер жүргізу
1 . Өзен аңғарындағы қазіргі шөгінділердегі жерасты суларының кен орындары.

2. Оңтүстік Қазақстандағы өзен аңғарындағы жер асты су кен орындары


Жазықта көбінесе сор болып келетін суы жоқ ойпаттар кездеседі, оларға көктемде еріген қар суы толады. Өзен аңғарлары мен салаларында жайылма және екі-үш жайылмалық террастар пайда болады.

Құм төбелер мен теңіз жағалауларының сулары әдетте жер бетіне жақын орналасады және жергілікті рельефтің бұдырын бұлжытпай қайталап отырады. Құм төбелердің шоғыры теңіз жағалауының ойдымды бөлігінде ені мен биіктігі түрліше келген танаптар түрінде орналасады. Мұндай танаптың ені кейде бірнеше километрге жетеді. Түскен жауын-шашынның сіңуі нәтижесінде құм төбелерде тұщы судын, жүқа қабаттары пайда болады. Жер бетінің рельефін қайталай отырып, құм төбелер астындағы судың денгейі көтеріледі. Қалқыма су типіндегі тұщы судан те-мен тығыз келген түзды теңіз суы орналасады. Сондыктан құдықтардан тұщы суды тым көбірек алганда (әсіресс жыл маусымының қуаң кезінде) құдыққа теңіз суы да келіп енеді. Құм төбелі аралдардың грунт суларын балықшылар ауыз суы ретінде пайдаланады.

Қабатаралық жер асты сулары жергілікті гидрогеографиялық тордың эрозия базисінен жоғарыда орналасқан біршама калың келген құмды пластардан орын алады. Арынсыз кабатаралық сулар негізінен сулы горизонттар жер бетіңе шығып жатқан өзен аңғарлары, сайлар, жыралар аркылы қоректенеді. Сулы горизонттың жер бетіне шыққан орындарында тұмалар пайда болады.



Сурет 11. Өзен аңғарындағы жерасты суларының кен орындарының сызбасы. 1 — граниттер; 2 — әктастар; "3 — құмдар, құмайттар; 4 — саздар, алевролиттер; 5 — делювиаль­ды супестер; 6 — аллювиальды қиыршық тасты қалдықтар; 7 —жерасты суының деңгейі.

Көне аңғарлардың артезиан алабы – арынды жер асты суы таралған алқап. Бұлардағы су жер астындағы көне аңғарлардың терең ойпаңдарына жиналған және үсті су өткізбейтін тау жыныстарымен (саз, т.б.) көмкерілген. Көне аңғарлардың артезиан алаптары Сарыарқада кеңінен тараған (Нұра, Сарысу, Шерубайнұра, Тоқырау, Жәмші, т.б. өзендердің көне аңғарлары). Олар палеозойдың жартастық жыныстарында орын алған палеогеннің құм аралас қиыршықтас, құм шөгінділерінде қалыптасқан, үсті неогендік әр түсті, қалыңд. 40 – 50 м-ге дейін саз қабаттарымен жабылған. Белгілі бір көне аңғардың ұзына бойы қимасында біртұтас артезиан алабы немесе аңғар арнасының эрозиялық терең ойпаттарында тұйықталған, бір-бірімен гидравлик. жағынан байланысты бірнеше жеке артезиан алаптарының қалыптасуы мүмкін. Көлденең қимасында алаптың құрылысы төбесі көмілген аңғар арнасының су ағарында конус тәрізді немесе түбі жайпақ, кемері тік астау пішіндес. Арынды су қабатының қалыңд. 3 – 5 м-ден 20 – 30 м-ге дейін өзгереді, ең қалың жері арна маңы бөлігінде: ені орташа есеппен 3 – 5 км, аңғардың кеңірек учаскелерінде 10 – 12 км-ге дейін артады. Арынды сулар, әдетте, 20 м-ден 80 – 90 м-ге дейін, орташа есеппен 30 – 50 м тереңдікте жатады. Су өткізбейтін жамылғылары жоқ жерлерде (оны қазіргі бар өзендер шайып кетуі салдарынан) артезиан сулары қазіргі аңғарлардың жоғары деңгейлерімен түйісіп, бірыңғай арынды-арынсыз су жүйесін құрайды. Ұңғымалардан шыққан судың өнімд. секундына 3 – 15 л-ге дейін, ірі алаптарда 30 – 40 л-ге дейін жетеді. Жер асты суларының минералд. 1 – 2 г/л, алаптың төм. ағысында 3 – 5 г/л-ге дейін артады. Судың хим. құрамы хлоритті-сульфатты, гидрокарбонатты-хлоритті-натрийлі және кальцийлі. Көне аңғардың сулары жарықшақтардағы сулардың құйылуы, тектоник. жарылым аймақтарындағы жеке учаскелердегі жер асты суларының сүзілуі, жауын-шашын суларының жерге сіңуі есебінен қоректеніп толығады. Көне аңғарлардың артезиан алабындағы жер асты сулары елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуде, өнеркәсіп салаларын, а. ш-н сумен жабдықтауда кеңінен пайдаланылады.


Кесте 1.

Оңтүстік Қазақстанда зерттелген өзен аңғарындағы қазіргі және көмбе шөгінділердегі жерасты суларының кен орындары.




Кен орынның атауы

Скважина саны, л/с

Скважина тереңдігі, м

Скважинаның сиымдылығы л/с

Пайдалану қоры, мың.м3

Абай

12

20-50

50

103,6

Акмай

25

100

20

86,4

Александровка

2

50

4,3-12,5

32,31

Арыс

6

22

33,4

34,58

Бадам-Сайрам

19

50

80

692

Жоғарғы – Келес

39

17-250

4,5-15

64

Ашжайлау

27

230-300

22-30

76,5

Жосалы

2

80

17,4

1,5

Ленгер










4,3

Төменгі Торғай

5

30

30

26

Састөбе

13

37-170

28-100

49,1

Темірлан

3

15

45

38,85

Шардара

25

30-100

11-26

90,4

Бақылау сұрақтары:

1 Өзен аңғарындағы көне шөгінділерде жерасты сулары қалай қалыптасады?

2.Өзен аңғарындағы көне шөгінділердегі жерасты суларының кен орындары қалай қоректенеді?

3. Оңтүстік Қазақстанда зерттелген өзен аңғарындағы қазіргі және көмбе шөгінділердегі жерасты суларының кен орындары
4. Өзен аңғарындағы шөгінділерде жерасты сулары қалай қалыптасады?

5. Өзен аңғарындағы қазіргі шөгінділердегі жерасты суларының кен орындары қалай қоректенеді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет