90
Кесінділердің
ұзындығын өлшеп, дәптеріңдегі кестеге жаз. Алынған
өлшемдерді өз болжамыңмен салыстыр».
– Басқа тапсырма бойынша оқулықта жағдаяттар ұсынылған. Оқушы осы
суреттер мазмұны бойынша ақиқат пікірлерді құрастыруы тиіс.
Танымдық ӘОӘ бағытталып ұсынылған тапсырмалар:
1)Белгі-символдық модельдеу
– Оқушылар табиғат тазалығын сақтау үшін сыныптастар, туыстар,
достарының қандай іс-әрекет атқаруға дайын екендігі туралы сауалнама
жүргізеді. Сауалнама нәтижесі бойынша диаграмма құрады.
– Ауа мен топырақтың негізгі ластану көздерін атайды. Мәліметтерді
пайдаланып (15
зиянды
қалдықтар, 32
көлік, 13
тамақ қалдықтары, 40
пластик, 15
ауыр металл, 22
кен өндіруші өнеркәсіп), бағаналық диаграмма
құрайды.
2)Білімді құрылымдау
– Оқушылар практикалық жұмыс орындайды. Алдымен бесбұрыш жасау
үшін қағаздан ені 3см жолақ қиып алады. Оны түйіндеп байлайды. Оқушы егер
қатты тартып байлайтын болса, бесбұрыш пайда болады.
– Эйлер дөңгелегін дәптерлеріне салады. Эйлер дөңгелегіне нысандар
жиынын белгілейді. Эйлер дөңгелектері неліктен бұлай орналасқанын
түсіндіреді.
Оқушы осылайша тақырып бойынша білімді құрылымдайды.
3)Мәселені шешудің жолдарын дербес ұсынуы
– Оқушылар суретте берілген ақпарат негізінде үш түрлі тағамнан түскі ас
ішудің қандай нұсқалары бар екенін анықтайды. Мүкіндіктер
тармағының
нсқаларын құрып, теңгемен ең арзан және ең қымбат түскі ас мәзірін
анықтайды.
– Оқулықтағы Арал теңізінің ауданының кемуі туралы мәліметке қарап,
есеп құрастырады.
4) Қажетті ақпаратты табу және белгілеу
– Оқушылар оқулықта берілген шартты белгілерге назар аударады.
Дәптерлеріне әр қала атауының тұсына тұрғындар санын жазады.
– Қазақстан аумағынан ағып өтетін өзендердің ұзындығын салыстырады.
Олардың арасынан ең ұзын өзендерді атайды. Өзендердің жалпы ұзындығын
жүз километрге дейін дөңгелектейді. Шыққан сандарды жазады.
Коммуникативтік ӘОӘ бағытталып ұсынылған тапсырмалар:
1
) Сұрақтар құрастыру
– Оқулықта атмосфераның ластану деңгейі көрсетілген диаграмма
берілген. Оқушылар диаграмманы бақылап, ол
бойынша сыныптастарына
қоятын сұрақтар құрастырады.
– Қазақстан мектептерінде бір сабақ 40 минутқа созылады. Оқушылар 4-
сыныптың сабақ кестесіне қарайды. Балалар аптасына неше сағат математика
мен қазақ тілін оқитындықтарын анықтайды. Кесте бойынша сұрақтар мен
есептер құрастырады.
2) Өз пікірін білдіру және дәлелдеу
91
– Оқушылар «Жер сілкінісі кезінде ....» деген сөздермен өз пікірін
құрастырады. Оқулықта берілген суреттерді басшылыққа алады.
– Оқушылардан Бурабай туралы аңыз желісінде ұсынылған суретке қарап,
оған қарағанда нені естеріне түсіретіндігі жөнінде пікірін білдіру сұралады.
– «Картадағы масштаб бойынша 1 см
аймақтың 4 километріне сәйкес
келеді. Картадағы екі қаланың арақашықтығы 8 см-ге тең. Осы қалалардың
арақашықтығы қанша километр болады?».
Оқушылар дұрыс жауапты таңдап,
өз пікірін дәлелдейді.
Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған «Математика»
оқулығын талдау барысында метапәндік нәтижелерді қалыптастырушы
әмбебап оқу әрекеттерін жүзеге асыратын тапсырмалар толыққанды
қамтылмағандығын анықтадық. Нақтырақ айтатын болсақ, математика
оқулығында танымдық әрекетке ұсынылған оқу тапсырмаларының жүйелі
құрастырылғанын байқадық. Біз зерттеуімізге осы оқулықтан оқу
тапсырмасының мазмұндық ерекшелігін үлгі ретінде алуға тырыстық.
Танымдық ӘОӘ-ге бағытталып әзірленген тапсырмалар жүйесін
қажетті
ақпаратты табу және белгілеу, мәселені шешудің жолдарын дербес ұсыну,
білімді құрылымдау, белгі-символдық модельдеу сипатындағы тапсырмалар
құрайды. Дегенмен де мәселені тұжырымдау секілді танымдық ӘОӘ-де
қарастырылған тапсырманы кездестіре алмадық.
Коммуникативтік ӘОӘ-ні ұйымдастырушы
тапсырмалар мазмұнын
сұрақтар құрастыру, оқушының белгілі бір мәселе төңірегінде өз ойын білдіруі
қамтиды. Дегенмен оқулықта оқушылардың берілген мәселелерді шешу,
сыныптасының әрекетін бақылау, бағалау, түзету, оқу ынтымақтастығын
жоспарлау секілді әрекеттерді жүзеге асыру көзделмеген.
Бұл Математика оқулығында оқушылардың тұлғалық ӘОӘ-не бағытталып
әзірленген оқу тапсырмалары оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқу
мотивтерінің дамуын жүзеге асырып, олардың адамгершілік сапаларының
дамуына септігін тигізетіні сөзсіз. Өкінішке орай, тұлғалық
ӘОӘ-ге бағытталып
ұсынылған тапсырмаларды оқулықтан кездестіре алмадық.
Реттеуші ӘОӘ орындауға ұсынылған тапсырмалар бақылау және болжам
жасау сипатында ұсынылып отыр. Стандартты емес тапсырмаларды орындау,
есепті шешудің жаңа тәсілдерін іздестіру секілді қиындықтарды шешуге
даярлығын дамыту тапсырмаларын ұсынған жөн деп есептейміз.
Қорыта келе, арнайы жүргізілген талдау барысы бастауыш сынып
оқушыларына арналған оқулықтарда оқушылардың әмбебап оқу әрекеттерін
жүзеге асыратын оқу тапсырмаларының жүйелі берілмегендігі анықталды. Ол
оқулықтар жүйесімен бастауыш сынып оқушыларының метапәндік
нәтижелерін қалыптастыруға тірек бола алмайды.
Бұл мәселе бізге арнайы
метапәндік нәтижелерді қалыптастырушы әмбебап оқу әрекеттерін жүзеге
асыратын оқу тапсырмалары жүйесін әзірлеуді міндеттеді, оның мазмұны мен
құрылымы келесі 3-тарауда толыққанды сипатталады.