1. Психологиядағы тұлғааралық қабылдау (перцепция) түсінігі
Психологияда қарым-қатынастың үш жағы сипатталады: коммуникативтік (ақпарат алмасу), интерактивтік (әрекет алмасу) және перцептивтік (түсіну және қабылдау).
Қарым-қатынастың перцептивтік жағы (латын тілінен «perceptio» - қабылдау) - күнделікті қарым-қатынас жағдайында адамдардың өзара әрекеттесуі кезінде пайда болатын адамның адамды түсінуі мен қабылдауын қарастыратын процесс.
Психологиялық тұрғыдан қарым-қатынастың перцептивтік жағы басқа тұлғаны қабылдау, басқа адамның қасиеттерін түсіну деп саналады.
Әлеуметтік қабылдау - бұл қоршаған орта объектілерін (адамдар, қауымдастықтар, топтар) түсінуді, бағалауды қалыптастыратын күрделі процесс.