Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет28/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)

Ферментативті қасиеті. Стрептококктар қант ыдырату қабілетті. Олар глюкозаны, лактозаны, сахарозаны, мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады. Ақуыз ыдырату қабілеті нашар білінеді. Олар сүтті ұйытады, желатинді ерітпейді.
Токсин түзуі. Стрептококктар экзотоксин түзеді.
1. стрептозилин- эритроциттерді бұзады.
2. лейкоцидин- лейкоциттерді бұзады.
3. эритрогенді токсин- скарлатинаның клиникалық белгілерін құрайды: әлсіздік, тамыр реакциялары, бөртпе, т.б.
4. цитотоксин- гломерулонефрит туғызады.


Антигендік құрылымы және классификациясы.

Стрептококктарда әртүрлі антигендер анықталған.


1. Түрлік антиген- клетка цитоплазмасында – барлық стрептококктарға тән.
2. Типтік антиген- клетка қабырғасынын үстінде орналасқан.
3. Топтық антиген- полисахаридті жасуша қабырғасында орналасқан.
Стрептококктар латын әріптерімен белгіленген бірнеше топқа бөлінеді:
А, В, С, Д, т.б.
Сонымен қатар араб цифрларымен белгіленген серологиялық типтерге бөлінеді:
А - тобы – 70 типті құрайды- бұлар адамдарда әртүрлі ауру тудыратын стрептококктар.
В – тобы – шартты- патогенді стрептококктар.
С – тобы – адамдар мен жануарларға патогенді стрептококктар.
Д – тобы – адамдарға патогенді емес стрептококктар, сонымен қатар адам мен жануарлардың ішегін мекендейтін энтерококктар да жатады, олар басқа мүшелерге түскенде ауру қоздырады: холецистит, пиелит, т.б.
Серологиялық топты анықтау үшін қансарысу тобымен преципитация реакциясы қолданылады.
Серологиялық типін анықтау үшін арнайы типтік қансарысуы мен агглютинация реакциясы қолданылады.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Қоршаған ортада стрептококктар тұрақты, 60 градус температурада 30 минуттан кейін өледі. Кептірілген ірің мен қақырықта олар айлар бойы сақталады. Дезинфекциялаушы ерітінділерде 15- 20 минуттан кейін өледі. Энтерококктар тұрақтылау, олар дезинфекциялаушы ерітінділерде 50 – 60 минуттан кейін өледі.
Жануарлардың қабылдаушылығы. Патогенді стрептококктарға ірі қаралар, жылқылар, иттер, құстар сезімтал келеді.
Лабораториялық жануарлардан кроликтер мен ақ тышқандар сезімтал болады.
Инфекция көзі. Адамдар (ауру және тасымалдаушылар) кейде жануарлармен инфекцияланған тамақтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет