К. Д. Бузаубакова


«оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік)



Pdf көрінісі
бет138/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

«оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) 
белсенділігі» 
сипаттамасының көрсеткіштері: қоғамдық міндеті бар сынып 
оқушыларының пайызы; өз бастамасы бойынша қоғамдық міндеті бар сынып 
оқушыларының пайызы; міндеттердің сипаты (оқу, оқудан тыс, сыныптық
мектептік, т.б.); есеп беру түрі және есеп беруді кім қабылдайтыны. Тәжірибе 
көрсеткеніндей, қоғамдық белсенділік жоғары болған сайын оқушылар 
ұжымының қалыптасу деңгейі де, «үлгерім» сипаттамасының барлық 
көрсеткіштері де жоғары болады.
Педагогикалық 
процестің 
«оқушылар 
отбасының 
әлеуметтік-
психологиялық портреті»
сипаттамасының көрсеткіштері: отбасы құрамы 
(толық, толық емес); ата-аналардың мамандығы, қоғамдық жағдайы, қызығуы; 
толық емес отбасынан шыққан оқушылар пайызы; сыныптың, мектептің 
қоғамдық өміріне қатысатын ата-аналар пайызы; өз қалауымен, өз 
бастамасымен мектепке келіп тұратын ата-аналар пайызы. 
Мұғалім осы мағлұматтың бәрін білуі тиіс, өйткені мектептің 
педагогикалық ұжымы отбасының педагогикалық процесімен өзара тығыз 
байланысты. Мектеп пен отбасының тәрбиелік мақсаттары сәйкес келеді, 
себебі, отбасы – қоғамның кішкентай ұясы, бірақ отбасы мен мектептің 
міндеттері үнемі үйлесе бермейді, оның үстіне, ата-аналардың бәрінің 
мамандығы педагог болмауы мүмкін. Сондықтан, мектептің педагогикалық 
процесі отбасының педагогикалық процесіне оң ықпал етуі қажет. Аталған 
сипаттаманың жоғарыдағы барлық көрсеткіштері бойынша жағымды нәтиже 
алынған болса, сол отбасының жағдайын да жағымды деп есептеу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет